ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 87
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| «Астана медицина университеті» КеАҚ | С – 1.11 |
Жалпы фармакология кафедрасы | беті беттін |
СИЛЛАБУС
Пән Фармакология негіздері
Мамандық 6В10118 «Педиатрия»
Практикалық сабақтар 20 сағат
ОБӨЖ 10 сағат
БӨЖ 30 сағат
Барлығы 2 кредит/60 сағат
Курс 2
Нұр–Сұлтан, 2022 ж.
Силлабус Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығы 2020 жылғы 21ақпандағы ҚР ДСМ-12/2020 өзгерістермен және толықтырулармен негізінде жасалды.
Силлабус кафедра отырысында талқыланды және бекітілді
«27» тамыз 2022 жылғы №1 хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Таржанова Д.Ш.
-
Оқытушылар туралы мәлімет:
№ | А.Ж.Т. | Лауазымы / дәрежесі | Телефон, электрондық адрес. |
| Таржанова Динар Шакеновна | Медициналық ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі | 87019991257 |
| Бекова Анар Нуркеновна | Оқытушы | 87014739882 |
-
Байланыс ақпараты: Жалпы фармакология кафедрасы Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа көшесі 33 мекен-жайы бойынша,«Астана медицина университеті» КеАҚ оқу корпусының 8 қабатында орналасқан. Телефоны: 44-41-60.
-
Пән саясаты:
Студенттер міндетті:
-
Практикалық сабақтарға тақырып бойынша дайындалып келуі керек. Себепсіз дәріс пен практикалық сабақтардан қалмауы және білім алушының оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмысына (БОӨЖ) кешікпеуі, кешіккен жағдайда аудиторияға оқытушының рұқсатымен кіруі керек. -
Практикалық сабақтарға және білім алушының оқытушының жетекшілігімен
жүргізілетін өзіндік жұмысына (БОӨЖ) жүйелі түрде дайындалу.
-
Жалпы «АМУ» КеҚА да қабылданған форма (таза, ақ халат), ұқыпты таза
сыртқы келбет (халаттарының түймесі тағылған, қыздардың шаштары жиналған, аяқ киімдері таза және т.б.) болуы керек.
-
Университетке шолақ шалбар (шорты), майка, спорттық киім, шәркей
(шлепки,сланцы) киіп келуге болмайды.
-
Практикалық сабақтар мен дәрістерде ұялы телефондарын сөндіруі тиіс. -
Қортынды сабақтарды (аралық бақылау) уақытында (күнтізбелік жоспарға
сәйкес) тапсыруы қажет.
-
Күнтізбелік – тақырыптық жоспарға сәйкес білім алушылардың өзіндік
жұмысын (БӨЖ) уақытылы тапсыру қажет. Әрбір студент БӨЖ-ның 1 тақырыбын дайындауға және қорғауға міндетті - №3 АБ-ға дейінтапсыру қажет. Реферат пен презентацияға қойылатын талаптар "Силлабустағы толықтырулар мен өзгерістер"бөлімінде көрсетілген.
-
Емтиханға ұялы телефондарын, құлақ қаптар, гаджеттер мен даярланған
жазбақағаздар (шпаргалкалар) және басқа да байланыс құралдарын алып келуге болмайды (айыппұл шараларын қараңыз).
-
Медициналық этика және деонтологияның негізгі қағидаларын қадағалап,
барлық оқупроцессінің қатысушыларына сый-құрмет көрсетуі тиіс.
-
Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау. -
Деканаттан берілген рұқсат қағаз немесе қызметтік өкім бойынша, кафедраның сабақты өтеу кестесіне сәйкес себепті, себепсіз жіберілген сабақтарды өтеуі тиіс.
Студенттер құқылы:
-
Дәрісті оқитын оқытушыға немесе сабақ беретін оқытушыға фармакология
мәселелерін қамтитынсұрақтар қоюға.
-
Егер дәріс оқитын оқытушымен немесе сабақ беретін оқытушымен көз
қарасы сәйкескелмейтін жағдай туындаса, сол тақырып бойынша туындаған ойларды ғылыми негіздеп, дәлелдеуге.
-
Егер тақырып бойынша кейбір сұрақтар толық қамтылмаса, оқытушыдан
қосымша түсініктеме сұрауға.
