Файл: Таырып. Жктілік физиологиясы. Жктілік аымы жне 1,2,3 триместр бойынша жктілікті жргізу. Жктілік кезіндегі ры пен ана жадайын баалау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 89
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3-шітәсілі: Жүкті әйелдің оң жағынан бетпе-бет тұрып, оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, нәрестенің төменгі бөлігіне бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады. Тығыз,дөңес, қозғалмалы болса-басы.
4-шітәсілі: оң жағынан, аяғына қарап тұрады. Екі алақанды жатырдың төменгі сегментінің оң және сол жағына орнықтырып, саусақ ұштарын шатқа тірейді. Саусақтар ұшын жамбас қуысына тереңдете отырып, сол жерде орналасқан нәресте бөлігін анықтайды.
Тамақтанурационы:Жүктілік кезінде дене салмағының қосылуы 9-13,6 кг аралығында. Дене салмағының қосылуы төмендегідей:
Ұрық - 3400 г
Бала жолдасы-680 г
Қағанақ суы-900 г
Жатыр салмағының ұлғаюы-1600 г
Емшек бездері-900 г
Аяқтарындағы ісіктің көбеюі-900-1300 г
Жүктілікті жүргізу
І рет келуі - 12 апталық мерзімге дейін.
-
Консультация жасау -
Анамнез жинау, қауіп- қатер тобын анықтау -
Басынан өткерген инфекциялық ауруларын анықтау (қызылша, гепатит). -
Босануға дайындайтын мектептерге бару -
Босану туралы көп мағлұмат беретін, сұрақтарға жауап беретін ақпарат көзін беру. -
Тексеру әдістері: бой-салмақ көрсеткіштері (ДСИ есептеу) -
ДСИ = салмақ (кг) / бойдың (м) квадраты (Төмен ДСИ– <19,8 ; қалыпты – 19,9-26,0 ; артық– 26,1-29,0; семіздік – >29,0 ). -
Қалыпты және өте жақсы ДСИ-мен пациенттер акушер-гинекологқа консультацияға жолданады. -
АҚҚ өлшеу -
Аяқтарын қарау –веналардың варикозды кеңеюі,
-
Қынапты айнамен қарау – қынаптың және жатыр мойнының жағдайын бағалау ( формасын, ұзындығын, тыртығы бар жоғын, дефорация, веналардың варикозды кеңеюін ). -
Қынапты айнамен қарау – қынаптың және жатыр мойнының жағдайын бағалау ( формасын, ұзындығын, тыртығы бар жоғын, дефорация, веналардың варикозды кеңеюін ). -
Сүт безін онкопатологияға тексеру -
УДЗ 10-14 аптасында: пренетальді диагностика, жүктілік мерзімін анықтау үшін, көп ұрықты жүктілікті анықтау үшін. -
Лабораториялық зерттеу : -
ЖҚА, ЖЗА. -
ДСИ 25,0 жоғары болса қандаға глюкоза мөлшері. -
Зәрді бак.егу – скрининг (жүктіліктің 16 аптасына дейін). -
Жыныстық жолдарды патологиялық симптомдар анықталғанда тексеру. -
Онкоцитологияға жағынды алу. -
ВИЧ ( пациенттің рұқсатымен тестілеу). -
RW, Биохимиялық генетикалық маркерлер, HBsAg -
Мамандар консультациясы : Терапевт / ЖТД, жасы 35 жоғары болса, анамнезде ұрықта ВПР болса, жақын туыстық неке болса генетиктің консультациясы. -
Емдік-профилактикалық шаралар: 0,4мг фолий қышқылын күнделікті қабылдау, бірінші триместр бойы.
ІІ келуі – 16-20 апталық мерзімде
-
Әнгімелесу -
Тексеру әдістері:АҚҚ өлшеу, аяқтарын қарау –веналардың кеңеюі варикозды, 20 аптасынан бастап ЖТБ өлшеу- гравидовраммаға тусіру. -
Лабораториялық тексеру: ЖҚА- белокты тексеру, ГБхМ- І рет келгенде жүргізілмесе. -
Аспаптық зерттеу:скринингті УДЗ 18-20 апталықта. -
Емдік-профилактикалық шаралар: преэкламсияның қауіп факторы анықталғандарға тәу 1г кальций, 40 аптаға дейін кальцийді аз пайдаланғандар; -
Ацетилсалецил қышқылы 75-125мг дозада тәу 1 рет, 36 аптаға дейінгі преэкламсия қаупі бар жүкті әйелдерге.
ІІІ келуі 24-25 аптада
-
Консультация жасау -
Жүктіліктің асқынуын анықтау (преэклампсия, қан кету, жатыр айнасындағы су кету, ұрықтың қимылдауы); жүктілік кезіндегі қауіпті белгілер; -
Тексеру әдістері: -
АҚҚ өлшеу, аяқтарын қарау – веналардың варикозды кеңеюі, ЖТБ өлшеу- гравидовраммаға тусіру, ұрықтың жүрек соғысы) -
Лабораториялық тексеру: -
ЖҚА- белокты тексеру, қан факторының Резусы- теріс болған жағдайда антиденеларге тапсыру.
