Файл: 3 тосан бойынша тосанды баалау жмысы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

3- тоқсан бойынша тоқсандық бағалау жұмысы

1. Себеп бағыныңқылы сабақтасты белгілеңіз.
А) Аспанда жапқан тұтас бұлт сиреп, ара-тұра жұлдыздар көріне бастады.
В) Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды.
С) Аңсаған төлде су тапса, бас қоймай ма батауға.
D) Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше сұрап алған. 
Е) Қасқыр енді мұның айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір 
тәсілге көшті.

2.Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Ербол ғана сүйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғарып жүрген жоқ.
В) Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, көбінесе өнсіз жортып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді.
С) Сиырда аунамақ жоқ, жылқыда күйсемек жоқ, тамда белдеу жоқ, таста тамыр жоқ, суда қаймақ жоқ.
D) Қуаты – ақындық, үміті – халық.  
Е) Осы өткен қыс бойында кітап соңында көп отырған Абай үй ішіне, Ербол мен Баймағамбетке, кішкене молдаға және әңгіме тыңдауға жараған балалары: Әбдірахман, Күлбадан, Мағаштарға өзі оқыған кейбір романдарын да қызықты хикая етіп айтып беріп отыратын. 

3. Қимыл-сың бағыныңқылы сабақтасты белгілеңіз.
А) Игіліктен қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп жолығуға келе жатыр еді.
В) Біз үйден шыққанда, күн де сәскелікке жақындап еді. 
С) Құс жоғары-төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді.
D) Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың.
Е) Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.

4.Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің орын тәртібін анықтаңыз.  Өзі, сол қағаз келгелі, қынжылып жүрген.
А) Басыңқы сөйлемнің алдында.
В) Басыңқы сөйлемнен кейін.
С) Басыңқы сөйлемнің ортасында.
D) Басыңқы сөйлемнің екі жағында.
Е) Басыңқы сөйлем алдында да, кейін де.

5. Мақсат бағыныңқылы сабақтасты табыңыз. 
А) Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, аттарын шоқыта, саржеліске сала жөнелді.
В) Еңбексіз ауырса, емі табылмайды.
С) Ғылым өзін-өзі сызғылай отырып, толассыз ілгері жылжи береді.
D) Өткенге топырақ шашсақ, болашақ саған тас атады. 
Е) Көз – ақылдың, ақыл – ұжданның, ұждан – рухтың бақылау тетігі екенін біл.

6. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың сұрауларын табыңыз.

А) Қайтпейінше? Не етпейінше?
В) Қашаннан бері? Қайтіп?

С) Не етпек болып? Қалай?
D) Қайтсе де? Қайткенмен?
Е) Қайтсе? Не еткенде? 7. Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастың қай түрі екенін анықтаңыз.

Тал басына бүркіттің алып Тұрғанбай жеткенше, Баймағамбет қорым  тасты қағуға кіріспей, Қарашолақтың тамағасы тартылғанын тосып тұр екен. 
А) сатылы көп бағыныңқылы
В) әр алуан жарыспалы
С) қарсылықты бағыныңқылы
D) бірыңғай жарыспалы 
Е) шартты бағыныңқылы

8. Бағыныңқысының баяндауышы «майынша» тұлғалы болатын сабақтастың қай түрі екендігін анықтаңыз. 
А) мақсат бағыныңқы
В) мезгіл бағыныңқы
С) қарсылықты бағыныңқы
D) қимыл-сын бағыныңқы
Е) шартты бағыныңқы

9.  Мезгіл бағыныңқылы сабақтасты табыңыз. 
А) Ұстазы бейілді болса, шәкірті зейінді келеді.
В) Ала сауысқан бұтақтан-бұтаққа қонып, шықылықтай беріпті. 
С) Енді әзіл әңгімеге кірісе бергенде, ауыз үйдің есігі шалқасынан ашылды. 
D) Бәкен екі-үш күнге шейін үй қорасын көрмеді.
Е) Балалары тілін алмай, араздаса беріпті.


