Файл: . А. Ясауи атындаы Халыаралы аза трік Университеті Жоары білімнен кейінгі білім беру факультеті Шымкент кампусы.ppt

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 32

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік Университеті Жоғары білімнен кейінгі білім беру факультеті Шымкент кампусы


Тақырыбы:СЖИА кезіндегі ЭКГ өзгерістер . ЖИА-дағы функциялық зерттеу тәсілдері
Тобы:ЖТД-734 Тексерген:Курамыс С.


Жүректің ишемиялық ауруы – тәж артериялары атеросклерозынан, тәж қан ағымы мен миокардтың оттегіге сұранысының арақатынасының бұзылысынан дамитын жүректің жедел немесе созылмалы зақымдануына алып келетін процесс.

Патогенезі


ЖИА-ның негізгі патофизиологиялық механизмі —
миокардтың оттегіге сұранысы тәж қан ағымымен отгегіні тасымалдау мөлшерінің арасындағы сәйкессіздік.


Сәйкессіздікке әкелетін себептер:
1. Тәж артерияларының атеросклерозға байланысты органикалық обструкциясы (тамырлар қабырғасының атерогенді липопротеиндермен инфильтрациясы, атеросклероздық түймедақтың немесе тромбтың түзілуінен тарылуы, фиброзға үшырауы.
2. Атеросклерозға ұшыраған тәж артерияларының түйілуіне байланысты динамикалық (өтпелі) обструкциясы.
3. Миокардтың оттегіге сұранысы күшейгенде атеросклерозға ұшыраған артериялардың кеңуге шамасының келмеуі.


4. Эндотелийлік факторлардың ролі. Эндотелийде тамыр тарылтатын (эндотелиндер) және кеңітетін эндотелийлік (вазодилятациялық) босаңсытқыш фактор — ЭБФ түзіледі.
5. Тромбоциттер агрегациясының күшеюі
6. Миокардтың оттегіге сүранысының күшеюі.
7. "Тәжаралық ұрлық" феномені пайда болуы.
8. Коллатеральдік қанағымның кемістігі
9. Липидтердің аса тотығу белсенділігінің артуы
10. Арахидон қ,ышқылы метаболизмінің липоксигеназдық жолының белсендірілуі
11. Энкефалиндер мен эндорфиндер түзілуінің бұзылысы

Жіктемесі


1. Күштемелік стенокардия- күш түсу стенокардияның даму механизмі: физикалық күш түскенде жүрек бұлшық етінде ишемия дамиды гипоксияға зат алмасудың бұзылуына метоболизм өнімдері ауырсынуды сезгіш рецепторларды тітіркендіреді де, науқас ауырсынуды сезінеді.
1.1. Алғаш пайда болған - 1 ай уақыт көлемінде алғаш дамыған стенокардия аталады. Критикалық стеноздан және атеросклероздық процестің тез өрістеуінен дамиды.


1.2. Тұрақты (стабильді 1-ден 4-ке дейін ФК-ын көрсетіледі)
I ФК — науқастар үйреншікті физикалық күштемені жақсы көтереді. Ұстамалар үйреншіктіден артық күш салынғанда пайда болады.
II ФК — үйреншікті дене белсенділігі сәл шектеледі. Тегіс жермен орташа жылдамдықта 500 метрден артық жаяу жүргенде және баспалдақпен 1 қабаттан артық көтерілгенде ұстама пайда болады.



III ФК — үйреншікті дене белсенділігі едәуір шектеледі Орташа жылдамдықта тегіс жермен 100-500 метр жаяу жүргенде баспалдақпен бір қабатқа көтерілгенде ұстама болады.
IV ФК — науқастың физикалық белсенділігі күрт шектелген. Үй тұрмысының жеңіл қызметінде немесе орташа жылдамдықта тегіс жермен жаяу жүргенде 100 метрге жетпей ұстамалар болып тұрады. Сонымен қатар күніне бірнеше рет тыныш күйдегі стенокардияның ұстамалары болуы мүмкін.

