Файл: Баалауышты мндегі сын есімдер Орындаан Аманжанова. Ю абылдаан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 69

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бағалауыштық мәндегі сын есімдер
Орындаған: Аманжанова.Ю

Қабылдаған: Қасым Балқия

Бaғaлaуыштық мәнге ие сөздер бір шеті сын есімдерге жaтсa, енді бір шеті зaт есім, етістік, сaн есімдер бойынaн көрініс тaбaды. Қaзaқ тіл білімінде бaғaлaуыштық мaғынaның сөз тудырушы, сөз түрлендіруші қосымшaлaр aрқылы берілуін Ғ.Ғ.Мұсaбaевтың, Ш.Ы.Нұрғожинaның, Ф.М. Мұсaбековaның, З.К. Құрмaнәлиевaның еңбектерінен кездестірсек, интонaция aрқылы берілуін З.М.Бaзaрбaевaның еңбектерінен, түрaқты тіркес aрқылы берілуін жоғaрыдa aтaлғaн кейбір ғaлымдaрмен бірге Ғ.Түсіпбекованың'>Б. Момыновaның, Х.Г. Қожaхметовaның, Е.А. Бектұрғaновтың, К.Н. Дүйсентaевaның, Ғ.Түсіпбекованың және т.б. ғaлымдaрдың еңбектерінен кездестіреміз.

Лексикaлық деңгейде бaғaлaуыштық мәнді білдірудің негізгі тәсілі сын есім болып тaбылaды: жaқсы оқушы, жaқсы күрек, жaқсы жұмыс, жaқсы шебер т.б.

Ғ.Түсіпбекованың еңбектерінде ең бірінші бағалауыш сөздердің сын есіммен тікелей байланысты екенін атап көрсеткен.

Сын есімдерге жататын бағалауыш сөздер.Қазақ тіл білімінде сын есімдердің мағынасы,қолданысы турасында: «Сын есім- семантикалық жағынан заттың, құбылыстың түрлі сапа, белгісін, түсін, көлемін, затқа құбылысқа, іс-әрекетке қатысын білдіретін сөздер» [18,460-б] делінген.Көріп отырғанымыздай,анықтамалық ақпаратта бағалауға қатысты ешбір ой, түсінік жоқ.Ал сын есімдер семантикасында абсолюттік бағаға ие сын есім сөздер қатары баршылық.Мысалы, жағымсыз мағынадағы олақ, озбыр, надан, сотқар, бұзақы, қырсық, меңіреу, мыстан, арам, қорқақ т.б. сөздермен қатар, жағымды мағынадағы әдемі, көркем, сұлу, адал, көреген, жүйрік, кемеңгер, шешен, абзал, батыр т.б. сөздер бағалауыштық мәнге жатады.

Сын есімдер семантикалық жағынан бірінші,сапалық сын есімдер, екінші, қатыстық сын есімдер деп бөлінетіні бәрімізге мәлім.Түсіпбекованың жинаған мәліметтерінде сапалық сын есімдерден тұратын бағалауыш сөздер көптеп кездеседі.Мысалы: Біз-бай ауылмыз,сен-күңге лайық кедейсің (М.Әуезов).Не ыстық емес, не суық емес, жайлаудың жайма-шуақ, сәтінде,төбеңнен көкпеңбек болып төңкеріліп тұрар аспанға қарағайдың бүршігін лақтырып ойнайсың (О.Бөкей).


Қатыстық сын есімді бағалауыш сөздерге мысал келтірейік: Қасиетті Ақ-Жайық!Шәрбат суыңды қайта татар күн барма екен!-деді Жанбай шал дауысы дірілдеп(М.Мағауин).Бұл- аталы,ордалы ауыл(М.Әуезов).

Сан жағынан алғанда бағалауыш сөздердің келесі бір көп кездесетін тобы-етістіктер.Жинаған материалдардың негізінде бағалауыштық мәнге ие болатын қимыл атауын, көсемше және есімшені көрсете аламыз. Айталық, Ой емес-ау,жанында бір әлденені алыстан сезіну бар....Есеней сол сезінуді белден белге ысырып тастағысы келіп (Ғ.Мүсірепов).

