Файл: Презентация аза лтты сндік олданбалы нер лтты бйымдар 16 22 3 4.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 366
Скачиваний: 1
| 1 | Кіріспе | 10 |
| 2 | Практика базасы (мекемесі) туралы мәлімет | 11 |
| 3 | Жеке тапсырма: Көркем еңбек сабақтарында оқушыларды сәндік өнерге баулу | 12 |
| 3.1 3.2 | Презентация: Қазақ ұлттық сәндік қолданбалы өнер Ұлттық бұйымдар | 16 22 |
| 3.3 4 | Ашық сабақ: Түрлі материалдарды қолданып, музыкалық аспаптарды (ұрмалы және соқпалы) жобалау Қорытынды | 29 33 |
| 5 | Қолданылған әдебиеттер тізімі | 34 |
| 6 | Қосымшалар | |
Практиканың міндеттері:
-
таңдаған оқу орнының педагогикалық құрамымен, оқу процесімен, кадр және материалдық – техникалық ресурстарымен танысу; -
мамандық бойынша меңгерген оқу курстарының теориялық білімі мен практикалық іскерлігін тереңдету, машықтандыру; -
оқу – тәрбие процестерін жоспарлау, басқару, ұйымдастыру және жүзеге асыру қабілеттерін қалыптастыра дамыту; -
дипломдық жұмыстың теориялық бөліміне негіз болатын материалдар жинау, оны жүйелеп аяқтау; -
дипломдық жұмыстың тәжірибе бөліміне қажеттіматериалдар жинақтау, жалпы педагогикалық немесе жеке дидактикалық мәселеге тән оқытудың (тәрбие жұмысының) әдістемесі аясындағы тәжірибеге құралдар дайындау, олардың тиімділігін тексеру.
Мектепұжымын ҚР ардақты педагогы А.К.Илеува басқарған жылдары көреген басшының бағыттауымен бастауыш сыныптарға қосымша ағылшын тілінен сабақтар енгізілген болатын. Осы жылдары білім сапасын қаланың атақты гимназия мектептерінің деңгейіне жеткізген болатын, сол дәстү рмектеп ұжымы үшін әлі жалғасып келеді. Мектеп басқарған жылдары ҚР білімүздігі, тәжірибелі ұстаз Дүйсенбиева Т.А. математикалық бағыттағы сыныптар ашылып, облыстық, қалалық пәндік олимпиадаларда жеңімпазатанды. 2007 жылдан бері мектеп директоры Искакова Саулен Адырбекқызы мектептің материалды–техникалық жабдықталуы мен мектептің модернизациясы мәселесімен белсенді түрде айналып келеді. Жылдар өтуде, мектептегі оқушылар мен басқа қызметкерлер де өзгеруде, бірақ өзгеріссіз қалған бір ғана нәрсе – Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназия, өз Республикамызда ғана емес, Ресей, Украина, Қытай, Польша, Германия, Өзбекстан мемлекеттерінің жоғары орындарында білім алып жатқан шәкірттерге білім мен тәрбие негізін қалап, әрбір оқушыны жеке тұлға етіп қалыптастыратын үлкен білім ордасы екені даусыз. Қазіргі таңда мектебіміз беделді де тұлғалы азаматтарымен мақтана алады:Институт бітірген соң Б.Р. Берікболов Оңтүстік Қазақстан геологиялық басқармасына, жоңғар геология барлау экспедициясында, Солтүстік-Шығыс Балқаш төңірегінде «Саяқ» тобының аға геологы болып жұмыс атқарып, мыс металлдан басқа да, алтын табиғатта өте сирек кездесетін металлдардың бар екенін тұңғыш реет дәлелдеді.3. Жеке тапсырма. Мектеп оқушыларына қолөнер бұйымдарын үйретудің әдістемесі«Технологияның» білім беру саласы білімді де іскер адамды тәрбиелеуді талап етеді. Адамның қайсы бірі болмасын өзінің практикалық іс-әрекетінде әрдайым түрлі проблемалық тапсырмаларды шешеді. Қазіргі кезде оқушыларға меңгертілетін қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін жүйеге келтіруге және оны оқытушылар тарапынан басқаруға байланысты бірқатар талпыныстар жасалуда. Халықтың сәндік-қолданбалы өнері де ғалымдардың зерттеу еңбектерінде қарастырылған. Олардың бірі халықтың сәндік-қолданбалы өнерін жалпы білім беретін мектептің көркем еңбек сабақтарында пайдалану жолдарын көрсетіледі (С.Жолдасбекова, Ш.Әбдуәлиева, А.Райымқұлова, Б.Жолдасова және т.б.).
