Добавлен: 07.02.2019
Просмотров: 2629
Скачиваний: 15
- Заңды некеге құқығы жоқ тұлғалардың некесі.
- Куйману- күйеуінің билігі бар неке.
- Синеману- әйелі өз әкесіне бағынышты болатын неке.
- Конкубинат- ері мен әйелінің тұрақты бірге тұруы.
Некеге тұруға талаптар:
- Күйеу жігіт пен қалындықтың келісімі.
- Некеге тұру жасына жету: ерлер үшін он төрт жас,әйелдер үшін он екі жас.
- Некеге тұратын адамдарға бір мезгілде екінші некеге тұруға тиым салынуы.
- Заңды некеге тұруға құқылы тұлғалар болуы.
- Провинциядағы магистраттың сол провинцияның азаматымен некеге тұруға тиым салынуы.
Некенің тоқтатылуы:
- Жұбайдың біреуінің қайтыс болуы.
- Жұбайдың біреуінің бостандығының жойылуы.
- Ажырасу- жұбайлардың екеуінің келісімімен немесе бір жақты талап бойынша.
6-тақырып
Тезис
Ежелгі Римде ата-аналар мен балалардың жеке құқықтары мен міндеттері Рим тарихының әр кезеңінде әр түрлі болды.Ежелгі кезде әке билігі шексіз болғанымен,кейін бұл билік жұмсарды.Әкесі тек үйдегі жаза шараларын қолдануға құқылы болды, ал балалары ата –аналарын құрметтеуге міндетті болды.Ата-аналарына қарсы талап қоюға, олардың келісімінсіз некеге тұруға тиым салынды. Ата-аналары мен балалары қажетті жағдайда өзара алимент беруге міндетті болды.
Әке билігі баланың туылуы немесе баланы асырап алғаннан пайда болды. Конкубинат некесінде бала заңдастырылғаннан кейін әке билігі пайда болды. Әке билігіндегі баланың мүліктік жағдайы шектеулі болды.Баланың мүлігі әкенің мүлігіне түсетін болды. Әке билігіндегі бала құқық бұзушылық жасағанда әкесі баласы үшін зиянды төлеп беруге немесе оны уақытша құлдыққа беруге құқылы болды. Кейін әкесі бағынышты баласына немесе құлына бөлек мүлік үлесін беретін болды. Мұндай мүлікті пекулий деп атады.
Пекулий деп- меншік құқығы үй иесінде қалып, бағынышты тұлғаға тек пайдалану мен билік етуге беретін мүлікті айтады. Пекулий берілген адам қайтыс болғанда, ол қайтадан үй иесіне қайтарылады. Ал баласы әке билігімен болғанда әкесі мүлікті қайтаруды талап етпесе, ол мүлік баласында қалады. Пекулий бөлгеннен бастап бір отбасы мүшелерінің арасында міндеттеме алу мүлкі болатын болды, бірақ ол талап-арызбен қорғалған жоқ. Уақыт өте келе пекулийдің басқа түрлері пайда болды,ол азаматтық айналымның дамуына әсерін тигізді.
Әскери пекулий дегеніміз- өзінің меншік құқығына байланысты, әскери қызметіне байланысты алған мүліктері болып табылады.
Әке билігінің тоқтатылуы:
- Үй иесінің және бағынышты адамның қайтыс болуы.
- Үй иесінің және бағынышты адамның бостандығын немесе азаматтығын жоғалтуы.
- Үй иесін әке билігі құқығынан айыру.
- Бағынышты адамның құрметті атақтар алуы.
- Эманцепация- үй иесі мен бағынышты адам келісімімен сот шешімі негізінде тәуелсіздік алуы.
7-тақырып
Тезис
Рим құқығының классикалық кезеңінде заттар туралы түсінік пайда болды. Рим құқығы бойынша мүлік дегеніміз- адам оны сатып алуына және мұраға алуына байланыссыз бір адамға тиесілі барлық заттар болып табылады.Барлық заттарды денелі және денесіз деп бөлді. Денелі заттар деп- көріп ұстауға болатын заттарды айтады. Денесіз заттар деп- көруге,ұстауға болмайтын заттарды айтады.
