Файл: Дайындаан лпх110тобыны студенті Изтлеева Дарига Еуразия Аграрлы колледжі Машина жасауда олданылатын материалдар Жоспар.pptx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 35
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дайындаған: ЛПХ-110тобының студенті Изтлеева Дарига
Еуразия Аграрлық колледжі
Машина жасауда қолданылатын материалдар
Жоспар:
- Металлдардың жалпы сипаттамасы
- Металл материалдар
- Металл емес материалдар
- Металдардың физикалық қасиеті
Металлдарға жалпы сипаттама
- Металдар — электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.
- Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (күміс, алтын, т.б.) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі – қола.
Металл материалдар
- Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын, күміс, платина химиялық реактивтерге төзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті түзетін металдарды сілтілік (Лі, На, К, Рб, Цс), ал жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0,01%-дан аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Өнеркәсіпте металдарды негізінен пирометаллургия, гидрометаллургия және электрметаллургия әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан, балға, т.б.) жасауда, т.б. кеңінен қолданылады
Металл емес материалдар
- Металл емес материалдарға пластикалық массалар, композитті материалдар, резеңке материалдары, желім, лак-бояулары, ағаш, шыны, керамика жатады. Металл емес материалдар металдың алмастырғышы болып келеді және өзінше материал болып қолданылады. Металл емес материалдар қолданылуы экономикалық тиімділігін қамтамасыз етеді. Металл емес материалдардың негізі полимерлер болады, оның ішінде синтетикалық полимерлер.
- Полимерлер табиғатта табиғи каучук, целлюлоза, слюда, асбест, табиғи графит түрінде кездеседі.
Машина жасауда қолданылатын материалдар (Болат)
- Болат — темірдің көміртек (2%-ке дейін) және басқа элементтермен қорытпасы. Темірдің көміртегі және басқа элементтермен қосылып жасалған деформацияланатын қорытпасы.
Болат – қара металлургия өндірісінің негізі - машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал.
Шойын
- Шойын деп құрамында көміртегінің шамасы 2,14%-дан артық темір мен көміртегінің қорытпасын айтады. Оның болаттан негізгі айырмашылығы құрамындағы көміртегі санының көптігі ғана емес, құйылғыштығы жақсы, құны болаттан арзан, ал пластикалық қасиеті едәуір төмен.
Металдардың физикалық қасиеті
- Электр жəне жылуөткізгіштігі
- Электр өрісінің əсерінен электрондар бағытты қозғалысқа ие болады, сөйтіп, электр тогы пайда болады. Электрөткізгіштігі ең жоғары металдар күміс пен мыс, одан кейін алтын, алюминий, темір болып келеді. Ең аз электрөткізгіштік сынапқа тəн.
Металдық жылтыры
Бұл металдардың өзіне тəн қасиеттерінің бірі-оны адамдар өте жоғары бағалап, кейбір көркем өнер туындыларын жасауға пайдаланады. Металдың бəрі де мөлдір емес, өзіндік жылтыры бар. Олар көбінесе сұр түсті болып келеді.