-
Өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша кафедраның СҒҚ
кружоктарына қатысуға.
-
Емтиханның бағасымен келіспесе, комиссиялы қайта тапсыруды талап
етуге.
-
1 күнде 2 жіберілген сабақтарды өтеуге, кафедраның кестесі бойынша -
Қорытынды бақылауға ЖРБ 50 баллды құраса, бірақ өтелмеген сабақтары
болса да жіберілу құқы бар(айыпталу шараларын қараңыз).
Айыптау шаралары
-
Практикалық сабақтар мен дәрістерге студенттер формасыз (ақ халат)
кіргізілмейді.
-
Дәрістер мен практикалық сабақтарға 5 минутқа кешіккен студенттер
оқытушы/лектордың рұқсатынсыз кіргізілмейді.
-
Практикалық сабақтар мен дәрістерде ұялы телефондарын сөндірмеген
студенттер сабақтан шығарылады және сабаққа қатыспады деп есептелінеді.
-
Егер студент БӨЖ уақтылы тапсырмаса, онда ол №5 аралық бақылауына
жіберілмейді.
-
Егер студент, себепсіз аралық бақылауды уақытында тапсыра алмаса , ол аралық бақылауды өтегеннен кейін, студентке 20 балл кем қойылады.
-
Егер білім алушы ЖРБ 50 және одан жоғары балл алмаса, қорытынды
бақылауға жіберілмейді.
-
Емтиханда ұялы телефондар, құлақ қаптар, гаджеттер мен даярланған жазба
қағаздар (шпаргалкалар) және басқа да байланыс құралдарын қолданған жағдайда емтиханнан шығарылады, «қанағаттанарлықсыз» баға қойылады.
-
Егер аралық және қорытынды жазбаша жұмыстарды тексеру кезінде жұмыстың көшірілгені анықталса (плагиатқа қарсы тексеру), содан кейін жұмыс қабылданбайды, жауабы толықтай жойылады. Университеттің барлық студенттері Академиялық адалдық саясатын қолдауға жауап береді, сондықтан барлық бағаланған жұмыстарды жазу кезінде ережелер мен нұсқаулықтарды сақтау керек.
-
Академиялық адалдық саясаты:
Университеттің барлық білім алушылары академиялық шындық саясатын қолдауға жауапты. Білім алушылар берілген өзіндік жұмыстың орындалуына өзі жауапты екенін түсінуі, емтиханды және басқа да бағаланатын жұмыстарды орындау кезінде ережелер мен нұсқауларды ұстануы қажет. Университеттің білім алушылары академиялық шындық қағидаларын бұзғаны үшін дисциплинарлық жауапкершілікке тартылады.
4. Сағаттарды бөлу:
№ | Пән атауы | Жалпы сағат саны | Аудиториялық сағаттар | БӨЖ | Қорытынды бақылау түрі | ||
Дәріс | Тәжірибелік сабақтар | ОБӨЖ | |||||
| Фармакология негіздері | 60 | - | 20 | 10 | 30 | Сараланған сынақ (жазбаша) |
| Барлығы: | 60 | - | 20 | 10 | 30 | |
5. Пән мақсаты:
Студенттерде дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының заңдылықтары туралы жүйелі түсінік қалыптастыру. Студенттерді алынған білімдерінің негізінде, замануи дәрілік заттардың кең ағымына бағдарлануға, нақты клиникалық жағдайларда, емдік және профилактикалық шаралар үшін қажетті дәрілік затты дұрыс таңдай алуға үйрету.
-
Оқытудың соңғы нәтижелері:
А. Білу және түсіну
Фармакология пәніне оқыту студенттерге келесі білімдердің игерілуін міндеттейді:
-
Дәрілік заттардың заманауи жіктелуі. -
Дәрілік заттардың фармакокинетикалық заңдылықтары. Жеке дәрілік
заттардыңтобы мен жекеленген препараттардың фармакокинетикалық ерекшеліктері. Дәрілік заттар фармакокинетикасының оларды қолдану әдістері мен жиелігіне, әсер ету ұзақтығына, фармакокинетикалық тиімділігіне және т.б. әсері.