Мектеп оқушыларының «Технология» пәні сабақтарында әрбір бағдарламалық тақырыпта бірқатар дидактикалық міндеттерді орындайды; алдағы жұмыстан қызығушылық пен дайындықты ояту, оқушыларды тың білім және шеберлікпен байыту, қайталау және жаттығу жолымен алған білім мен шеберлікті тиянақтау, оқу жұмысының сапасын есепке алу мен бағалау және оқушылардың үйден өз бетінше білім алу, сондай-ақ шығармашылық еңбек қызметін ұйымдастыру. Технология сабақтарының сапалы өтуі оқушылардың білім сапасын арттыруға әсер ететін фактор болып табылады. Оқыту үдерісі үшін оқыту бағдарламаларының және оқулықтардың, оқу құралдарының сапалы қамтамасыз етілуі, мектептің оқу-материалдық базасының жақсартылуы, мұғалімнің әдістемелік және кәсіби шеберлігі сабақтың нәтижелігін арттырады. Орта мектептерде еңбекке баулудың формалары мен әдістерін, мазмұнын, принциптерін, оқушыларды еңбекке дайындау процесіндегі іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда тәрбиелеу мен оқытудың бірлігіне жету құралдары мен жолдарын көптеген ғалымдар (О.Сыздықов, К.Өстеміров, Н.Адамқұлов, Д.Қ.Пошаев, Б.Т.Ортаев, Ж. Күнпейіс т.б) зерттеген.Мектеп оқушыларын тұрмыста қолданылатын қолөнер бұйымдарын жасауға баулу барысында оқушылар жалпы еңбектік дайындықтарды игеріп, материалды өңдеу бойынша жалпы білім мен ептілік және дағдыны меңгереді, жұмыс жасау барысында оның түрлі қасиеттеріне байланысты сауаттылығын арттырады, үй мәдениеті және тұрмыстық техника негіздерімен танысып өндіріс салалары жөнінде түсініктерді қалыптастырады. Сонымен бірге, бағдарламада жоспарланған оқу материалдары, тақырыптар, практикалық және лабораториялық жұмыстар оқу – тәрбие жұмыстарының іске асуына негіз болады. Қазіргі кездегі технологиялық білім беруге, жастардың технологиялық мәдениетіне сәйкес еңбек іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Оқушылардың білім, іскерлік және дағдысының қалыптасуы, еңбек үдерісін және оның құраушы бөліктерін орындауға баулу, әр түрлі оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формалары көмегемен жүзеге асырылады.Жалпы адамзат мәдениетін, ой – пікірдің дамуын жас ұрпаққа жеткізуші тұлға ретінде мұғалім өте маңызды рол атқарады. Бүгінгі мұғалім – ой – өрісі кең, мәдениеті жоғары, жаңаша ойлауға қабілеті бар, халқымыздың педагогикалық мұрасын және дүние жүзілік озық педагогикалық ой – пікірді меңгерген ізденімпаз маман. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында мұғалімнің дайындығына мынадай талаптар қояды: «мұғалім оқу материалын дайындап беруші, талап етуші ғана емес баланың өз бетімен ізденуінде білік пен дағдыны қалыптастырушы, оның іздену – зерттеу жұмысына қамқоршы, жетекші деңгейіне дейін көтерілуі тиіс». Технология пәнінде оқушыларға қолөнер бұйымдарын дайындауда технологиялық үдерістер және осы үдерістердің ғылыми негіздері жөніндегі білім берумен қатар практикалық сабақта олардың еңбек іскерліктері мен дағдыларын еңбектің сферасына сай қалыптастыру тиімді болып табылады. Оқушыларды көркем еңбекке дұрыс дайындау үшін ұйымдастырушылық – педагогикалық шарттар керек. Олар: мектептің материалдық – техникалық базасы; мектептің басқа өндіріс
орындарымен байланысы; көркем еңбекке және кәсіпке баулудың формалары мен әдістерін пайдалану және қолдану, оқытудың құралдары; кәсіпке баулу мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігінің жоғары деңгейі.
Технология пәні мұғалімі мектеп оқушыларына қолөнер бұйымдарын дайындауға үйретуде төмендегідей білім мен ептіліктерді қалыптастыруы керек:
- технологиялық сипаттағы білімдер жүйесін;
- технологиялық дүниетанымын;
- көркем еңбек барысын жоспарлауды, бақылауды, және өзіндік іс – әрекетті бақылауды ұйымдастыру;
- әртүрлі оқу – өндірістік жағдайларда және іс – әрекет түрлерінде жасалынатын жалпы еңбектік ептіліктерді;
- шығармашылық ойлауды, шығармашылық іс – әрекет элементтерін;
- жинау, талдау, талдап қорыту, мәнді жақтарын бөліп алу, жіктеу, топтамалау сияқты технологиялық ептіліктерді;
- еңбек сапасын және жеке тұлғаға тән қасиеттерді;
- қолөнер шеберлеріне құрмет көрсетуді, еңбек сүйгіштікті, ұжымшылдықты, өз бетінше жұмыс жасауды, белсенділікті, үнемшілдікті, ұқыптылық пен зейінділікті, еңбек ету тәртібі мен жауапкершілікті.
Оқыту әдістері деп, мұғалім мен олар жетекшілік ететін оқушылардың жұмыс тәсілдері түсініледі, оқыту үрдісінде оқушы білім, іскерлік және дағдыны игереді, дүниетанымы қалыптасады, танымдық қабілеттері мен шығармашылық белсенділігі артады.
Оқыту барысында ғылыми теорияны практикалық тәжірибе негізі арқылы мұғалімдер оқушылардың біліктілігін арттыруға жол ашады. Практикалық біліктілік – еңбек қызметтерін сапалы, мақсатты, тиімді тәсілдермен атқара алу қабілеттілігі, белгілі бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. Білікті іс - әрекет орынды тәсілдерді таңдай – білуден, тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. Теория мен практика бірлігінде тәжірибенің айқындаушы рөлі бар. Мұғалімдер мен мен оқушылар арасында білім, білік және дағдыларын іске асыруда бірлескен қимыл - әрекет, практикалық қызмет аясында кәсіби шеберлікке баулу процесі барысында қалыптасады. Іс - әрекетті орындай білуде жаттығу арқылы бекітілген білікті дағды деп атайды. Ал, кәсіби дағды белгілі бір кәсіпті меңгеру барысында практикалық жаттығулар арқылы қалыптасатын еңбек қызметінің сапалы әрі сандық көрсеткіші болып табылады.