Файл: Приречный жоббмде жасспірімдер арасындаы ыбзушылыты алдын алу бойынша атарылан жмыстар туралы апаратты сынады.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 49
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Приречный ЖОББМде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты ұсынады
Приречный ЖОББМде жаңа оқу жылына аудандық ІІБ-нің басшысымен жылдық жұмыс жоспары бекітіліп жұмыстар атқарылуда. Жасөспірімдердің құқықбұзушылығын алдын алу мақсатында тоқсан сайын «Түнгі ауылдағы балалар» рейді жүргізіледі. Профилактикалық есепте 2 оқушы Лысенко Дария, Глухин Николай. Есепте тұрған оқушылармен бөлек жұмыс жасақталып, атқарылуда. Тоқсанына екі рет оқушылардың тұрмыстық актісі толтырылады, мектеп психологімен әлеуметтік педагог ата-аналармен жұмыстанады. Бос уақытын оқушылар қосымша сабақтар, спорт сиякциясына келеді.
Қыркүйек айында 1-11 сыныптарда «Оқушы ережесі. Мектеп жарғысы» тақырыбында тәрбие сағаты оздырылды. Тәрбие сағатында оқушыларға жалпы мектептегі тәртіп, мектеп формасы, оқушылардың міндеттері туралы түсіндіріліп айтылды.
Теректі АПб КТІж инспекторы Н.М.Доскалиев және учаскелік инспектор Н.А.Мурзагалиев 2022 жылдың 21 қыркүйек күні мектепішілік жоспарға сәйкес, құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында мектептің 9-11 сынып оқушылары арасында кездесу өтті. Күн тәртібінде «Сабақ», «Жасөспірім», «Қадағалау» түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
13 қазан күні мектепішілік жоспарға сәйкес, 7-11 сынып оқушыларына жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі қаралған мәселе «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық» тақырыбында болды. Оқушыларға түсінік жұмыстарын жүргізіп, тақырыпқа қатысты бейнороликтер көрсетті. Қатысқан ұстаздар мен оқушылардан талқыланатын және мазалап жүрген бірнеше сұрақтар қойылды.
Ауыл уаскелік инспекторы Н.А.Мырзагалиев және Д.Б.Аккайров «Құқықтық тәрбие» тақырыбында ата-аналармен кездесу ұйымдастырып түсіндіру жұмыстарын өткізді. Жасөспірімдердің түнде жүру уақыты, жұмыс жасау жасы және қанша сағат туралы. «Жыныстық қолсұғушылық» туралы баяндама, бейнероликтер көрсетті.
"Бала құқығы-адам құқығы" Республикалық онкүндігі өткізілді. Жоспар бойынша онкүндіктің тақырыбы аясында стенд жасақталды. 8-10 сынып оқушылары "Құқығым бар" тақырыбына эссе жазды. Сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, МБ, АПб есепте тұрған арналған "Әр баланың құқығы бар" атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында “Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел" тақырыбында көп балалы аналар және балалармен тренингтер ұйымдастырылды. Аналар балалармен белсене қатысып, ризашылықтарын білдірді! Тренинг соңында көп балалы аналар әкімшілік атыннан алғыс хатпен мараптталып қорытындыланды!
23 қаңтар күні жалпы мектепшілік Құқықтық жалпыға бірдей оқыту "ҚР Еңбек кодексі", "ҚР кәмелетке толмаған азаматтарының еңбек қатынастары"
27 наурыз Жалпыға бірдей құқықтық оқыту: Адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізі "Зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас ережелері", "Құқықтық білім еліне саяхат" тақырыптарында тәрбие сағаттары оздырылды.
Мектеп директоры: С.С. Саматов