Файл: дістсілдер тізбесі А б в А,В,С Айдаар Айын масат оя отырып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 860
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлем қалай аталады? -
Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрі. -
Құрамында бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы тауып алуға болатын сөйлем. -
Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлемнің түрі.
-
Төменде берілген сөйлемдердің құрылысы қалай жасалған?
-
Сен қалай ойлайсың? а) бұл толымсыз сөйлемдерді толымды сөйлемдерге айналдырсақ, автордың ойын көркемдеп жеткізу тәсіліне нұқсан келе ме? ә) егер нұқсан келсе, себебін түсіндір; б) мұндай баяндау әдебиеттің қай түрінде кездеседі?
| Сұрақтар түрі | Сұрақтар ерекшелігі, мысалдар | Олар не үшін қажет? |
| Қарапайым | «Не?..», «Қашан?..», «Қайда?..», «Қалай?..» сұраулы сөйлемдерден басталады | Белгілі бір ақпаратты, мәліметті еске түсіру, анықтау үшін |
| Нақтылайтын | «Яғни сен...деп айтып тұрсың ғой?», «Егер мен дұрыс түсінсем,...?», «Мен қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше, сендер.....деп айттыңдар?» | Хабарламада айтылмаған, бірақ соған меңзеліп тұрған мәліметті алу үшін |
| Түсіндірмелі | «Неліктен?..» сұрауынан басталады | Себеп-салдарлық байланыстарды орнату үшін |
| Шығармашылық | «Егер де...» шартты рай шылауының қатысуымен жасалады: «Егер де...не болады?», «Қалай ойлайсыңдар, егер де...қалай дамыр еді?» | Болжам жасау үшін, мәселені жан-жақты қатыстыру үшін |
| Бағалаушы | «Неліктен бір нәрсе жақсы, енді бір нәрсе жаман?», «Бір сабақтың екінші бір сабақтан айырмашылығы қандай?», «Бас кейіпкердің іс-әрекетіне қалай қарайсыңдар?» | Оқиғалар, фактілер мен құбылыстарды бағалау, критерилерін анықтау үшін |
| Қолданбалы | «...қалай қолдануға болады?» «...не жасауға болады?», «Өмірде қай жерде кездестірер едіңдер?» | Теория мен практика арасында байланыс ортату үшін |
«Боди-арт»Барлық қатысушылар бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушыға салады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы және бірінші баланың суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады. Жағымды ахуал туады.Екі қатарға тұрып, қай қатардың нәтижесі әрі тез, әрі дұрыс болғандығын салыстырып, жарыстыруға да болады.«Борт журналы» «Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:
| Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін? | Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім? |
| | |
Бір-екі сипаттан кейін жүргізуші оқушылардан: «Бұл кім? Сіздер таптыңыздар ма?» деп сұрап, олардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылар таппаса, сипаттауды әрі қарай жалғастыра береді.Мысалы, «Бұл оқушының күлкісі өте әдемі. Ол ақ жейде киген...Ол кім?... Бұл оқушыны жолдастары сыйлайды. Оның қолында қаламсап бар... Ол кім?...».Бұл ойсергек оқушылардың бір-біріне деген ынта-ықыластарын арттыруға бағытталған: оқушылар өздері және өзге жолдастары туралы әңгімелерді өте ұнатады.«Бұлт үстіндегі саяхат»Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңқаларлық оқиға орын алуы мүмкін....(30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар...Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер.«Былғары қолғап» Ойын шарты: үш адамнан тұратын топтарға бөлініңдер: екі ойыншы, бір төреші. Мұғалім нұсқаған уақытта берілген тақырып бойынша сұрақ-жауап сағатын ұйымдастырасыңдар. Ол қарсыласың тоқтап қалғанша жалғаса береді. Төреші есеп жүргізіп отырады. Рөлдермен ауысып жүргізуге болады.«Біз де»Ойынның шарты: Әңгімені зейін сала тыңдап, бұрыс пікірге қосылмау керек.1. Мен өзенге бардым. «Біз де!»2. Онда үйрек ұстап алдым. «Біз де!»3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. «Біз де!» Осыны айтып қалған оқушылар ойыннан шығады.«Білетініңіздің барлығы»Оқушылар тарауды оқуға кірісудің басында ________ туралы не білетінінің барлығын жазады. Сосын мұғалім қайталауды болдырмас үшін, алынған ақпаратты пайдалана отырып, оқуды тиісті жолмен жүргізеді. «Білімдарлар» Ең алдымен, ойынның басында «білгірлер» анықталады, олар өздеріне топ құрады. Ойынға қатысушылар топтары бойынша парта басына отырады. Бір топ тақта жанында қалады. Басқа топтардың өкілдері оларға оқылған тақырыптары бойынша сұрақтар қояды.Топтың сұрақты өз ішінде талдауы 20 секунд қана жүреді де, бір оқушы жауап береді (кезекпен). Жеңімпаз топ дұрыс жауаптар мөлшерімен анықталады.
«Бір ауыз сөз»Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б«Бірге ойлаймыз»Бұл сыныбыңызда талқылауға және диалогқа ықпал ететін және «Қолыңды көтеріп адамға сену» көзқарасынан бас тартуға көмектесетін жақсы тәсілі. 1. Оқушыларды 4 адамнан тұратын топқа бөліп, әр оқушыға 1-ден 4-ке дейін нөмір беріңіз. 2. Одан кейін сіз оқушыларға топта талқылау үшін сұрақ қоясыз. Берілген уақыт біткеннен кейін, олар өз жауаптарын планшетке жазады және сыныппен бөліседі. Сізге балалар арасында бәсекелестік тудыру үшін ұпай есептеу жүйесін пайдалануға болады. Одан кейін барған сайын күрделілігі артатын сұрақтарды пайдалана отырып, сипатталған қадамдарды қайталайсыз. «Бір қадам алға...»Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім столына жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.«Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру»Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс істеуді талап етеді. Әрине, ОүБ-нің өзі бірлескен жұмысты білдіреді, сондықтан бірлескен жұмыс дағдысын айқын және анық қалыптастыру қажет. Аталған үдерісті оқушылармен бірлескен жұмыс түсінігін талқылау арқылы бекітуге және осындай сабақты сабақтың көзге көрінетін бөлшегі етуге болады. «Бірлік»Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады. Мақсат: оқушылардың барлығы да бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ көрсеткенге дейін жалғасады.Ойын кезінде оқушылар сөйлеспеуі керек.«Бір сөйлеммен түйіндеу»Оқушылар олардың тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады. Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады, немесе көшіріп жазады, т.б.«Венн диаграммасы»Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни, салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.