Файл: 40. Л. С. Выготскиді дамуды жаын аймаы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 47

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

40. Л.С. Выготскидің дамудың жақын аймағы

Қалыпты және дамуында ауытқуы бар балаға бірдей заң. Дамудың жақын аймағы. Біріншілік және екнішілік кемістіктегі орны басу (компенсация) теориясы.

Кемістіктің әсері унемі екіжақты: бір жағынан, ол ағзаның қалыпты әрекетін қиындатады,

екінші жағынан - кемістіктің орнын толтыратын, басқа қызметтердің қарқынды жетілуіне жағдай жасайды. Л. С. Выготский былай деп жазады: «Жалпыға бірдей бұл заң, ағзаның

биологиясына да, психологиясына да бірдей қатысты: кемістік минусы компенсация плюсіне айналады»

.«Жақын даму аймағы» көрнекті кеңес психологы Л.Выготский (1896-1934) оқыту мен дамудың байланысын зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді. Жақын және ӛзекті даму аймағы туралы ереже. «Жақын даму аймағы» мәнінде, Л. С. Выготский «жетілу Үдерісіндегі қызметтерді, яғни, әзірше ұрық кейіндегі, піскен Жеміс деп атауға келмейтін, тек бүршік немесе гүлі деп атауға Болатын», енді жетіліп келе жатқан қызметтерді айтады. Осылайша, «жақын даму аймағы» ағымын қарастыруда, Л.С. Выготский тағы бір маңызды тезис усынды. Онда ақыл-ойы Кем баланың ой-ӛрісінің дамуын анықтауда, оның нені Меңгергендігін, баланың «әзірге даму динамикалық Куйінде тұрған үдерістерін» есепке алу қажеттілігі айтылады. Л. С. Выготскийдің пікірінше, «жақын даму аймағы», Баланың жасына сәйкес емес, күрделі мәселелерді ересектердің көмегімен шешу үдерісінде айқындалады. Сөйтіп, ақыл-ойы кем Баланың мүмкіндігін бағалау, екі көрсеткіш негізінде жүреді: Ересектер тарапынан берілген көмекті қабылдай білу және аналогиялық тапсырмаларды ӛз бетімен орындай білу дағдысы.

Орнын толтыру (компенсация) – даму кемістігі немесе зақымдану нәтижесінде жойылған, бұзылған қызметтердің орнын толтыру. Бұған зақымданған және жоғалған қызметтерды қалпына келтіру мен алмастыру енеді. Кемістіктің орнын толтыру, ағзаның бейімделу

реакциясының бір түрі . Әдетте, компенсация удерісіне ағза толық қатысады, ӛйткені

қандай бір жуйенің бұзылуынан, ағзада ӛзгерістер пайда болады, олар тек зақымданған қызметпен ғана байланысты емес (алғашқы кемістік), ол басқа жуйелерге әсер етеді (туынды кемістік).

Ағза қызметтерінің компенсациясы, екі деңгейде жҥзеге асады: жүйеішілік және жҥйеаралық.

Жүйеішілік орын толтыру немесе компенсация, сол жҥйенің ішіндегі мүмкіндіктерді пайдалану есебінен жүзеге асады. Мысалы, өкпе қабынған кезде, әдетте, тыныс алуға қатыспайтын жоғарыдағы тыныс мүшелері жұмыс істей бастайды; бір ӛкпе істен шықса, екіншісінің жұмысы күшейе түседі .


Жуйеаралық орын толтыру немесе компенсация, қызметтердің қатты зақымдануында болады, бұл ағзаның күрделі түрдегі қайта құрылуы , зақымданған жҥйелердің орнына ӛзге

жуйелер қосылады Мүлдем жойылған немесе ауыр зақымданған анализаторлар

компенсациясы, басқа сенсорлық жуйелердің алмасуымен орындалады. Мысалы, көру кемістігі сипап-сезу мүмкіндігімен алмасады. Есту қабілеті жойылған жағдайда, сӛйлеуді қабылдау кору арқылы жүзеге асады («ерін қимылын оқу»), дактиль әліппесін оқу

сау бала мен кемтар бала бірдей заңдылықтармен дамиды. Демек қалыпты және дамуы

ауытқыған балалардың дамуындағы факторлар бірдей. Бірақ жалпы заңдылықтармен бірге, ол кемтар баланың Ӛзіндік даму ерекшеліктерін де атап кӛрсетті.

