Файл: 4 Зертханалы жмыс Екісымды желіні электростатикалы рісін зерттеу.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 29

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Электрлік өстердің суретін тінтуірдің сол жақ батырмасымен «Өстер» түймесін басу арқылы алуға болады (4.3 сурет), электрлік өстерді жою әрекеті дәл осылай, тінтуірдің сол жақ батырмасымен «Өстер» түймесі арқылы орындайды.

Екі сымды желінің ұзындық бірлігіне сыйымдылығын сәйкес келетін аспап арқылы өлшеуге болады, ол үшін тінтуірдің сол жақ батырмасымен осы аспаптың «F» батырмасын басу керек (4.3 сурет).

Екі сымды желінің электрлік өрісінің кез келген нүктесіндегі кернеулікті сәйкес келетін аспап арқылы өлшеуге болады, бұл үшін тінтуірдің сол жақ батырмасымен « » түймесін басу арқылы аспапты қосу керек, кернеулікті өлшек қажет болатын өріс нүктесіне тінтуір меңзерін қою және дәл осы нүктеге тінтуірдің оң жақ батырмасын бау керек. Аспаптың тақтасына кернеулік мәні шығады (4.3-сурет).

Эквипотенциалды сызықтардың нүктелерін құру үшін вольтметр қолданылады, оның көмегімен екі сымды желінің электрстатикалық өрісінің нүктелер потенциалын өлшеуге болады. Эквипотенциалды сызықтардың нүктелерін салу үшін сол жақтағы тақтаның жоғарғы бөлігінде орналасқан сурет салу құралдары мәзіріндегі нүктелерді салу түймесіне тінтуірдің сол жағымен басады (бағдарламаның сипаттамасын қараңыз), сосын вольтметрді қолдану арқылы берілген потенциалды өріс нүктесін анықтайды және табылған өріс нүктесіне тінтуірдің сол жақ батырмасын басады, бұл кезде экранда қызыл түсті ток пайда болады. Қате салынған суреттерді сол жақтағы тақтаның жоғарғы бөлігінде орналасқан сурет салу құралдары мәзіріндегі түйме (өшіргіш) көмегімен жоюға болады.

Эквипотенциалды желілердің алынған нүктелерін бір-бірімен кесінділер арқылы біріктіруге болады. Ол үшін сол жақтағы тақтаның жоғарғы бөлігінде орналасқан сурет салу құралдары мәзіріндегі кесінділерді салу батырмасына тінтуірдің сол жағын басады, сосын тінтуірдің сол жағымен біртекті потенциалды екі көршілес нүктелерге басады және олар тік кесіндімен біріктіріледі. Қате салынған кесінділерді сол жақтағы тақтаның жоғарғы бөлігінде орналасқан сурет салу құралдары мәзіріндегі түйме (өшіргіш) көмегімен жоюға болады.

Күштік сызықтарды тұрғызу үшін «Е» түймесіне тінтуірдің сол жағын басады. Экранда диалогтық терезе пайда болады (4.4 сурет), ол жерден күштік сызықтарды таңдап және «ОК» басады. Күштік сызықтарды «Е» түймесін тінтуірдің сол жақ батырмасын басу арқылы алып тастауға болады.




4.4 сурет
Екі сымды желінің электрстатикалық өрісінің алынған бейнесін «*bmp шығару» «Экспорт в *bmp» түймесіне тінтуірдің сол жағын басу арқылы сақтауға болады. Өрістің сақталған суретін басып шығару үшін оны Paint бағдарламасы арқылы ашу өте ыңғайлы.

Күштік сызықтарды екі сымды желінің шығарылған суретіндегі тек эквипотенциалдық сызықтар орналасқан бөлігінде қолмен тұрғызуға болады. Күштік сызықтардың бірі – бұл электр өстерін біріктіруші түзу. Басқа күштік сызықтар электрлік өс арқылы өтетін, центрі нөлдік потенциал сызығында жататын шеңбер доғасы түрінде болады және келесі теңдеумен анықталады: , мұндағы - шеңбер доғасының центрі. Күштік сызықтар эквипотенциалды сызықтарға перпендикуляр және әрбір көршілес сызықтардың арасында өріс кернеулігі векторының тең бөлігі қалатындай етіп жүргізіледі.

Экранды эквипотенциалды және күштік сызықтардан толықтай тазартуды «Cls» батырмасына тінтуірдің сол жағын басу арқылы орындауға болады.

Теориялық есептеуге арналған әдістемелік нұсқаулар.

Екі сымды желінің а, S1, S2 геометриялық параметрлері (4.5 сурет) төмендегі формуламен есептеледі:

,

мұндағы

d =S1+S2 –геометриялық сымдар осьтерінің арасындағы қашықтық;

S1, S2 – геометриялық сымдар осьтерінен нольдік потенциал жазықтығына дейін;

R1, R2 –сымның радиусы;

а − Осьтің электрлік қашықтығынан нольдің потенциалдар жазықтығына дейін.

Екісымды сыйымдылық арасындағы С сызықтары арқылы беріледі:

,
мұндағы

– электрлік тұрақтылық;

– Ауа өткізгіштің салыстырмалы диэлектригі.

Сымдардың беткі потенциалы φ1, φ2 мына формула бойынша есептелінеді:

;

.

Өріс кернеуінің беткі сымдар арасындағы есептелу формуласы (5.5 сызба):

; ;
; ,

Мұндағы − Оң қышықтықтан электрлік ось нүктесіне дейін; М, - Оң қышықтықтан электрлік ось нүктесіне дейін;

N, − Оң қышықтықтан электрлік ось нүктесіне дейін;

L, − Оң қышықтықтан электрлік ось К нүктесіне дейін

Электрлік заряд беттің тығыздығы мына формула бойынша есептелінеді:

, , , .



4.5 сурет- Өріс кернеулігін есептеу үшін