Заттарды жіктеу:
- Жылжитын және жылжымайтын заттар.
- Айналымдағы және айналымнан алынған заттар.
- Манупацияланатын және манупацияланбайтын заттар.
- Бөлінетін және бөлінбейтін заттар.
- Тұтынылатын және тұтынылмайтын заттар.
- Топтық және жеке заттар.
- Жәй және күрделі заттар.
- Басты және қосымша заттар.
Заттарға құқықтың түрлері:
- Иелену.
- Меншік құқығы.
- Басқа біреудің затына құқық.
8-тақырып
Тезис
Рим құқығында иеленуді пайдалану мен одан жемістер алу мағынасын көрсететін узуфруктус терминімен белгіледі. Ол үй иесінің нақты және толық үстемдігін көрсетті.Рим заңгерлері иеленудің екі элементін ажыратты:
- субъективті- затты өзі иеленуге еркі болуы.
- объективті- затқа нақты үстемдік.
Иеленудің түрлері:
- Цивильдік иелену.
- Өкілдік иелену.
- Преторлық иелену.
- Секвестордық иелену.
- Заңды және заңсыз.
- Алғашқы және туынды.
Иеленуді беру үшін келесі талаптарды орындау керек:
- Жылжитын мүлікте оны алушының үйіне әкелуі немесе онда сақтауда тұруы керек.
- Жылжымайтын мүлікте екінші иеленушіге толық материалдық иелігіне көшу керек.
- Алдыңғы иеленушінің келісімімен өзі иеленуші бола алады.
Иеленудің тоқтатылуы:-
- Өз еркінсіз иелікті жоғалту.
- Иеленушінің қайтыс болуы.
- Басқа адам арқылы жүзеге асырылатын иеленудің жойылуы.
Иеленуді қорғау претордың интердиктілері арқылы жүргізілді.Оның түрлері:
- Сол кездегі иеленуді сақтап қалуға бағытталған интердиктілер.
- Күштеп және жасырын түрде жойылған иеленуді қайтару туралы интердиктілер.
- Иеленуді алғашқы рет белгілеу туралы интердиктілер.
9-тақырып
Тезис
Заттық құқық: түсінігі, пайда болу негіздері.
Заттық құқық дегеніміз – шаруашылық билігіндегі мүлікке заңды өкілеттігі бар адамдардың тікелей билік етуі арқылы өз мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған субьективтік құқығы.
Меншік құқығына ие болу қарастырылған, ол ҚР-ң АК-не сәйкес заңдық факторлар негізінде жүзеге асырылады.
Меншік құқығын алу:
-
Бастапқы;
-
Туынды,- деп бөлеміз.
Салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға, өзге де мүліктік кешендеріне, сондай-ақ өзге де жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған кезден бастап пайда болады.
Егер заң құжаттарында немесе шартта құрылысы аяқталған обьектілерді қабылдап алу көзделген болса, онда тиісті мүлікті жасау осылайша қабылдап алынған кезден бастап аяқталған болып есептелінеді.
Қозғалмайтын мүлік мемлекеттік тіркелуге тиіс реттерде, оған меншік құқығы осылайша тіркелген кезден бастап пайда болады.
Қозғалмайтын мүлікті жасау аяқталғанға дейін, ал-тиісті жағдайларда – оны мемлекеттік тіркеуден өткізгенге дейін мүлікке қозғалмайтын мүлік жасалатын материалдармен басқа мүлікке меншік құқығы туралы ережелер қолданылады.
Шарт бойынша мүлік алушының меншік құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берілген кезден бастап пайда болады.
Егер мүлікті иеліктен айыру туралы шарт мемлекеттік тіркеуге немесе нотариялдық куәландыруға жататын болса, алушының меншік құқығы тіркелген немесе нотариат куәландырған кезден бастап, ал шартта нотариаттң куәландыруы да, мемлекеттік тіркеу де қажет болған жағдайда ол тіркелген кезден бастап пайда болады.