10.  Сабақтастың қай түрі?
Елімнің қайғысына мың да бір дауа осы болар деп, Сырдың суына төсегін төсеп тартып тұрады. 
А) Мақсат бағыныңқы құрмалас 
В) Мезгіл бағыныңқы құрмалас          D) Шартты бағыныңқы құрмалас
С) Қимыл-сын бағыныңқы құрмалас  Е) Себеп бағыныңқы құрмалас

2-тапсырма.Оқылым мәтіні бойынша өз ойыңызды жалғаңыз

Бүгінде телевидение бүкіл әлемде өтпелі кезеңді бастан кешіп отыр. Ақ - қара түсті теледидардың орнына қазір түрлі түсті теледидарларды пайдалану көбейді. Ал мұның өзі телехабарларды беруді жаңа бір сатыға көтеріп отыр. Түрлі түсті телевидениені айтқанда, қазір бүкіл әлемде радио мен телевидение жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатқанын айту керек. Телехабарды түсіру мен беруде сандық техника мен технологияны қолдану үрдісі пайда болды. Бұл да үлкен жетістік. Сонымен бірге жаңадан жер серігі және кабельдік телевидениенің жүзеге асуы – соның айғағы. Бұл радио мен телевидение дамуының стратегиялық мәнін айқындайды. Қоғамдық телевидение көбіне халықты жаңалық хабарлармен және білімдік, сөздік - танымдық бағдарламалармен қамтуға тырысады.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Синтаксистік талдау

Бүгінде телевидение бүкіл әлемде өтпелі кезеңді бастан кешіп отыр. Ақ - қара түсті теледидардың орнына қазір түрлі түсті теледидарларды пайдалану көбейді. Ал мұның өзі телехабарларды беруді жаңа бір сатыға көтеріп отыр.

Морфологиялық талдау.

Қоғамдық телевидение көбіне халықты жаңалық хабарлармен және білімдік, сөздік - танымдық бағдарламалармен қамтуға тырысады.

12.  Бағыныңқысының баяндауышы «-ғанмен» тұлғалы болатын сабақтастың қай түрі екендігін анықтаңыз. 
А) Мақсат бағыныңқы
В) Мезгіл бағыныңқы               D) Қимыл-сын бағыныңқы
С) Қарсылықты бағыныңқы     Е) Шартты бағыныңқы

13.  Себеп бағыныңқылы сабақтасты белгілеңіз.
А) Тысқа шыққан Сырбай оралғанша, Рахмет хатты төрт-бес рет оқып шықты. 
В) Екі көзі қанталап, денесі ашумен булыға қалшылдайды.  
С) Іздеушілер көрмесін деп, біз тасалана қалдық. 
D) Нұр дегенің не десе, жарқыраған күн деуші ек.
Е) Қолынан келер бөтен жәрдем болмаған соң, ол қызға жылы сөзімен қайрат береді.

14.  Қимыл-сың бағыныңқылы құрмаласты табыңыз.
А) Сапар бұған қарсылық білдірместен, Жарқын меңзеген тұсқа барды. 
В) Сейфулланың сәлемін айтқанда, Иманмұса жылы ұшырай жымиды. 
С) Біз жиналып барғанша, олар кетіп қалыпты.
D) Көктемнің ескегі соға бастасымен, маңайдың қары ағыл-тегіл тез кетті.
Е) Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді.

15.  Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Көл бетіндегі сырғанақшыларға бармақ болып, Асқар үйден шыққан соң, Айбала шай қоюға кірісті.
В) Мен барар ем, сабалаған қымызым, жетектеген сойыстығым болса.
С) Түсі сұрланып, екі танауы желбірей түсіп, тентек көздері жиреніш отын шашып тұр.
D) Ертеңінде тұрсақ, жел басылып, бұлт ашылып, маужыраған бір әдемі күн басталыпты.
Е) Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді, ойы жүзеге аспады.