Үдемелі күштемелік стенокардия


ұстамалардың жиіленуі;
үйреншікті дене қызметіне төзімділіктің төмендеуі;
ұстамалардың үзаруы, кейде 20-30 минуткд дейін созылып, ' ангиноздық статусқа айналуы;
ұстама кезінде немесе одан тыс уақытта ырғақ бұзылыстарының - экстрасистолия, жыбыр аритмия, блокадалар, т. б. немесе ентікпенің пайда болуы;
нитроглицериннің үйреншікті дозасының өсер етпеуі;
ұстама кезінде АҚ ыршып құбылуы.Үдемелі күштемелік стенокардия миокард инфарктына, аритмияға, кенет өлімге алып келу мүмкіндігінен қауіпті.

Спонтанды (вазоспастикалык) стенокардия (ерекше варианттық, Принцметал стенокардиясы).


Спонтанды стенокардияға тән ерекшеліктер:
І.Ұстамалар дене қызметінен тыс, өз-өзінен кенет, әрдайым белгілі бір уақытта, көбіне түнгі мезгілде циклды түрде пайда болады.
2.Ұстаманың себебі - көбіне ірі субэпикардиальді артериялардың, толық окклюзия деңгейіне дейін, күшті спазмы. Көбіне тамырдың атеросклероздық түймедақ орналасқан сегменті түйіледі. Тамырдың түйілуін эндотелийдің дисфункциясымен, яғни тамырды кеңітетін және тарылтатын заттар арақатынасының бүзылысымен байланыстырады.


Тұрақсыз (стабилъді емес) стенокардия— тәж қан ағымының нашарлауын белгілейтін жөне миокард инфаркты дамуымен кауіпті стенокардия түрлерінің қосындысы.


Тұрақсыз стенокардияның құрамына стенокардияның келесі 5 түрі жатады:
алғаш дамыған стенокардия;
үдемелі күштемелік стенокардия;
IV ФК-ты стабильді күштемелік стенокардия постинфаркттық стенокардия (инфаркт дамуынан 24-48 сағаттан кейін болатын). Алғашқы 3 жылдың ішіндегі өлім саңы 40% құрайды;
варианттық стенокардия (1/4 миокард инфарктына немесе өлімге әкеледі).

Стенокардияның атипті түрлері немесе оның эквиваленттері.



Ауырсынудың орнына стенокардияның келесі эквиваленттері болуы мүмкін: аритмиялық, астмалық, перифериялық.

Диагностикасы

Дәрмектік сынама


Анаприлин
Негізгі мақсаты:
Ерте реполяризация сатысындағы бұзылысты анықтауға(STсегменті және T тісшесі);
Функциональды, органикалық және басқа жүрек ауруларымен дифференциальды диагностика жасау үшін қолданады.


Тексеру ашқарынға азанда жүргізіледі. Науқасқа ЭКГ түсіріп болғаннан кейін, 40-80мг анаприлин береді, дәрі бергеннен кейін 30,60 және 90минуттан соң қайтадан ЭКГ түсіреді.
Миокард кезінде , қарыншалық комплекстің соңғы бөлімінің өзгеруі бақыланады (Sтсегменті және Т тісше ), көп жағдайда анаприлин қолданған кезде ЭКГ қалыпты болады.
Қарсы көрсеткіш: бронхиальды астмада және жүрек жетімсіздігінде


Калий хлориді
Тексеру ашқарынға таң ертең жүргізіледі. Науқасқа ЭКГ түсіріп болғаннан кейін, суға араласқан 6-8г калий хлоридін береді, дәрі бергеннен кейін 30,60 және 90минуттан соң қайтадан ЭКГ түсіреді.
Миокард өзгерісі кезінде STсегменті мен T тісшесі дәрі қабылдағаннан кейін өзгереді.
Сынама кезінде кейде жүрек айну мен әлсіздік белгілері пайда болады.



