ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 42
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Еңбекпен тапқан тиын
Біреудің ерке ұлы болыпты, өзі жалқау екен. Әкесі оны бағып-қағып, асырапты. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген әке әйеліне айтыпты:
-Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол – жалқау. Барды ұқсату, табыс табу бұның қолынан келмейді.
Жаны ашыған анасы ұлына он сомдық алтын береді: «Мынаны еңбегіме алған едім», - деп, әкеңе алтынды сыйлағайсың.
Кешке алтынды әкесіне ұсынады. Алтынды шал лаулап жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:
-Бұл сенің еңбекпен тапқан ақшаң емес, - депті.
Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы:
-Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Онан да ақшаны жұмыс істеп тап, - деп ақыл айтыпты.
Бала үйінен кетіп, апта бойы жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне әкеп береді. Қария алтынды тағы да отқа лақтырып жібереді. Бұған ұлы шыдай алмай, жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да:
-Әке! Мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Мұныңыз қалай? – деп айқай салыпты.
Әкесі тұрып:
-Бұл ақшаны өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім енді жетті, - депті ұлына. (145 сөз).
Жапонияда жаңа жылды қарсы алу дәстүрі
Жапондар жаңа жылды түнде қарсы алмайды. Олардың Жаңа жылы бірінші қаңтар күні, таңмен бірге басталады. Таң алдында жапондар үйлерінен шығып, көтеріліп келе жатқан жаңа жылдың алғашқы күнін қарсы алады. Сауық - сайран содан кейін басталады.
Кісіге сыйлық тарту – жапон ұғымында үлкен құрмет. Сондықтан Жаңа жыл күні әдемі кимоно киген әйелдер мен барын үстіне киіп, сәнденіп шыққан еркектер біріне - бірі сыйлық таратады. Жапондар Жаңа жыл дәстүрі бойынша, көшеге қолдарына қарағайдың, тал, қарақаттың бұтақтарымен безендірілген бамбук шыбық ұстап шығады. Жапон халқының ырымы бойынша, қолына бұл күні әлгіндей әшекейлі бамбук ұстап шыққан адамға қарағай жасының ұзақтығы, бамбуктың беріктігі, қарақаттың тез өсасиеттері дариды - мыс. (100 сөз).