16.  Мына аралас құрмалас сөйлемнің схемасын табыңыз.
Үй маңында басқа байлық көрінбейді, қоңыр үйдің төменгі жағына киіз жетпеген соң, туырлық орнына ши ұстап қойыпты.

А) бағыныңқы, басыңқы, басыңқы
В) басыңқы, бағыныңқы, басыңқы
С) бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы
D) басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы
Е) бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы

17.  Мезгіл бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
А) Араларына түсетін арашасы болмай, екеуі де шаршады.
В) Жылтыр көйлегі жалт-жұлт етіп, сықылық атып Майра келді.
С) Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен. 
D) Кедір-бұдыр жермен дөңгелектері тоқылдап, арба ырғала жылжып келеді.
Е) Аяужан тыңдасын деп, радиоқабылдаңғыштың тетігін бұрадым.

18. Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің орын тәртібін анықтаңыз.  Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртынды сүйе алмайсың.
А) Басыңқы сөйлемнің алдында.              В) Басыңқы сөйлемнен кейін. 
D) Басыңқы сөйлемнің екі жағында.        С) Басыңқы сөйлемнің ортасында.
Е) Басыңқы сөйлем алдында да, кейін де.

19.  Мезгіл бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
А) Дәл осы минутта мұғалім кіріп келмегенде, мұның аяғы жақсылықпен тына қоюы екі талай еді. 
В) Бай долданып өз сақалын өзі бытырлатып жұлғанда, тұла бойы тік тұрды.
С) Таңертеңнен бері Алматының аспаны ашылмай, жаңбыр төпеп жауып тұр. 
D) Мен айтсам, қарысып тыңдамайды.
Е) Аяғының сырқырағаны басылар ма екен деп, ол тізесін отқа қыздырады.

20.  Шартты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
А) Жүре берсең, көре бересің.
В) Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасының не екенін ұға алмады. 
С) Артыма жалт қарасам, екі жігіт аттарын байлап жатыр. 
D) Көзсіз өмір не десе, тас қараңғы көр деуші ем.
Е) Надан Малқар ескі әдетімен елді қорқытып ұстамақ болса, залым Шәлкендер алдап ұстамақ.

21.Шартты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолын айқындаңыз. А) Шығыс жалғаулы болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түрінен жасалады. В) Шартты бағыныңқылы баяндауыштары етістіктің шартты райынан. С) Есімшеге –дай, -дей жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Д) –мақ, -мек, -бақ, - бек, жұрнақтары етістіктің болып деген көсемшелі формасы арқылы жасалады.Е) Көсемшенің –ғалы, -гелі жұрнағы жалғанады.

22. «Жол ұзақ болған соң, таң біліне аттанар едім» деген сөйлем сабақтас құрмаластың қай түріне жататынын анықтаңыз. А) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас В)Шартты бағыныңқылы сабақтас С) Себеп-салдар бағыныңқылы сабақтас Д) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас Е) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас

23.-ғандықтан, -гендіктен - қай сабақтас құрмалас сөйлемнің жұрнақтары? А) шартты В) қарсылықты С) себеп-салдар Д) мезгіл Е) мақсат


24.Мақсат бағыныңқылы сабақтасты табыңыз А) Қазір де Абай көңілі қандай салқын болса, Ділдә да сондай салқын. В) Күзетші сезіп қалмауы үшін, біз сайдың ішімен кеттік. С) Кітабым болмағандықтан, дайындығым нашар. Д) Тезек бықсып жанбаған соң, келіншек еңкейіп үрлеп, отты жандырды. Е) Патша тағынан түсіп, Жәуке түрмеден құтылып үйіне келді.

25. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А)Жалтыр мұзда ешбір салмақ түсірмей, шана өзі сырғанап келе жатқан тәрізді. В) Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайды. С) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкенде, Абай шешіле түсті. Д) Әңгімені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін. Е) Ол талантты болғанмен, жалқау еді.