Ғ.Түсіпбекованың еңбектерінде бағалауыштық мағынаның берілу жолдарын көрсеткен.Олар:

1.Адам эмоциясында интонацияның алар орнының зор екендігі тілдің бағалауыштық сипатымен байланысты. Дыбысты созылыңқы айту арқылы ерекше бағалауыштық эмоциясы беріледі. Мысалы: ақыма-а-а-ақ адам, күн суы-ық т.б.

2.Жазбаша жұмыстарда бағалауыштық мағынаны тырнақшамен көрсетіп кету де жиі кездесіп жатады. Тіл біліміндегі осындай пунктуациялық белгі оқырманның назарын аудару, қандай да бір ой тудыру, жағымды, жағымсыз қимыл-әрекеттерді, осындай мәнде көрініс тапқан құбылыстарды ұтымды беру болып табылады. Мысалға, Сонда да Төлеген «ел пайдасы» деген сөзді аузы айтқаны болмаса, аржағы «өз пайдасын» көбірек қарастырушы еді (Ж.Аймауытов).

3.Бағалауыштық мағынаның берілуінің тағы бір жолы - тұрақты сөз тіркестері. Қазақ тіліндегі көптеген фразеологизмдердің бағалауыштық мағынасы айқын көрініс тауып жатады. Оларға эмоционалдық- бағалауыштық

қызмет тән болады. Мысалға, оларға бармағынан бал тамған, қабағын шыту, көзге ілмеу, жүрек жұтқан, мұрнын көкке көтеру, тас бауыр, ала жібін аттамау, қой аузынан шөп алмас, азу тісі балғадай т.б. сипаттағы тұрақты сөз тіркестерін бере аламыз: Барханның әйелі қой аузынан шөп алмас момын, өз шаруасына берік тұйықтау адам (О.Бөкеев).

4.Бағалауыштық мағынаны берудің бір жолы - мақал-мәтелдер. Қазақ тіл білімінде мақал-мәтелдердің лексика-стилистикалық, құрылымдық сипаты, оның фразеологизмдермен, нақыл, қанатты сөздермен байланысы, арақатысы, жекелеген ақын, жазушылардың мақал-мәтелдерді қолдану ерекшелігі т.б. бағыттағы ғылыми зерттеулер баршылық. Жылдар бойы халықтың ой елегінен, ойлау жүйесінен өтіп, екшеленген, ұлттық болмыс, танымның «оң-теріс, жаман-жақсы, жағымды-жағымсыз, ақ-қара» сияқты бағалау өлшемдеріне сай келетін мақал-мәтелдердің кез келген жағдайға, соның ішінде адамға қатысты, оның мінез құлқына, іс-әрекетіне т.б. қасиеттеріне баға бере алуға мүмкіндігі мол. Әдетте, сөйлеу тіліне тән мақал-мәтелдердің бағалауыштық сипаты күшті болып, олардың қоштау, ұнату, ұнатпау, кекету, жақтырмау т.б. жақсы немесе жаман мәндері айқын сезіліп тұрады. Мысалы,

айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады; жаман иттің атын бөрібасар қояды; ақымақтың айтқаны келмейді, сандырақтағаны келеді деу арқылы сөйлеуші белгілі бір оқиғаға байланысты кекету, ұнатпау тәрізді жағымсыз бағасын берсе, өжет адам өлімді жеңеді; жақсылық еккен алғыс орады ; жақсыға шаң жуымас, жаманға жан жуымас және т.б. сол сияқты тәрбиелік мәні зор мақалдар қоштау, ұнату мағынасында қолданылады.

