ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 49
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Осы жұмыстардың барлығы да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» «Бала құқықтары туралы», »Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңдарын және Ережелерді басшылыққа алады.
Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады.
45. Арнайы мектептегі құқықтық тәрбиелеу
Арнайы мектептегі құқықтық тәрбиенің мазмұны. Арнайы мектептегі құқықтық тәрбиенің мәні. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаның құқығы мен міндеті. Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықбұзушылықтарының себептері мен тәрбиелеу барысында түзеуіне сипаттама.
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етудегі келесі бір маңызды аспектінің бірі оларды әлеуметтік қолдаудың тепе-тең жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бұл жердегі басты мәселе материалдық қамтамасыз етуді жақсарту, оңалту, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар жайында болып тұр.
Заман талабы мектеп жасындағы балалардың арасында құқық бұзушылық пен зиянды заттардың алдын алу жұмысының белсенді, тиімді, жаңа жолдарын таңдауды міндеттейді. Өйткені, қазіргі таңда жасөспірімдердің арасында өз уақыттарын тиімді пайдалана білмеуі, ата – ананың баласына тәрбие беруде жеткілікті уақыт бөлмеуі, ақпараттың шектеусіз әрі еркін берілуі, «қиын» немесе толық емес жанұяда тәрбиеленуі, отбасындағы кикілжің мен ажырасу және отбасының төмен әлеуметтік жағдайының, жағымсыз ортаның кері ықпалы сияқты жағдайлар балалардың сана – сезіміне кері әсерін тигізіп, жастар мен жасөспірімдер арасында түрлі келеңсіз іс – әрекеттердің көбеюіне әкеліп соқтыруда. Сондықтан да, балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, суицидтік әрекеттерді болдырмау және оның алдын алу бағытындағы жұмыстарға басты назардың аударылуы заңды деп есептеймін.
оқушылар мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап - ақ, олардың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсаты көзделеді. Оларға құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, лездемелерде мектеп ережесіне сай нақты талаптарды орындау керектігі үнемі ескертіле отырып, қандай
Мүгедектігі бар адамдардың/балалардың құқықтарын регламенттейтін көптеген заңдар соңғы екі онжылдықта бұл санаттағы адамдарды әлеуметтік қорғау үшін берік негізді қамтамасыз етуге көмектесті. Бұған қоса, олар мүгедектігі бар балалар мен олардың отбасылары тап болатын мәселелер мен ерекше мұқтаждықтарға назар аудартуға да көмектесті. Заңнамалық базаның негізгі мақсаты мүгедектігі бар балаларға медициналық, заңдық, әлеуметтік және экономикалық қолдау көрсету болып табылады.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II ҚР Заңына сәйкес мүгедектігі бар балалар дені сау балалармен тең өздерінің қадірқасиетін қамтамасыз ететін жағдайларда толымды өмір сүру құқығына ие, білім алуға, мамандық таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметке қатысуға, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік көмек алуға құқылы.
Мемлекет медициналық, құқықтық, әлеуметтікэкономикалық қызметтерден тұратын кешенді қызмет ұсыну арқылы мүгедектігі бар балаларға қолдау көрсетеді. Сөйтіп, мемлекеттік органдар оларды оқыту, кәсіби дайындау және жұмысқа орналастыру үшін тиісті мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге тиіс.
46. Арнайы мектепте оқыту процесiң ұйымдастыру формалары
Оқыту үдерісі бұл мұғалім мен оқушылардың іс – әрекетінде көрінетін екі жақты үдеріс. Мұғалім балаларды білімдермен қаруландырып, ал оқушылар болса оларды меңгеріп, тәжірибеде қолдануға міндетті. Олигофренопедагогика түзету педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде келесі бағыттарды, байланыстарды қарастырады:
-
оқыту теориясы; -
тәрбие теориясы; -
арнайы мектепті басқару жүйесі – мектептану
-
Арнайы мектептерде негізгі сабаққа қойылатын талаптар:
-
қалай жалпы дидактикалық болса, сонша түзету сабақта барлық дидактикалық ұстанымдар орындалады; -
мұғалімдер мен оқушылардың өнімді іскерлікке жағдайлар жасау; -
қазіргі педагогикалық теория мен тәжірибедегі жетістіктерді қолдану; -
оқитындарға педагогикалық құралдарды дұрыс қолдану; -
оқушылардың тұлғалық және типологиялық ерекшеліктерін есепке алу; – ғылыми және олардың тәжірибелік бағыты; -
сабақтарда жаңа көрнекіліктерді қолдану; -
қажетті білімдерді, дағдыларды және іскерліктерді қалыптастыру, білімге икемін қалыптастыру
Экскурсия. Бұл әдейi ұйымдастырылған балалар тобы, үлкен дайындықты қажет етеді, тәрбиеленушілердің барлығы қатысуы тиіс. Экскурсиялар оқу және мәдени-ағарту сипатта бола алады. Ұстаз тақырыпты және экскурсияның орынын алдын ала анықтайды, оның мақсаттары, міндеттері, ұйымдастыру уақыттары алдын ала объектімен танысу. Экскурсия тақырыбы әртүрлі бола алады. Ең бастысы – зерттелетiн құбылысқа оқушылардың құштарлығын тудыру, экскурсияның 60 нысанының мәнiн ашу. Экскурсиялар аяқтағаннан соң, қорытындылар мiндеттi түрде тұжырымдалады.
