ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 70
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: Қазақтың салт – дәстүрі «Сүйінші»
Мақсаты: Наурыз өте көнеден келе жатқан мейрам. Халқымыз аса үлкен дайындықпен қарсы алатын Ұлыстың ұлы күнінің ерекшелігін балаларға айтып түсіндіру. Қазақтың салт – дәстүрлерін, дінін, ұлттық дүние танымын, ұлттық киімін, ұлттық ойындарын насихаттап көрсету. Балаларды асыл қазынасын бағалап, ұлттық салт – дәстүрін сақтауға үйрету. Сондай – ақ, Ұлыстың ұлы күнін зор мақтанышпен қарсы алып, құрметтей білуге тәрбиелеу.
-
Армысыздар ма, құрметті қонақтар мен «Бәйтерек» балалар бақшасының ұжымы. -
Сіздерді келе жатқан Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз. Наурыз күні қазанымыз ортаймасын. Жаңа шаттық әкеп, той тойлансын!
Ақ тілек бейбітшілік аман болсын,
Елім, жұрттым қадірлі аман болсын.
Туғандай бір анадан жамағаттар,
Достыққа берік, мықты адал болсын.
Наурыз мейрамы құтты болсын,
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
-
дей келе «Өркен» тобының тәрбиешісі Кондыбаева Салтанат Сакеновна.
Салт – дәстүрлерге байланысты «Баяндама» оқып берем.
«Сүйінші»
Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Сүйінші хабарын жеткізуші адам «сүйінші, сүйінші» деп келеді. Дүниеге жас нәресте келуін, келін түскенді, алыстағы сағынған адамының келгендігін, жоғары атақ, үлкен сыйлық берілуін тағы басқа қуанышты сәттерді алғаш қабарлаушы сүйінші сұрайды. Сүйіншіге бағалы зат, ақша, немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөгеттігі жоқ. Жалпы қазақ халқында сүйінші жақсылықтың нышаны. Күні бүгінге дейін бұл дәстүр жалғасын тауып, сүйінші сұрау жақсылықтың нышаны болып келеді.
-
Ендігі кезекте сахналық көріністерімізді тамашалаңыздар.
Ата – аналар: Шпекбай Айханымның – анасы
Шпекбай Айханымның - әжесі
Сарсенов Айбектің - әкесі
Сарсенов Айбектің – ағасы және қонақтар.
Көрініс: (сахнада ауыл көрінісі)
Кейіпкерлер: ата, әжелер, келін, немере, қаладағы қонақ балалар.
Атасы: Оу, кемпір, оның мұның дайын болды ма? Жақсы хабар жетісімен сасып қалма.
Әжесі: Ой, байғұс - ай, тек құлынымның жаны қалсын десейші. Өзгені сосын көре жатармыз. (залға екі бала жүгіріп келеді)
Айгерім: Сүйінші! Сүйінші!
Айдар: Алақай! Алақай!
Айгерім:
Дүниеге жас нәресте келді.
Айдар: Ата, әже, сүйінші, өмірге немерелеріңіз келді.
Әжесі: Не дейді, шын айтып тұрсыңдар ма? Құлыным – ай!
Атасы: Рақмет қарақтарым, міне, сүйіншілерің алыңдар.
Сахнаға: Келін, көрші әже бөпемен бірге кіреді.
Келін: Ата, әже, немереңізді алып келе жатыр.
-
Әжесі, жас тума жолына шашу шашады. -
Келін сәбиді алдымен әжесіне береді.
Әжесі: Ой, құлыным – ай, өмір жасын ұзақ болсын, тіл көзден сақтасын! Ал, Атасы немереңді сен ал қолыңа.
Атасы: Бақытты, өмірлі бол!
Бата: Құлыным, үлкен жігіт бол,
Халыққа сенім үміт бол.
Ата – анаңа, баршаға ұлы бақыт қызық бол!
Өзің берік бұтағым,
Қайда жүрсең, аман бол!
Әумин.
Айдар : Әже, әже, қаладан бізге қонақтар келе жатыр.
-
Сахнаға қаладағы қонақ балалар келеді.
Әжесі: Мен өзім шақырған балаларым екен гой. Келіңдер, келіңдер, төрлетіңдер «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деген осы екен гой. Отағасы тұр балаларды қарсы ал.
Тәрбиеші: Армысыздар, Ата, әже Наурыз тойы құтты болсын!
Наурыз тойы – көктем тойы, көңіл тойы,
«Жақсылық болса» дейтін өмір бойы.
Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін,
Елдегі бақыт байлық бақ көбейсін.
Наурыз құтты болсын ағаларга,
Наурыз құтты болсын аналарға.
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурыз құтты босын баршамызға!
Құрметті жиылған қауым! Қазағымыздың Әз Наурызы - Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ата, әже мына Наурыз айында дүниеге келген сәбиіңіз құтты болсын.
Тәрбиеші: Біздің кіп-кішкентай бөпемізге арнап Айдардың орындауында әнді қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: Ата, әже кеш түспей бізде қалаға жетіп алайық. (қонақтар)
Әжесі: «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер» - демекші, атасы мына Ұлыстың ұлы күніне келген құдайы қонақтарымызға бір батанды беріп жібер.
Атасы: Ал, балаларым, қолдарыңды жайыңдар.
Тума бауы берік болсын,
Сұлу күндей көрік болсын.
Әкесі мен анасына,
Тек жақсылық берік болсын.
Осындай той қазақта бола берсін,
Көңілдерге жақсылық толы болсын.
Азамат болып еліне біздің жігіт,
Тұғырыңа биіктен қона берсін!
Әумин.
Әжесі: Балаларым той бастарды әкеліңдер. Той бастар әні орындалады.
Тәрбиеші: Құрметті жиылған қауым осымен біздің шағын ғана Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар. Келесі кездескенше аман болайық.
«Сүйінші»
Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Сүйінші хабарын жеткізуші адам «сүйінші, сүйінші» деп келеді. Дүниеге жас нәресте келуін, келін түскенді, алыстағы сағынған адамының келгендігін, жоғары атақ, үлкен сыйлық берілуін тағы басқа қуанышты сәттерді алғаш қабарлаушы сүйінші сұрайды. Сүйіншіге бағалы зат, ақша, немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөгеттігі жоқ. Жалпы қазақ халқында сүйінші жақсылықтың нышаны. Күні бүгінге дейін бұл дәстүр жалғасын тауып, сүйінші сұрау жақсылықтың нышаны болып келеді.