41. ҚР-да арнайы білім беру жүйесінің дамуы мен құрылуының тарихы

Қазақстанда ауытқулыктары бар балаларға арнайы білім беру жүйесінің құрылуының алғышарттары өткен ғасырдың 20-жылдардан бастау алған. Аталмыш балаларға білім мен тәрбие беруді дамытуды сол кезеңнің танымал тұлғаларының қызметтері үлкен рөлатқарды. Ауытқулықтары бар балаларға көмек көрсетуді ұйымдастырудың алғашқы қадамдары ресейлік тәжірибені ұйымдастыру негізінде әзірленген. Ал 30-шы жылдары республикада арнайы білім беру жүйесінің дамуы жалғаса берді. Арнайы білім беру жүйесінің дамуында маңызды жаңалық болып 1931 жылы 8-маусымда халық ағартушылық комитетінің мәжілісі қабылдаған ауытқуы бар балаларға арнайы білім беруді міндетті түрде беру туралы шешім қабылданған. 1931-1932 оқу жылдарының басынан республикада естімейтін және көрмейтін балаларға арналған 2 типтегі арнайы мектептер ашылды.Көрмейтін балаларға білім беруде де қиыншылықтар кездесті. Арнайы оқу құралдарының болмауы, мамандардың жоқтығы салдарынан біршама қиындықтар болған. 1937 жылдан бастап Семей, Ақтебе, Орал, Қарағанды мен Қостанайда естімейтін балаларға арнайы мектептер мен балалар үйлері ашыла бастады. Сол уакытта мамандардың жетіспеуі ерекше сезілді. 30 жылдардын ортасына дейін республикадағы арнайы мекемелерде дефектолог мамандар болған жоқ. Ауытқулықтары бар балалармен жұмыс істеуге жоғарғы білімі бар дефектолог мамандары қажет болды. Осы кезде тифлопедагогтар мен олигофренопедагогтар жоқ болатын.Жалпы 20-30-шы жылдары дамуында ауытқулықтары бар балаларға арналған оқыту, тәрбие беру мекемелеріндегі педагогикалық мамандарды даярлау біліктілігін жоғарлау жүйесінің қалыптасу кезеңін бастан кешірген.1920-1945 жылдар аралығында республикада арнайы білім беру мен тәрбие беру жүйесі қалыптасуының маңызды кезеңі болды. Осы жылдардағы қиыншылыктарға карамастан бұл кезең Қазақ Республикасындағы арнайы білім беру жүйесі кұрылуының негізгі, бастапқы іргетасын қалады.1962-1963 оқу жылынан бастап Қазақстан түлектеріне Киев, Мәскеу,Ленинградтагы педагогикалық институтарында дефектология факультетіне түсу үшін арнайы орындар берілген. Өз елімізде дефектолог мамандарды даярлауды ең алғаш Абай атындағы Қазак Педагогикалық Институтында бастаған. 1976-1977 жылы дефектология факультеті қазакстандық арнайы білім беру жүйесіне дефектолог мамандарды оқыту тәжірибесінің іргетасын қалаған. КазПИ-дің дефектология факультетін ашуға белсенді қатысып, дамуына өз үлесін қосқан озат дефектолог ғалымдар: Намазбаева Ж.И., Сүлейменова Р. А., Өмірбекова Қ.Қ., Бектаева К.Ж, Буфетов Н.М. т.б.Дефектология ғылымының дамуы Ж.И. Намазбаеваның кемтар баланың тұлғасын зерттеу жұмыстарынан басталған. 1971 жылдары акыл- ойы кемтар балалардың өзін өзі бағалау тұлғалык ерекшеліктерін зерттеген, кейін бұл бағыттағы жұмыс жалғасып, 1986 жылы психология ғылымының докторлык диссертациясында дәлелденген.