Ойын. Бұл оқушылардың нақтылы ережелер бойынша жарыстарға қатысуы. Дидактикалық, сюжеттi-рөлдi, имитациялық сипаттың зияткерлiк, спорттық ойындары ерекшелінеді. Тәрбиешi оқушыларды ойынға дайындауы, ережелермен таныстыруы, бiрнеше сыналатын талпыныстар өткiзуi, ойындағы әрбiр нақты мектеп оқушысының қатысуын анықтауы керек.
Сайыс. Бұл – әртүрлi жарыстардағы балалардың тартуындағы өте озық формасы. Сайыстар дербес немесе командалық жарыстар сияқты жүргiзiледi. Тәрбиешiнiң міндетi – тәрбиеленушiлердiң мүмкiндiгi айқындауға бағдарламасын құру. Сайыс музыкалық, фольклорлық, билеу, қалжыңбастық болуы мүмкін. Ақыл-ойында кемістігі бар балаларды сайысқа қатыстыру өте қиын. Тәрбиешiнiң міндетi іс-шараны ұйымдастыру кезінде (әлсiз және күштi) әрбір қатысушы өзін жан-жақты көрсетуі керек.
47. Ерте көмек көрсету қызметінің принциптері, міндеттері, кезеңдері
Принциптері:
-
-отбасын орталықтандыру; -
-пәнаралық- мамандардың отбасына көмек көрсету; -
-серіктестік- бала және оның ата-анасымен, жақындарымен қарым-орнату; -
-тұлғаліқ құрметтеу;
-
ашықтық- мамандар баланың отбасына әр түрлі сұрақтарына жауап беру.
-
Міндеттері: -
-отбасын әлеуметтік, психологиялық қолдау; -
-баланың жеке ерекшелігіне байланысты ата-анаға кеңес беру; -
-бала мен отбасының күшті және әлсіз жақтарын анықтау; -
-баланың психологиялық денсаулығына диагноз қою; -
-бала мен отбасының негізгі қажеттілігін анықтау және ерте көмек ұйымдастыру.
Интеллектуалды бұзылысы бар баламен кешенді жұмысты жүзеге асыра отырып, мамандардан құрылған аралық бақылау командасы жұмыс істейді – невролог, психиатр, олигофренопедагог, логопед және т.б.
Өз қызметінің аясында әр маман ата-аналармен тиісті жұмыс түрлерін жүргізеді. Түзете-дамыту бағдарламаларын құрастыруда негізгі қағидалар белгіленеді:
-
әлеуметтік тәрбиеге байланысты түзете оқытуда міндетті қағида; -
оқыту мен тәрбиелеу үдерістерінің бөлінбейтіндігі; -
Сензитивті даму кезеңіндегі ерекшеліктерді бағытталған оқытуды жүзеге асыру; -
білім беру бағдарламасының байланыстылығы; -
түзету педагогикалық жұмыстарына отбасын қатыстыру.
Бұндай бағдарламаларды жүзеге асыру кешенді өткені дұрыс. Бұл шаралар арнайы мектептерде, түзету орындарында, медициналық-педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік орталықтарда өткізілгені дұрыс. Дәріс сабақтарында білім мекемесінің арнайы мамандары өткізетін ата-аналар тобында, түзету-дамыту жұмыстарымен үлкендерді және олардың жақындарын таныстыру жұмыстары жүзеге асырылып, ата-аналар балаға тиімді ықпал ету жұмыстарының түрлерімен, тәсілдерімен таныстырылады, семинар-тренингтерде балаға деген дұрыс көзқарастар қалыптастырылады.Маманмен арнайы ұйымдастырылған сабақта балалар ұжымында бір-біріне көмек беру, татулық пен бірлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталады. Үлкендер мен олардың жақындарын балаға ықпал ететін тиімді жолдарға үйрету үшін, педагогикалық нұсқаушылар бала мен ата-ананың арасындағы түсінушілік пен қызметті дұрыс қалыптастыру үшін құрдастарымен, басқа да ересек адамдармен балалар мен ата-аналар ұжымында топтық жұмыстар жүргізіледі.
48. ҚР диагностикалық кеңес
ПМПК-ның қағидалары, әдістері және міндеттері. ПМПК қызметіндегі нормативтік құжаттар. Педагогикалық психологиялық тексеру. Сурдапедагогикалық және тифлопедагогикалық тексеру. ПМПК қызметін ұйымдастыру.
