Файл: 1 мамыр азастан халытарыны бірлігі кні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Сарыкөл ауданы білім бөлімінің Маяк негізгі орта мектебі» КММ

Сынып сағаты:

1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні.

1 «А» сынып

Сынып жетекшісі: Бекетова Э.И.

2022-2023 оқу жылы.

Сабақтың тақырыбы: 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні.

Сабақтың мақсаты: 1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін балаларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер,еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімі.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші:
 «Бірлік бар жерде бақыт бар»
«Ынтымақ-достық кепілі»
Отан- әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып,бірлесе еңбек етіп келеді.

Сондықтан 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып аталады.Бүгінгі жиналған ұлт өкілдері өздерінің бірлік, достық мерекесін тойламақ.
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.


Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым- жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр.


Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан,күн- қыран сәні бар.
Көк байрақ ашық күн кеңісім,
Алтын күн белгісі жеңістің.


Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы, төскейі шұрайлы.

Заман жаңа,ел жаңа,
Күлімдейді кең дала,
Өз Астанам- өз Ордам,
Сүйенерім сен ғана !


Далам! Кең –байтақ.Сондықтан ғой,күмбір-күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда- «Ұшса құстың қанаты талады,шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы толғаған.»
Көрікті өлкеме қарашы,
Тізілген орман- тау, қаласы.
Алтай мен Атырау арасы,
Қазақтың кең- байтақ даласы.


Ел бірлігі ең асыл қасиет. «Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге қазақтарға керек» деп көрегенділікпен елбасымыз айтқандай біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі Қазақстан халықтарының бірлігі. Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздің ынтымақтастықпен бейбіт өмір.


Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білім менен аспанға жол салынар.

Білімділікпен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.

Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша- бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

«1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні!» - атты 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған тәрбие сағаты осымен аяқталды.