Ақы өндіріліп алынатын мүлікке басқа тұлға меншік құқығы заңдарда көзделген тәртіп бойынша меншік құықғы көшетін адамның алып қойылған мүлікке меншік құқығы пайда болған кезден бастап тоқтатылады.
Меншік иесі емес адамның заттық құқықтары Азаматтық Кодекстің 249-257-баптарында көзделген ережелер бойынша, сондай-ақ заң құжаттарында, заңды тұлғаның жарғысында немесе меншік иесінің мүлік иесімен жасасқан шартында белгіленген тәртіп бойынша меншік иесінің шешімімен тоқтатылады.
10-тақырып
Тезис
Рим құқығы бойынша меншіктегі затты иесі өз қалауынша пайдаланып, билік ете алды. Меншік деп- тұлғаның затқа шексіз және ерекше құқықтық үстемдігін айтты. Юстиниан құқығында да меншік мүлікке толық билік болып белгіленді.
Меншік түрлері:
- Квириттік меншік.
- Перегриндер меншігі.
- Провинциалдық меншік.
- Бонитарлық меншік.
Меншік құқығын алу әдістері:
- Шарттар және мәміле жасау.
- Өсиет бойынша мұрагерлік.
- Заң бойынша мұрагерлік.
Шарт бойынша меншік құқығын алу түрлері:
- Манципация.
- Сот процесі.
- Традиция.
Меншік құқығын алу әдістері:
- Спецификация.
- Акупация.
- Көмбе.
- Иелену көнелігі.
Меншік құқығын қорғаудың түрлері:
- Виндикациялық талап.
- Негаторлық талап.
- Публициандық талап.
11-тақырып.
Тезис
Басқа біреудің мүлігіне құқықтың түрлері:
- Сервитут.
- Суперфицы.
- Эмфитевзис.
Сервитут деп- басқа біреудің затын шектеулі түрде пайдалана тұру құқығын айтты. Сервитут белгілі бір жер учаскесін пайдаланғанда табыс табу үшін қолданылады.
Сервитуттың түрлері:
- Жер сервитуты.
- Узуфрукт.
- Узус.
- Хабитация.
Сервитуттың пайда болу жолдары:
- Сот процесі арқылы.
- Иелену көнелігі бойынша.
- Ортақ мүлікті бөлгенде.
- Мұрагерлік бойынша.
Сервитуттың тоқтатылуы:
- Процессуалдық түрде өз құқығын беруге бас тарту арқылы.
- Мерзімнің бітуіне байланысты.
- Қызмет етуші участоктың иесі көрші участокпен меншік құқығын алса.
- Жеке сервитуттар.
Суперфицы дегеніміз- ұзақ уақыт бойы басқа біреудің жерінде тұрғызылған құрылыста пайдалану құқығы болып табылады.
Эмфитевзис дегеніміз- мемлекеттік қордың шіркеу және жеке жерлердің ауыл шаруашылық жолдармен өңдеу үшін берілген құқық болып табылады.
Эмфитевзистің тоқтатылуы:
- Оған зиян келтіргенде.
- Үш жыл бойы салық төлемегенде.
12-тақырып
Тезис
Міндеттемелік құқық. Міндеттеме түсінігі, түрлері, пайда болу негіздері
Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті.
Міндеттемеде оның әр тарабы – несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде заңға сәйкес үлесті, ынтымақты немесе жәрдем берушілік міндеттеме пайда болады.
Борышқор жағынан міндеттемеге қатысушы адамдардың бірнеше несие беруші қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзімінің өтіп кетуі несие берушінің өзге де осындай адамдарға қоятын талаптарына өздігінен әсер етпейді.
Егер міндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптардың пайдасына міндет алса, бұл оның пайдасына жасауға міндетті басқа тараптың борышқоры және сонымен бірге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушісі болып есептелінеді.
Міндеттемелер:
-
Заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;
-
Заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;
-
Азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімінен;
-
Азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан,
-
Заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан және басқа да салдардан пайда болады.
13-тақырып.
Тезис
Міндеттемені орындау, адамдардың ауыстырылуы және міндеттемені тоқтату.
Міндеттеме - міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда іскерлік қызымет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс.
