Файл: Таырыбы Малім мен атаана арасындаы табысты арыматынас 20222023 оу жылы Баяндама Аманжол . Б.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 81
Скачиваний: 1
Мектеп оқу тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қомқорлық жасайды, ата-аналарды, барлық жұртшылыққа қалыптастырады. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар.Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделікті өмір, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, т.б талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің жолдары қарастырады.Байланыс формаларының басты бір түрі – педагогтардың оқушылардың үйіне баруы. Мақсаты: оқушының тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты ата-анамен әңгіме өткізу, пікір алмасу.Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі — психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады. Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланғаны сияқты, ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес түрін өткізгенде интерактивті тақтаны, яғни ақпараттық технологияны пайдалану ата-ана қызығушылығын арттырып қана қоймай, жеке танып білуге, байланысты нығайтуға қосар үлесі зор.Ата-аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы педагогикалық мәдениетіне байланысты.Мектептің, отбасының, жалпы халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты, казіргі заманың талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, олардың өмірде өз орындарын таба білуге даярлау болып табылады.Бүгінгі таңда: «Нарықтық экономикаға сай, ұлттық сана сезімі жоғары, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу ата-анамен мектептің міндеті. Ұстаздар жүйелі жоспар құрып , шәкірттерімен ақылдасып ата-аналармен бірлесе жұмыс істегенде ғана үлкен нәтижелелерге ие болады. Ең бастысы мектеп қабырғасында әрбір ұстаз өзі атқаратын тәлім-тәрбие ісін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, шәкірттерін жан-жакты біліп, ата- аналармен тығыз байланыста болу кажет. Осы орайда сынып жетекшілік қызметін атқаратын сыныптағы оқушылардың күшті және әлсіз жақтарын ескеріп, нәтижелеріне салыстырулар жүргізіп нақты талдау жасап отыру қажет. Шәкірттерімнің тәрбиелік деңгейлерін үнемі бақылаймын. «Отбасы туралы жалпы мәліметтер», «Ата- ана және бала» , «Достық дегеніміз не?»
атты сауалнамалар алу барысында, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасының тәрбиелік мүмкіндігін зерттеп үшінші сауалнама бойынша тәрбиеленушілердің жүрген ортасын анықтауға мүмкіндік алуға болады. Сонымен қатар, «Сыныпты бақылау күнделігін» бастап, онда ана, бала, мұғалім атқаратын жұмыстарын есепке алып отырамын.
Осылайша сыныптағы оқушылар, елін сүйетін, мектеп тәртібін қатаң сақтайтын үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсете білетін оқушыларды тәрбиелейміз.
Олай болса, отбасымен мектеп тәрбиенің ынтымақтастығы негізінде балаларды тәрбиелеуде олардың бойына мынандай қасиеттерді: адамдармен тез тіл табысуы қабілеті, жанашырлық таныту қабілеті, басқа адамды түсіну қабілеті, адамгершілік құндылықтарды, психикалық сауаттылығы, өзін–өзі ұстау, сабырлық мүмкіндігі, іскерлікті қалыптастыру қажет.
Педагог әр бір оқушының қабілеттерін толығырақ дамытып, балалардың өмірін дұрыс ұйымдастырып, табиғат берген дарынын аша түсуге тәрбиелейді.
Қорытындылай келе, тәрбие үрдісінің бір тарауы aта-аналармен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жиғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат – әр балаға түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан-жақты дамуына ата-ана, мектептің жағдай жасауы болып табылады. Ата-аналар мектеппен тығыз байланыста болу керек. Жоғарыдағы айтылған баланы оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері және түрлері ата-аналармен мұғалімдерге пайдасы тиер деғен ойдамын. Бала, ата-ана және мектеп осы үш бірлік бірлесе жұмыс атқарғанда ғана табысты нәтижеге қол жеткізе аламыз.