ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 49
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектебі | №138 ЖОББМ | |
Пәні | Әдебиеттік оқу | |
Бөлім: | Су - тіршілік көзі | |
Мұғалімнің аты-жөні | Саипова Мадина | |
Күні: | 18.04..2023 | |
Сынып: 3 Б | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Көлде. Ғабит Мүсірепов | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрстырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық, таңдауына қарай мазмұндау, сахналау 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез- құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып бағалау | |
Сабақтың мақсаты | шығармадан қажетті ақпаратты тауып оқиды, кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептеріне мәтіннен дәлелдер келтіре алады. шығарма бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап бере алады. тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айта алады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру 8 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Топқа бөлу «Санау» әдісімен жүреді. Өткен тақырыпқа шолу, жаңа оқу материалын жариялау: - Мәтінді мазмұндау. - Бір-біріңе мәтін мазмұнын анықтауға арналған сұрақтар қойыңдар және жауап беріңдер. - Жаңбырға қатысты мақал-мәтелдер айтып, маңынасын ашыңдар. -Табиғатта жаңбыр суынан басқа қандай су көздерін атай аласыңдар? -Олай болса, бүгінгі сабақта көл туралы шығармаларды оқитын боламыз. | Жаттығу жасайды. Топқа бірігеді. Мәтінді тізбектей мазмұндайды Сұрақтарға жауап береді. | Қ.Б. 1-10 баллдық жүйе «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! | |
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 15 мин | (Ұ) 1- тапсырма «Рөлдік ойын» әдісімен орындалады. А) Сөздік жұмысы: Раң – шөптің аты. Кілең – барлығы, түгелдей. Қоғажай – орман ішінде, тоғайда өсетін шипалы өсімдік. Талма түс – күннің төбеге келген кезі. - Тиісті жерінде кідіріс жасап, өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Ә) «Көл жағасында», «Көлде» шығармаларын түсініп оқуға жаттығыңдар. Б) Автор туралы мәлімет: Ғабит Мүсірепов (1902–1985) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы қазіргі Ғ. Мүсірепов атындағы ауылда туған. Ана жайында жазылған әңгімелерінде ана бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем сипатталған. Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: -Қандай көлдерді білесіңдер? Олар қайда орналасқан? Сергіту сәтінде қазақ күйіне билейді. (Д) 2-тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асырылады. А) Суретпен жұмыс. - Суретке қараңдар. Өлең мен әңгіменің байланысын анықтаңдар. Айырмашылығын табыңдар. Ә) Кестемен жұмыс. Мәтіндерге сүйеніп, кестені толтырыңдар. - Кестедегі тіркестерді пайдаланып, «Көлде» деген мәтін құрастыр. 1. Көл жағасындағы өсімдіктер. 2. Көлдегі тіршілік. 3. Көлдің пайдасы. | - Өлеңді түсініп оқиды. Билеп сергиді. -Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді. | Дескриптор: - Сөздікті жазып, жаттайды-1балл. Өлеңді, мәтінді мәнерлеп оқиды-2балл. Автор туралы әңгімелейді-1балл. Дескриптор: - Өлең мен әңгіменің байланысын анықтайды-2балл. - Мәтіндерге сүйеніп, кестені толтырады-2балл. - Кестедегі тіркестерді пайдаланып, «Көлде» деген мәтін құрастырады-2балл. | Оқулық |
Кері байланыс 5 мин | Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді. Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды. Оқу тапсырмасы: өлеңді жаттау. | Сабақтан түйген ой-пікірін айтады. | ҚБ қойылады. | |