-
Дәрілік заттардың фармакодинамикалық заңдылықтары. Жеке дәрілік заттар
тобының фармакодинамикалық ерекшеліктері.Препаттардың әсер ету механизмінің олардың фармакологиялық әсерінің ерекшеліктеріне әсері және оларды негізді тағайындау.
-
Дәрілік заттардың жанама және токсикалық әсерлері және клиникалық
тәжірибеде олармен күресу әдістері.
В. Білімдерін және түсініктерін қолдана білу
Фармакология негізінде алынған білімдер қамтамасыз етеді:
-
Арнайы патологиялық жағдайларда дәрілік заттардың фармакокинетикалық
жәнефармакодинамикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті дәрілік затты таңдау қабілеті.
-
Дәрілік заттардың жанамажәне токсикалық әсерлерін анықтап, олардың
неліктеносы жағдайда көрініс беру себебін түсіндіре білу.
-
Рецепт жазуға қойылатын заманауи талаптарына сәйкес әртүрлі дәрілік
формадағыдәрілік заттарға рецепт жазу дағдысы.
С. Өз пікірін жеткізе білу
Фармакологияны оқу студенттерге дәрілік заттардың базалық топтарының әсер ету механизмін жүйелік, мүшелік, жасушалық , молекулярлық деңгейде түсінуге және алған білімдері арқылы дәрілік заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамикасы туралы анализдеуге, олардың терапиялық тиімділігі мен қолдану көрсеткіштерін, Жанама әсерлерін және қолдануға қарсы көрсеткіштерін логикалық түрде байланыстыруға мүмкіндік береді.
Д. Коммуникативтік дағдысы
Фармакологиядан алынған теориялық білімдері студенттерде клинкалық мақсаттарына қажетті ғылыми әдебиет көздерін табу және қолдануға, аудиторияға алынған ақпаратты адекватті және жеткілікті түрде түсіндіре алуға үйретеді.
Алған білімдеріне негізделе отырып студент жекелей дербес түрде өзі оқуға және кәсіби топтың мүшелерін оқытуға, дискуссия, конференция, семинарларға белсенді түрде араласуға икемді.
Е. Оқуға қабілеттілігі
Студент дәрілік заттарды емдік, алдын-алу және денсаулық сақтаудағы басқа да мақсаттар үшін пайдалануға фармакология саласындағы арнайы білімді өз бетінше алуға қабілетті.
7. Оқу нәтижелерінің тізімі:(ОН)
ОН-1 | Дәрілік заттардың (ДЗ) қазіргі заманғы халықаралық сыныптамаларға сәйкес белгілі бір топқа жататындығы туралы базалық білімді меңгеріп және оны жаңғырта алады |
ОН-2 | Рецепт жазуға арналған заманауи талаптарға сай, дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік формаларынарецепт жаза біледі |
ОН-3 | Клиникалық және клиника алды пәндермен фармакология пәнінің арасындағы байланысын түсіндіре алады. ДЗ фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын, қолданылуы үшін көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін анықтау үшін басқа пәндерден алған білімдерін қолдана алады |
ОН-4 | Денсаулық сақтау саласында фармакология бойынша емдік, алдын - алу шаралары және де басқа да мақсатта өзіндігімен арнайы білім ала алады |
ОН-5 | Заманауи ғылымның даму барысында базалық топтағы дәрілік заттардың әсер ету механизмдерін түсіндіре алады. Алған білімдерін талдай отырып дәрілік заттардың терапиялық әсерлері мен қолдану көрсеткіштер және жанама әсерлерін, қарсы көрсеткіштерін логикалық байланыстыра алады |
ОН-6 | Дәрілік заттардың әсер ету механизмдеріне сүйене отырып, фармакодинамикасы мен фармакокинеткасының ерекшеліктеріне қарай, әртүрлі патологиялық жағдайларда қай препарат тағайындалатынын айтып бере алады |
ОН-7 | Қойылған мақсаттарға сай фармакология саласы бойынша ғылыми оқулықтарды тауып қолдана алады және алған мағлұматтарын аудиторияға жетікізе алады |
ОН-8 | Өздігінен дайындала алады және басқа да команда мүшелерін оқытып, дискуссиялар, конференциялар мен семинарларға белсенді қатыса алады |