5.Бағалауыштық мағынаны берудегі өнімді жолдың бірі – сөздердің метафоралы қолданылуы. Тілдік қарым-қатынаста сөйлесімнің көлемді, шағын екеніне қарамастан, сөзді бейнелі қолданудың, мәнерлеудің көптеген құралдары академик М.Серғалиевтің «Стилистика негіздері» атты еңбегінде ғылыми сипатталады. Метафора жасайтын сөздердің ішкі мазмұнындағы бір элементтің салыстырылатын заттың сапа, белгісіне т.б. сипаттарына сәйкес келуі немесе оның тек сыртқы белгісінің ұқсас келуі метафоралық қолданыстардың адамға, затқа бағалауыштық сипаттама бере алуымен ерекшеленеді. Мысалы, Туғанына… тіпті, титтейінен Абайым бір төбе, өзге қалған өрен-жаран бәрі бір төбе еді… Бүгін сол тілек пен үмітім мынадай бәйтерегім бопты (М.Әуезов).

6.Қарама-қарсы мағынадағы сөздерді қолдану арқылы да бағалауыштық мағынаны беруге болады. Бағалауыштық энантиосемияның пайда болуының басты себебі - сөздерді ирониялық тұрғыда қолдану. Бұл жағдайда бастапқы сөз мағынасындағы бағалауыштық компонет екінші бір қарама-қарсы мағынаға ауысады. Мысалы, - Жаман неме, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің ау! Жаман неме! - дей беріп, қасына, құшағына немересі барғанда, «жаман неменің» артынан лезде: - Қарашығым, қоңыр қозым… Абай жаным… - деп кемсеңдеп, жылауға айналып кетті (М.Әуезов). Бұл контексте жаман сөзі мүлде жағымсыз көзқарасты білдіріп тұрған жоқ, керісінше жақсы көру, айналу мәнінде қолданылып тұр.

Одан бөлек, ғалым бағалауды жалпы бағалау және жеке бағалау деп бөліп алады.

Жалпы бағалауға қатысты объектілердің тақырыптық катарын үш топқа бөліп қарастырады.

1. Адамға байланысты (адамның жасын, өмірін, сезімін, көңіл-күйін, рухани мүдделерін, іс-әрекетін бағалау). Мысалы: Ол жылдары қамшысынан қан сорғалаған дер кезі болса, қазір алпысқа таяп қалды. Тәубаға келер, зорлық-зомбылыққа ырық бермес кезі (Ғ.Мүсірепов).

2. Адамның практикалық қорытындысы, артефактілер (азық-түлік, түрлі

киім-кешектерді ыңғайлылығына, қажеттілігіне, әдемілігіне қарай бағалау, тұрмыстық заттардың, үй бұйымдарының, баспананың сәніне, қолайлылығына, сапасына қарай сипаттайтын бағалаулар). Мысалы:
Ашқылтым ақ қалаштар не деген дәмді! Ортасына ақ ірімшік салып пісірген дөңгелек нандар одан да артық ( Ғ.Мүсірепов). Ұлпанның тағы бір таң қалғаны орыс үйі еді. Жатар бөлмелері қандай жайлы! Варшава төсектері, голлан пештері, вена орындықтары… біріне-бірі жатсырамай қандай жарасып тұр (Ғ.Мүсірепов).

3. Жан-жануарларды, табиғат құбылыстарын бағалау, мысалы: Күн көптен бері жылынбай қойды. Бүгін де сондай шытырлаған аяз (М.Әуезов).

Жеке бағалау бойынша обьект белгілі бір аспект тұрғысынан, яғни не сыртқы пішіні жағынан, не ішкі дүниесі жағынан, не болмаса белгілі бір нәрсенің орындалуына пайдалылығы тұрғысынан бағаланады. Ғалым Ғ.Түсіпбекова жеке бағалауды басқа ғалымдардың еңбектерін қарап отырып этикалық, эстетикалық, гедонистикалық және утилитарлық деп бөледі.

Этикалық баға. Этикалық баға объектісі - адамды бағалауға негіз болатын әрекеттер, қылықтар. Жағымды этикалық баға этикалық норманың, яғни белгілі бір мөлшердегі ережелердің сақталуын талап етеді. Жағымды этикалық бағаны білдіретін сөздер тобының түйінін «қоғамдық тәртіп нормаларын, мораль талаптарын сақтайтын» мағынасы бар предикаттар құрайды: өнегелі, адамгершілігі мол, ізгілікті, көргенді, рақымды, саналы, таза, мінсіз, күнәсіз т.б. Керісінше, жағымсыз этикалық бағаны мынадай предикаттар білдіреді: адамгершілігі жоқ, рақымсыз, әдепсіз, азғын, бұзық, ардан безген, арсыз, сұмырай, адам емес.