42. ҚР диагностикалық кеңес

ПМПК-ның негiзгi мiндеттерi:
      1) туғаннан 18-гe дейiнгi балалар мен жасөспірiмдердiң даму ерекшелiктерiн анықтау, диагнозын белгiлеу және оларды емдеу, оқыту мен тәрбиелеудiң лайықты жағдайларын анықтау.
      2) баланың арнайы қажеттiлiктерiн анықтау және оның медициналық, арнайы бiлiм, арнайы әлеуметтiк қызмет көрсетуге берiлген құқығын белгiлеу;
      3) баланың жай-күйiнiң өзгеруiне байланысты оған бұрын қойылған диагнозды және арнайы қызмет көрсетуге берiлген құқығын қажет болған жағдайда растау, нақтылау және өзгерту;
      4) қажеттiлiгiне қарай балалар мен жасөспiрiмдердi мұқият тексеру, емдеу және динамикалық бақылау жасап отыру үшiн оларды ғылыми-зерттеу, диагностикалық орталықтар мен профилактикалық-емдеу мекемелерiне жiберу;
      5) балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық және әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу, кемтар баланы оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау және оларды арнайы бiлiм беру ұйымдарында емдеудi, тәрбиелеудi, оқытуды ұйымдастыру;
      6) дамуында әр түрлi ауытқушылықтары бар: мектепте үлгермейтiн, тәртiбi, эмоциялық-ерiк аясыбұзылған, басқалармен қарым-қатынасы қиындық көретiн, оның iшiнде арнайы түзеу ұйымдарына жiберуге жатпайтын балаларды емдеу, тәрбиелеу және оқыту мәселелерi бойынша олардың ата-аналарына (не оларды алмастырушыларға), педагогтарға, дәрiгерлерге консультациялық көмек көрсету;
      7) дамуында әр түрлi ауытқушылықтары бар және мамандандырылған жәрдемдi қажет ететiн балаларды, оның iшiнде ерте сәби жастағы балаларды дер кезiнде анықтау мәселелерi бойынша бiлiм, әлеуметтiк қорғау және денсаулық сақтау басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен бiрлесе жұмыс iстеу;
      8) кемтар балаларды бiлiм, әлеуметтiк қорғау және денсаулық сақтау басқару органдарымен бiрлесiп, олардың медициналық арнайы бiлiм мен әлеуметтiк қызмет көрсету қажеттiлiктерiн есепке алу және есеп жүргізу. Бiлiм беру, әлеуметтiк қорғау және денсаулық сақтау басқару органдарына кемтар балаларға арналған арнайы түзеу мекемелер желiсiн дамыту жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      9) кемтар балалардың физиологиялық психологиясы жай-күйiнiң ерекшелiктерi туралы халық арасында бiлiм беру, әлеуметтiк қорғау және денсаулық сақтау қызметкерлерінің түсiндiру жұмыстары;
      10) тәрбиелеу және оқыту процесiнде балалар мен жасөспiрiмдердiң даму динамикасын зерделеуде арнайы түзеу ұйымдарының педагогтарына әдiстемелiк басшылық жасау және көмек көрсету;

      11) кемтар балаларға арналған арнайы түзеу ұйымдарының желiсiн дамыту жөнiнде бiлiм беру басқармаларының ұсыныстар енгiзуі болып табылады.

ПМПК-да мынадай құжаттар жүргiзiледi: консультацияға алдын ала жазылу журналы, тексеруден өткен балаларды есепке алу журналы, барлық мамандардың тексеру барысы мен нәтижелерi жазылатын баланың даму картасы, ПМПК-ның ұсынымдары мен қорытындылары қоса көрсетiлген картаның көшiрмесi.

ПМПК-ның мамандары тексерудiң барлық түрлерiнiң нәтижелерiнде көрсетiлетiн баланың даму картасын толтырады және ПМПК-ның жалпы тұжырымын шығарады.      Әрбiр баланың даму картасын жүргiзуi және оларды 5 жыл бойы сақтауы, одан кейiн мұрағатқа өткiзуi қажет

Тұжырым (даму картасының көшiрмесi) ата-аналарының немесе оларды ауыстыратын тұлғаға берiледi. Тұжырымда немесе көшiрмеде даму картасынан алынып мыналар көрсетiледi:
     1)баланың интеллект жағдайы,
     2)кеңейтiлген неврологиялық диагноз;
      3) психиатриалық диагноз: баланың психикалық ауруы және бұзылыстары бар болғанда қажет болған жағдайда тиiстi МКБ 10-мен белгiленедi;
     4) сөйлеу бұзылыстары болған жағдайда - логопедтiң тұжырымы;
      5) қосарлана жүретiн аурулар мен синдромдар (органдар мен жүйелердiң созылмалы аурулары, нерв жүйесiнiң тұқым қуалайтын-дегенеративтiк аурулары, сондай-ақ патопсихологиялық, нейропсихологиялық синдромдар, мектепке бейiнделмеу).

Сурдопедагог

Бала және сауалнамаға сәйкес үлгідегі жеке пікірі, және баланың одан әрі оқыту мен тәрбиелеу үшін нақты ұсыныстар орнатылған тексеру мәселе құжаттаманың өзге де (Instrumental) әдістерін бақылау арқылы педагогикалық зерттеу жүргізеді.