Курантил
Негізгі мақсаты:
Коронарлы жетіспеушілікті анықтауда қолданылады, әсірісе физикалық күш жүктеуге болмайтын кезде.
Курантилді вена ішіне енгізгенде ми қан тамырларының бассейнінде қанның азайған ошақтарында ,одан да аз қан барады.ЭКГ түсіркен кезде стенокардия ұстамасы болады.
Процедураға дайындап, ЭКГда бақылаймыз. Курантилдің дозасы 9-12мл 0,5%ерітінді, оны 0,75мг/кг салмаққа өлшеп енгізеді. Курантилді енгізгеннен кейін 20минут бақылайды. Сынама сонында эуфиллин 10мл 2,4% ерінді енгізеді (курантилдің әсерін блоктайтын)
Жағымсыз әсері: аз уақыт беттің қызаруы, теріде аллергиялық бөртпелер, пульстің жиілеуі
Қарсы көрсеткіш: атеросклероздың ауыр сатысында, АҚҚ төмендегенде



Эргоновин
Вена ішіне енгізіледі, бастапқы дозасы - 0,05 мг. Келесі дозасы - 0,15мг және 0,3мг. Кезектік доза енгізер кезінде 5минуттық интервал болу керек. Стенокардия ұстамасы немесе ЭКГ да ишемиялық типтің өзгерістері болатын болса эргоновин енгізуді тоқтатамыз. Эргоновинді сынаманы дәріні енгізгеннен бастап 15 минут және келесі дозаны енгізген кезінде ЭКГ дан бақылап отырамыз.

Ақау болатын болса STсегменті изосызықтан жоғары немесе төмен болады, сонымен бірге стенокардия ұстамасы болады.
Егер эргоновиннің белгіленген дозадан асырып жіберсе стенокардия ұстамасы болады (STсегменті изосызықтан жоғары)
Қарсы көрсеткіш: миокардтың жедел ошақтық өзгерістері.

Изадрин


Изадрин
Атриовентрикулярлы блокадада және созылмалы эктопиялық тахикардияда қолданады
Тексеру ашқарынға азанда немесе тамақтанғаннан 2сағат өткен кейін және 30минут жатып демалғаннан кейін жүргізіледі. Науқасқа ЭКГ түсіріп болғаннан кейін, 5-10мг (1-2таблетка)изадринді тіл астына қоямыз. Пульс жақсарғанға дейін бақыланады (10мин кейін). Бұл кезде әр 5-10минут ЭКГ жазбаларын бақылайды. 2-3сағат бақыланады.
Қарсы көрсеткіш: кардиомегалия және миокардиальді жетіспеушілік

Күштемелік сынамалар


Мақсаты –жүректің оттегіге сұранысын жасанды күшейтіп, жасырын коронар шамасыздығын айқындау.

Велоэргометриялық сынама


Сынаманы 25Bт/мин қуаттылықтан бастап, жүрек соғу саны (ЖСС) субмаксимальді немесе максимальді деңгейге келгенше әр 3 минут сайын 25Bт/мин көбейтіп отырады. Көбінесе ЖСС субмаксимальді деңгейге жеткізеді

Субмаксимальді ЖСС адамның жасына қарай анықталады


Адамның жасы
Субмаксимальді ЖСС
20-29
170
30-39
160
40-49
150
50-59
140
60және одан жоғары
130


Оны мына формуламен де табуға болады:
ЖСС=200 – адамның жасы
Кейде сынаманы ЖСС субмаксимальді деңгейге жетпестен тоқтатуға мәжбүр болады:
I ВЭС тоқтату көрсетпелерінің клиникалық белгілері:
стенокардия ұстамасының пайда болуы;
Ауыр ентікпе немесе тұншықпаның пайда болуы;
АҚ- ның 220/120мм.сын.бағ биіктеуі, бас ауруы, жүрек айну, қол-аяқ бұлшық еттерінің ауыруы;
АҚ төмендеуі немесе оның күштеменің ұлғаюына сәйкес биіктемеуі;
Қорқыныш немесе басқа жағымсыз сезімдердің болуынан науқастың сынаманы аяқтаудан бас тартуы.


