Файл: Анытама Буллинг, Кибербуллинг дегеніміз не Сынып саатыны баыты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 176

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Анықтама

Буллинг, Кибербуллинг дегеніміз не?

Сынып сағатының бағыты: Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу

Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.

Күш көрсету немесе агрессия арқылы адамның өзгені қорлауы, одан үстем, мықты екенін дәлелдеп, әлімжеттік көрсету әрекеттерін буллинг жасаушы өзінің мықты екенін дәлелдеу үшін жасайды. Осы тақырыпта 8 В сыныбында сынып сағаты өткізілді. Сыныпта 28 оқушы болса оның 26 оқушысы қатысты. 2- оқушы ауырып калуына байланысты қатыспады.

Сабақтың басында оқшыларға миға шабуыл жүргізіліп, сұрақтар қойылды.Оқушылар сұраққа жауап беріп ,пікір алмасты. Суреттер арқылы сабақтың тақырыбын ашты. Ары қарай мұғалім сабақтың тақырыбы ашылған соң мақсатын таныстырып өтті. Оқушыларға видеоролик көрсетілді. https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo

Бейнероликтен кейін жетелеуші сұрақтар қойылды.


Бейнеролик не туралы?


Буллинг дегеніміз не?

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек? Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше?

Оқушылар бейнероликті тыңдап бірден сұрақтарға жауап беріп отырды.

Сыныпта Әуезқызы Меруерт буллингтің бірнеше түрі болатындығын, ол қорлау, мазақтау, соқтығысу, күш көрсету сияқты түрлері болатындығын айтап айтты. Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін екендігін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жататындығын, Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталатындығын айтты.

Оқушылар топқа бөлініп буллинг түрлерін түсіндіріп өтті. Әр топ бір-бірін қалптастырушы бағалау арқылы бағалап отырды. Бірінші топ Расисттік буллинг- Біреудің нәсіліне, түсіне, нанымына байланысты басқаша көзқарас туындау. Сондай-ақ адамның нәсіліне қарай жағымсыз сөздер айту туралы түсіндіріп өтті. Екінші топ - Таптық буллинг Адамдар біреудің белгілі бір әлеуметтік тапқа жататындығын анықтағаннан кейін, сол адамға жаман көзбен қарау. Мысалы, біреулер «ауылдан келген» деп Бағыттау сұрақтары адамды жекелету туралы айтты. Үшінші топ-. • Адамның сырт келбетіне қатысты буллинг Біреуді көпшілікке ұқсамағандығы үшін кемсіту, мысалы адамның шашы жирен болуы немесе қысқа бойлы болуы, я болмаса көзілдірік киіп жүруі үшін жүргізілетін буллинг туралы айтты.Сонымен қатар мұғалім тарапынан - Дінге қатысты буллинг Біреуді дініне немесе нанымына байланысты қорлау немесе әдепсіздік таныту. Мысалы, киелі кітапты оқу, мешітке бару сияқты діни дәстүрлерді мазақ ету. • Мүгедектерге қатысты буллинг Адамды мүгедек болуына байланысты қорлау және оған тіл тигізу. Туралы атап айтып өтті.


Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?-деген сұраққа Мұзапар Ерназар - Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда: • уайымдау • ұйқының бұзылуы • тәбеттің болмауы • өзі жайлы жаман ойлау • өз-өзіне физикалық зақым келтіру • өлім туралы ойлау • сабақ үлгерімдерінің нашарлауы • ауыру • «маған ешкім көмектесе алмайды» деп ойлау • өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану • қорқу. Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек? –деген сұраққа Есқазы Динара Тұра Батыл болуға үйрен Батыл болу деген агрессия танытпай, өзіңді қорғай білу. Сен өз ойыңды дөрекі және ызалы сөздерсіз білдіруге үйрене аласың. өзіңді шын мәнінде қалай сезінетініңді жеткізу қиын. Дегенмен сен батылдыққа үйрене аласың. Ол үшін айтқың келетін сөздерді қағазға жазып, ал уақыты келгенде айтып қал. Кезі жеткенде сенің батылдығыңның арқасында барлық қорлық пен қорқытулар тоқтайды. • Құрбыңмен/досыңмен бөліс Достарың сені оларға барлық оқиғаны ашып айтпасаң да, саған қолдау көрсете алады. Олар сені қолдап, көңіліңді көтере алады. Сонымен қатар, достарың жәбірлеушілер енді мазаңды алмас үшін оларға қалай жауап беру керектігін айта алады. • Ересек адамдармен бөліс Сен өз оқиғаңмен ата-анаңмен, өзіңнің қамқоршыңмен немесе сенімді ересек адамның біреуімен бөлісуіңе болады. Олар сені қолдап, мәселені шешуде ақыл-кеңес бере алады. Сондай-ақ,111сенім телефонына қоңырау шалуыңа болады. Онда саған көмек пен қолдау көрсетіледі. –деп жауап берді.

Сабақ соңында оқушылар бір біріне сұрақтар қойып буллинг, кибербуллинг ұғымдарын аша түсті. Мұғалім –оқушы, оқушы-оқушы арасында кері байланыс жүргізілді.