ПМПК-ның негізгі міндеттері:
1/ туғаннан 18 ге дейінгі балалар мен жасөспірімдердің даму ерекшеліктерін анықтау, диагнозын белгілеу және оларды емдеу, оқыту мен тәрбиелеудің лайықты жағдайларын анықтау мақсатында психологиялық- медициналық – педагогикалық тексеру,
2/ баланың арнайы қажеттіліктерін анықтау және оның медициналық арнайы білімі, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге берілген құқығын белгілеу.
3/ баланың жай-күйінің өзгеруіне байланысты оған бұрын қойылған диагнозды және арнайы қызмет көрсетуге берілген құқығын қажет болған жағдайда растау, нақтылау, және өзгерту.
4/ қажеттілігіне қарай балалар мен жасөспірімдерді мұқият тексеру, емдеу және динамикалық бақылау жасап отыру үшін оларды ғылыми- зерттеу, диагностикалық орталықтар мен профилактикалық- емдеу мекемелеріне жіберу.
5/ балаларға психологиялық- медициналық- педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсынымдар әзірлеу, кемтар баланы оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау және оларды арнайы білім беру ұйымдарына емдеуді, тәрбиелеуді, оқытуды ұйымдастыру
6/ Дамуында әртүрлі ауытқушылықтары бар: мектепте үлгермейтін, тәртібі, эмоциялық- ерік, аясыбұзылған, басқалармен қарым-қатнасы қиындық көретін, оның ішінде арнайы түзеу ұйымдарына жіберуге жатпайтын балаларды емдеу, тәрбиелеу және оқыту мәселесі бойынша олардың ата-аналарына педагогтар, дәрігерлерге консультациялық көмек көрсету.
7/ дамуында әр түрлі ауытқушылықтары бар және мамандандырылған жәрдемді қажет ететін балаларды, оның ішінде ерте сәби жастағы балалрды дер кезінде анықтау мәселесі бойынша білім, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен жұмыс істеу.
8/ кемтар балаларды білім, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау басқару органдарымен бірлесіп, олардың медициналық арнайы білім мен әлеуметтік қызмет көрсету қажеттіліктерін есепке алу және есеп жүргізу. Білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау басқару органдарына кемтар балаларға арналған арнайы түзеу мекемелер желісін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу.
9/ кемтар балалардың физиологиялық психологиясы жай-күйінің ерекшеліктері туралы халық арасында білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстары
10/ тәрбиелеу және оқыту процесінде балалр мен жасөспірімдер даму динамикасын зерделеу арнайы түзеу ұйымдарының педагогтарына әдістемелік басшылық жасау және көмек көрсету.
11/ кемтар балалрға арналған арнайы түзеу ұйымдарының желісін дамыту жөнінде білім беру басқармаларының ұсыныстар енгізу болып табылады.
ПМПК жұмысының негізгі мазмұны:
1/ балада бар патологияның медициналық диагнозының анықтау мақсатында баланы кешендік медициналық- психологиялық педагогикалық тексеру.
2/ сырқатының ерекшеліктері мен оған қатысты патологиялық тексеру.
3/ айқындалған ерекшеліктері мен ақыл- ой сөйлеу кемістіктеріне негізделген даму ауытқушылықтарының психологиялық- педагогикалық диагнозын қою.
4/ білімдерінің біліктерінің дағдыларының жасына оқу сатысына сәйкестігін анықтау, оқыту мен тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау.
5/ Баланың даму проблемалары бойынша ата- аналарға кеңес беру болып табылады.
ПМПК құжаттарын жұргізу, сақтау және қолға беру тәртібі
ПМПК-да консультацияға алдын ала жазылу журналы, тексеруден өткен балаларды есепке алу журналы Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қызметiнің үлгілік қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес жүргізіледі және баланы тексерген күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде толтырылады.
Баланың даму картасында анамнез деректері, тексерудiң барлық түрлерiнiң нәтижелерi, ПМПК-ның жалпы қорытындысы мен ұсынымдары жазылып, кең түрде барлық медициналық және психологиялық-педагогикалық диагноздары ашық көрсетіледі,
49. Әлеуметтік педагогикалық топ жұмысын ұйымдастыру
Топ жұмысының жалпы принциптері:
-Топтың отбасына ерікті баруы;
-сабаққа баланың ата-анасы немесе жақынымен бірге қатысуы, топқа қалыпты дамыған балалармен ЗЗБ-ды біріктіру;
-топ жұмысын ұйымдастырудың жиілігі және тұрақтылығы;
-топ сабағы өткізілетін бөлмедегі жағдай- құралдар, ойыншықтар қауірсіз болуы керек және бала дамуын ынталандыру керек.
Топ жұмысының негізгі мақсаты:
-ЗЗБ эмоциялық және танымдық қажеттілігін қанағаттандыру;
-ата-анаға бір-бірімен басқа балалармен, жетекшімен еркін араласуға мүмкіндік беру;
-ата-анаға қалай өскені, дамығаны туралы мәлімет беру. Қойылған мақсаттарға сай маман бағдарламалар құрастырады, оның орындауын қадағалайды;
-зияты зақымдалған бала отбасымен кездесулер өткізеді, кездесудің мазмұны, жоспары алдын-ала дайындалады.