II ВЭС тоқтатудың ЭКГ-лық критерийлері:
-ST сегментінің әртүрлі депрессиясы (горизонтальді, қиғаш, астау тәрізді);
-ST сегментінің 1мм артық биіктеуі;
-аритмияның пайда болуы (экстрасистолия, пароксизмдік тахикардия, жыбыр аритмия, өткізгіштің бұзылысы).
ВЭС оң белгілері:
-стенокардия ұстамасының дамуы;
-ауыр ентікпе немесе тұншығу;
-АҚ төмендеуі;
-STсегментінің ишемиялық типті депрессиясы немесе биіктеуі




Стресс-ЭКГ қолданылады:
Жүрек аурулары кезінде (ишемияға күдік болған кезде қан тамырларының коронарлық стенозында және т.б.)
Стенокардиияның прогрессирлеуінің себебін анықтауда
Жұрек ұстамасының себебін анықтауда медикаментозды терапияның эффективтілігін бағалауда немесе хирургиялық араласуларда (шунтирование, ангиопластика)
Жүрек қан тамыр жүйесінің физикалық күштемеге толеранттылығын анықтауда
Жүрек клапандарының патологиясын анықтауда (аорталық немсе митралдық клапанның стенозы) және т.б.

Процедураға дайындық:


Процедураға дайындық:
Тексеруден бір күн бұрын науқас темекі шекпеуі керек, алкоголдьді сусындар және құрамында кофеин бар заттарды: кофе, шоколад, кола, банан, сонымен қатар анальгетиктер ішпеуі керек
Тексеруден үш сағат бұрын науқас тамақ және су ішпеуі керек
Емдеуші дәрігер тексерудің нәтижесіне әсері бар бірнеше дәрілерді тоқтатуына болады.
Тексерілу алдында науқас ыңғайлы киім және аяқ киім киуі керек жаттығу жасауға

ЕМІ


Артериалық қан қысымын түсіру мақсатында:
Ангиотензин тежеуші препараттар: «Лозап», «Козаар», «Вальсакор», «Атаканд», «Микардис» және т.б
Жүрект ің жұмысын жақсарту мақсатында
1.В-блокаторлар: «Эгилок», «Анаприлин», «Конкор», «Метопролол».
2.Нитраттар:«Нитроминт», «Изокет», «Моночинкве»
3.Жүрек гликозидтері: «Дигоксин», «Коргликон». Қолдануға көрсеткіші: мерцательная аритмия, выраженные отеки.


ЖҚА


эритроциттер 4,3х1012/л
гемоглобин 140 г/л
ТК 1,05
лейкоциттер 8,6х109/л
с/я 68%
т/я – 2%
эозинофилдер 2%
лимфоциттер 24%
моноциттер 4%
ЭТЖ 8 мм/сағ.


ЖЗА


Биохимиялық анализ


көлемі 100,0 мл,
салыстырмалы тығыздығы – 1020,
түсі – сары,
лейкоциттер– 2-3 к/а.


Глюкоза – 5,3 ммоль/л
Холестерин 6,7 ммоль/л
ТТЛП – 3,5 ммоль/л
ЖТЛП – 0,4 ммоль/л
Триглицеридтер – 2,8 ммоль/л
Креатинин – 112 мкмоль/л
Зәр қышқылы – 360 мкмоль/л


1. ЭКГ-да Р тісшелері жоқ
2. V1, V2, II, III и aVF шықпаларда әр түрлі жыпылықтаушы f толқындары байқалады
3. QRS комплекстер— қарыншалардың ырғағы дұрыс емес (R-R интервалдардың ара қашықтығы әр түрлі
4. QRS комплекстер көптеген жағдайларда қалыпты, өзгермеген, деформацияланбаған және кеңеймеген