Кешенінде анықталған бұзушылықтарды түсіндіру баланың сөйлеу және айтылу дағдыларын дамыту мониторингі арқылы есту бастапқы анықтау және балалардың ерекше көмегіарқылы жүргізіледі.Динамикасын уақтылы қамтамасыз ету үшін мекемелерде балалардың сауалнама жүргізу

Диагностика айыру есту қабілеті нашар балаларға ата-аналары көмек көрсетеді.

Тифлопедагог

Анықтайды және бастапқы патология диагнозбен балалар қаматамасыз етіледі,көзбен қабылдау және қорғау дамыту үшнбалалармен жұмыс істеу үшін мамандар ұсыныстар береді.Балалар мен жасөспірімдердің сауалнамасында белгіленген үлгідегі құжаттарды дайындайды.Ол оқыту кезінде балалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілік көтереді. Әлеуметтік жаттықтырушы


Ол баланың әлеуметтік қорғау бойынша іс-шаралар кешенін қамтамасыз етеді.Уақытылы әлеуметтік және білім беру көмек пен қолдау көрсету мақсатында,дағдарыс немесе төтенше жағдайдың баланың әлеіметтік ортасына зерттеу жүргізу.

43. ҚР-дағы арнайы білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы.

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА ЕРТЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ

Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілері:
1. Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу түзетуұйымдары;
2. Түзету білім беру ұйымдары;
3. Кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім берудің түзету ұйымдары;
4. Арнайы білім беру ұйымдары;
5. Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсызберудің кемтар балаларға арналған білім беру ұйымдары.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың басты міндеттерінің бірі балалар мен жасөспірімдердің даму ерекшеліктерін айқындау, диагнозын қойып, оқытудың, тәрбиелеудің және жұмысқа орналастырудың тиісті жағдайларын анықтау мақсатында оларды психолоғиялық-медициналық-педагогикалық тексеру болып табылады. Кеңес берудің мақсаттары, міндеттері және қағидалары

Баланың отбасына кеңес берудің мақсаты - баланың проблемаларын шешуде оған көмек көрсету және неғұрлым жағымды психикалық дамыту үшін отбасының жағдайлары мен мүмкіндіктерін өзектілендіру және оңтайландыру. Бұл мақсатқа мынадай міндеттерді жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады:

1) баланың отбасына оның психикалық дамуының тек әлсіз, бұзылған жақтарын ғана емес, күшті түстарын да ашып көрсету, оның ықтимал мүмкіндіктері мен ауытқуларды жоюдағы қуат қорына баса назар аударту, бірақ бала дамуының болашағына қатысты ата-ананың нені күтетінін шынайы нақтылап алу;

2) ата-анаға және отбасының барлык мүшелеріне бала проблемаларын шешудегі олардың өздерінің қолынан келетінін, күшін және мүмкіндіктерін көрсету:

3) баланың ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оны оқытуға тиісті жағдайлар қажет екенін

44. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды жалпы білім беру жүйесіне қосудың шарттары.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқыту мен толық қамтылуын, олардың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін және «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген.Қазіргі уақытта дамуында ақаулары бар балалар саны артып отыр.Оларды оқыту кеңейіп, түзетіп қолдау технологиялары жетілдірілуде. Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айырықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет-олардың әлеуметтік ақталуы мен биімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету. Қ.Р Президентінің 07.12.2010 жылғы №1118 Жарлығымен бекітілген білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруді қарастырады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау»туралы заңы қабылдады.Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Инклюзивті білім беру –мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерде тең жағдайда бірдей білім алуына қолжетімділігін ұйымдастыру. Мәселен арбамен қозғалатын балалар үшін мектептерде арнайы панустар өзге де мүмкіндіктер қарастырылуы керек. Бұл индикаторлар 2011-2015жылдарға арналған стратегиялық жоспарда да талап етілген. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.Тәжірибе көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін қандай арнайы жағдайлар қажет Ең алдымен, даму мүмкіндігі шектелген балалармен жұмыс жасай алатын мамандар даярлау.Екіншіден архитектуралық кедергілерді жою. Білім мекемелерін арнайы тұтқалармен, парталармен, үстелдермен және басқа да компенсаторлық құралдармен жабдықтауды, көтергіш қондырғылар, пандустар, санитарлық бөлмелердің арнайы қондырғыларын орнататын іс-шаралар кешенін бастау қажет. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беруді жетілдіру мақсатында төмендегідей мәселелерді қарастрады. 2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін қажетті нормативтік база құрылады. Инклюзивті білім беру шеңберінде жалпы және арнайы білім берудің өзара әрекетінің тетігі әзірленеді, мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары әзірленеді мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың тәртібі әзірленеді.