Міндеттеме негізінде несие берушіге тиесілі құқықтың (талап етудің) ол мәміле (талап етуді беру) бойынша басқа адамға берілуі немесе ол құқық заң құжатының негізінде басқа адамға ауыстырылуы мүмкін.
Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы жөніндегі ережелер регресті талаптарға қолданылмайды.
Несие берушінің құқықтарының басқа адамға ауысуы үшін, егер заң құжаттарында немесе шарттарда өзгеше көзделмесе, борышқордың келісімі талап етілмейді.
-
Міндеттеме орындалса,
-
талаптан бас тарту төлемі төленсе,
-
орышты есепке жатқызылса,
-
жаңғыртылса,
-
борышты кешіру арқылы борышқор мен несие беруші бір тұлға болса,
-
орындауға мүмкіндік болмаса,
-
мемлекеттік органның құжаты шығарылса,
-
азамат қайтыс болса,
-
заңды тұлға таратылса,- толық немесе ішінара тоқтатылады.
Міндеттемені тараптардың біреуінің талабы бойынша тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана тоқтатылуға жол беріледі.
Заңдар мен шартта міндеттемені тоқтатудың басқа да негіздері көзделуі мүмкін.
14-тақырып
Тезис
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері
Міндеттемені орындау:
-
заңдарда немесе шартта көзделген айып төлету,
-
кепіл,
-
борышқордың мүлкін алып қалу,
-
аманат,
-
кепілдік,
-
кепілпұл,
-
және басқа да әдістер арқылы қамтамассыз етілуі мүмкін.
Міндеттемені қамтамассыз ету туралы келісімнің жарамсыздығы бұл міндеттеменің (негізгі міндеттеменің) жарамсыздығына әкеліп соқтырмайды.
15-тақырып
Тезис
Шарт туралы жалпы ережелер
Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.
Шарт екі жақты немесе көп жақты болып жасалуы да мүмкін.
Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастар туындауы мүмкін.
Азаматтар мен заңды тұлғалар шарт жасауғаерікті.
Шарт жасау кезінде заңда көрсетілген нақты мәмелелерін қоспағанда, шарт тараптардың өз қалаулары бойынша жасалуы мүмкін.
Шарт бойынша тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы лауы немесе бір-біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып саналады.
Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсесіз қызмет көрсетсе онда ол ақысыз шарт болып есептеледі.
Шарттардың мерзімінде тараптар өзара келісе отырып белгілейді, тек тараптардың келісімі заң негіздеріне қайшылық туғызбауы тиіс.
Тараптар шарт жасасқан кезден бастап шарт өз күшіне енеді және ол тараптар үшін міндетті болып табылады. Және шарттың көрсетілген мерзімі аяқталған кезде шарт тоқтатылады.
Шарт жасау кезінде тараптар ерікті түрде өз кеісімдерімен келісе отырып жүзеге асырады, ал егер шарт жасасқаннан кейін тараптар арасында дау туындаған болса және ол дауды тараптар өзара келісіммен шеше алмаса, онда сот арқылы шешіледі. Сонымен қоса шарт жасасқан кезде шартқа байланысты қолайсыздықтар туындаса тараптар алдын ала бір-біріне ескертуге міндетті. Шарт жасау барысында тараптар бір-бірінің алдында құқықтар мен міндеттерге ие болады және оны орындамаса не орындау шегінен шықса заңмен көзделген жауапкершілікке тартылады не шарт тоқтатылады.
Семинарлық сабақтар
№ |
Сабақ тақырыбының аттары |
Тақырып мазмұны |
Барлы ғы (сағ) |
Семестр аптасы |
1 |
Рим құқығының түсінігі мен маңызы, қайнар көздері.