Эстетикалық баға. Бұл бағаның объектілері эстетикалық құндылықтар болып табылады. Зат мен құбылыстың эстетикалық талаптарды қанағаттандыру/қанағаттандырмау қабілеттері түрлі деңгейде көрініс табуы мүмкін және осыған байланысты эстетикалық баға жағымды не жағымсыз сипатта болады. «Кескін-кейпі келіскен, түр-тұрпаты жарасқан көз тартарлықтай» деген мағынаны әдемі, асқан сұлу предикаттары мен олардың мынадай синонимдері құрайды: әсем, ғажайып, баурап аларлық, тартымды, еліктіріп әкететін, таңырқататын, үріп ауызға салғандай, керемет, сүйкімді, жап-жақсы, сұлу, көздің жауын алатын және т.б. Осы айтылғандарға қарама-қарсы жағымсыз эстетикалық бағалауды мынандай предикаттар білдіреді: ажарсыз, көріксіз, реңсіз, сұрықсыз, құбыжық, ұсқынсыз т.б. Адамның киім-кешегіне байланысты айтылатын жағымсыз эстетикалық баға мына предикаттарға тән: ұқыпсыз, салақ, олпы-солпы, нас, лас, кір т.б. Тұрмыстық заттар,баспана, үй бұйымдары сырт пішіндерініңүйлесімділігі, тазалығы тұрғысынан эстетикалық бағалауға алынады: жаңа, таза, ескі-құсқы, қора, үйшік, астаң-кестең т.б.


Гедонистикалық (сезімдік) баға. «Сүйсінерлік, рахатқа бөлейтін» деген жағымды гедонистикалық баға мағынасын көңіл сүйсіндірерлік, жағымды, жұмсақ сияқты предикаттар білдіреді. Бұған қарама-қарсы мағынаны жағымсыз, жиіркенішті, жүрек айнытарлық т.б. предикаттар білдіре алады. «Жанға жағымды естілу» (дауысқа қатысты) мағынасы мынандай предикаттар арқылы беріледі: қоңыр дауыс, тәтті үн т.б. «Дәмі ұнамды» мағынасын мына предикаттар бере алады: дәмді, тәтті, тілді үйірерлік дәм, сілекейі шұбыру т.б. «Дәмі ұнамсыз» мағынасы дәмсіз, жеуге келмейтін, быламық, жылымшыт т.б. предикаттар арқылы беріледі. «Иісі ұнамды» мағынасындағы предикаттар: хош иіс, жұпар иіс, тәтті иіс аңқу. Бұған антонимдік «ұнамсыз иіс» мағынасындағы предикаттар: жаман иіс, жағымсыз иіс, сасық иіс, қолаңса, мүңку.

Утилитарлық (пайдалылық) баға. Бұл бағалау объектінің белгілі бір іске жарамдылығы немесе пайдалылығы туралы сөз болғанда орын алады. «Пайда келтіретін» мағынасындағы предикаттар катарына мыналар жатады: жарамды, тиімді, пайдалы, игілікті, берекелі, қажетті. «Пайда келтірмейтін» предикаттары: пайдасыз, құр бекер, босқа, нәтижесіз, жарамсыз. «Бір нәрсеге көмегі тию, қажетіне жарау, қолайлы болу» мағынасын мына предикаттар білдіреді: қолайлы, жайлы, орайлы, септігі тию, ұтымды, ыңғайлы.

Қорытынды

Түсіпбекованың бұл еңбегінен Сын есімдердің бағалуыш мәні туралы толықтай, көз тоярлықтай ақпарат ала аламыз.Еңбек қазақ тілінің грамматикасына өзінің үлкен үлесін қосты деп айта аламыз.

Пайдаланылған әдебиет:

Ғ.Түсіпбекова. Қазіргі қазақ тіліндегі бағалау мағынасы және оның құрылымдық жүйесі. -Астана, 2007. -24б.