ІV келуі 30-32 апталық мерзімде
-
Әңгімелесу -
Жүктіліктің асқынуын анықтау (преэкламсия, қанкету, ұрық айналасындағы судың кетуі, ұрықтың қимылдауы) жүктілік кезіндегі қауіпті белгілерді анықтау. -
Асқынулар анықталса госпитализация жасау. «Босану жоспары» туралы сұрақтарды шешу. -
Жүкті әйелдің ДСҚӨ (18,0 төмен болмау керек). АҚҚ өлшеу, аяқтарын қарау – веналардың варикозды кеңеюін анықтау; ЖТБ өлшеу- гравидовраммаға тусіру, ұрықтың жүрек соғысын анықтау, босануға дейінгі демалысты дайындау. -
Лабораториялық тексеру: RW, BИЧ; зәрді белокқа тексеру, ЖҚА.
V келуі - 36 апталық мерзімде
-
Әңгімелесу -
Жүктіліктің асқынуын анықтау (преэкламсия, қанкету, ұрық айналасындағы судың кетуі, ұрықтың қимылдауы). «Емшекпен емізу және босанғаннан кейінгі контрацепция» тақырыбында ақпарат беріп, осы проблеманы талқылау. -
Тексеру әдістері ( Сыртқы акушерлік тексеру (ұрықтың жатуын), аяқтарын қарау – веналардың варикозды кеңеюін анықтау, АҚҚ өлшеу, ЖТБ өлшеу- гравидовраммаға тусіру, сыртқы акушерлік тексеру, ұрықтың жүрек соғысы, зәр анализің белокка тексеру).
VI келуі – 38-40 апталық мезімде
-
Әңгімелесу -
Жүктіліктің асқынуын анықтау (преэкламсия, қанкету, ұрық айналасындағы судың кетуі, ұрықтың қимылдауы). «Емшекпен емізу және босанғаннан кейінгі контрацепция» тақырыбында ақпарат беріп, осы проблеманы талқылау. Жүктілікті жүргізу жоспарын, қажетінше, қайта қарау және дәрігер акушер- гинекологтың консультациясын алу. -
Тексеру әдістері (АҚҚ өлшеу, аяқтарын қарау – веналардың варикозды кеңеюін анықтау, сыртқы акушерлік тексеру (ұрықтың жатуын), ЖТБ өлшеу- гравидовраммаға түсіру, сыртқы акушерлік тексеру, ұрықтың жүрек соғысы, зәр анализін белокка тексеру).
VII келуі – 41 апталық мерзімде
-
Әңгімелесу -
Жүктіліктің асқынуын анықтау (преэкламсия, қанкету, ұрық айналасындағы судың кетуі, ұрықтың қимылдауы) қауіпті белгілерді анықтау. -
Жүктілікті жүргізу жоспарын қажетінше қайта қарап, дәрігер акушер- гинекологтың консультациясын алу. Босандыру үшін госпитализациялау туралы сұрақтарды талқылау. -
Тексеру әдістері (АҚҚ өлшеу, аяқтарын қарау – веналардың варикозды кеңеюін анықтау, сыртқы акушерлік тексеру (ұрықтың жатуын), ЖТБ өлшеу- гравидограммаға түсіру, сыртқы акушерлік тексеру, ұрықтың жүрек соғысы, зәр анализін белокка тексеру).
Медициналық құжаттар
№ 111Е нысанында дәрігер немесе акушер әрбір бару уақытында әйелдердің жағдайын айқындайды, әрбір баруы кезінде 20 аптадан бастап гравидограмма (жатыр түбінің биіктігінің графикалық көрінісі) толтырылады. Жүктілік кезінде дене салмағының қосылу мөлшерін бағалау кезінде дене бітіміне қарай жүкті әйелдің бойының-салмағының көрсеткіші ескеріледі (дене салмағының индексі саналады). Дене салмағының индексінде ауытқулары бар пациенттердің есебін жүргізу қажет. Патронажды бару нәтижесі туралы деректерді акушер № 111/е нысанына және № 113/е нысанына енгізеді. Айғақтар бойынша үйдегі патронажды акушер-гинеколог дәрігер жүргізеді.
Акушер-гинеколог дәрігер ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен бекітілген 084/е нысаны бойынша жүкті әйелдің басқа жұмысқа ауысуы туралы дәрігердің қорытындысына сәйкес (084/е нысаны) жүкті әйелдерді жеңіл жұмысқа және кәсіби зияндылығымен байланысты емес жұмысқа ауыстыруға анықтама береді.