|
1. Рим жеке құқығының түсінігі, маңызы. 2. Рим құқығының кезеңдері. 3.Құқықтың қайнар көздерінің түрлері мен жалпы сипаттамасы. 4. Юстиниан кодификациясы. |
1 |
1 |
2 |
Құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау. |
1. Құқықтарды жүзеге асыру және оның нысандары. 2. Талаптар. 3. Жеке даулар бойынша іс жүргізу. 4. Уақыттың құқықтарды жүзеге асыру мен қорғауға әсері. |
1 |
2 |
3 |
Тұлғалар. |
1.Құқық субъектілері және олардың құқық қабілеттілігі. 2. Жеке тұлғалар мен олардың түрлері. 3. Жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы. 4. Заңды тұлғалар. |
1 |
3 |
4 |
Отбасы құқығы. |
1.Рим отбасы құқығының жалпы сипаттамасы, туыстықтың түрлері. 2. Неке және оның түрлері. 3.Жұбайлардың арасындағы құқықтық қатынастар. 4. Ата – аналар мен балалардың құқықтық қатынастары. |
1 |
4 |
5 |
Заттарға құқық.
|
1.Заттар туралы жалпы түсінік. 2.Иеленудің түсінігі, түрлері және оны қорғау. 3.Меншік құқығының түсінігі мен түрлері. 4.Меншік құқығын қорғау. 5.Басқа біреудің заттарына құқықтың түсінігі мен түрлері. |
1 |
5 |
6 |
Мұрагерлік құқық.
|
1.Мұрагерліктің түсінігі мен түрлері. 2.Өсиет бойынша мұрагерлік. 3.Заң бойынша мұрагерлік. 4.Мұраны қабылдап алу. |
1 |
6 |
7 |
Рим міндеттемелік құқығы.
|
1.Міндеттеменің түсінігі, түрлері, пайда болу негіздері. 2.Міндеттемені орындау және оның тоқтатылуы. 3.Шарттардың түсінігі, түрлері мен жарамдылық талаптары. 4.Міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілік. 5.Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету. |
1 |
7 |
8 |
Міндеттемелердің жеке түрлері.
|
1.Шарттарды жіктеу. Вербальды және литтеральды контрактілер. 2.Нақты контрактілер. 3.Консенсуалды контрактілер. 4. Квази- контрактілер. |
1 |
8 |
9 |
Меншік құқығы және басқа да заттық құқықтардың түсінігі мен пайда болу негіздері
|
1.Меншік құқығының түсінігі мен элементтері 2.Меншік құқығы мен заттық құқытың пайда болу негіздері 3.Заттық құқық түсінігі, ерекшеліктері және түрлері |
1 |
9 |
10 |
Меншік құқығы мен басқа да заттық құқықтардың тоқтатылу негіздері
|
1.Меншік құқығы мен заттық құқықтардың тоқтатылу түсінігі мен негіздері 2.меншік иесінің еркімен тоқтату және ықтиярынсыз тоқтату 3.Меншік құқығы мен заттық құқықты алып қою 4.Ұлттандыру, тәркілеу, реквизициялау |
1 |
10 |
11 |
Ортақ меншік түсінігі мен түрлері
|
1.Ортақ меншік түсінігі мен түрлері 2.Ортақ бірлескен меншік 3.Ортақ үлестік меншік |
1 |
11 |
12 |
Міндеттемелік құқық. Міндеттеме түсінігі, түрлері және пайда болу негіздері |
1.Міндеттемелік құқық түсінігі мен жүйесі 2.Міндеттеме түсінігі мен түрлері 3.Міндеттеменің пайда болу негіздері |
1 |
12 |
13 |
Міндеттемені орындау мен міндетемедегі адамдарды ауыстыру. Міндеттемені тоқтату |
1.Міндеттемені орындау түсінігі мен қағидалары 2.Міндеттемедегі адамдарды ауыстыру 3.Міндетемені тоқтату негіздері |
1 |
13 |
14 |
Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілдері |
1.Міндетемені орындауды қамтамасыз ету түсінігі мен тәсілдері 2.Айып төлеу, кепіл 3.Кепілдік пен кепілболушылық 4.кепілпұл және ұстап қалу |
1 |
14 |
15 |
Шарт туралы жалпы ережелер |
1.Шарт түсінігі 2.Шарт түрлері 3.Шарт жасау тәртібі |
1 |
15 |
|
Барлығы: |
|
15 сағ. |
15 апта |