Файл: за мерзімді жоспар блімі 4 ыты мемлекет жне азаматты оам Малімні аты жні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4 Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Мұғалімнің аты жөні: Г.Бегайдарова

Күні: 05.04.2023

Сынып: 9 Пәні Құқық негіздері


Сабақтың тақырыбы

Азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызы неде?

Сабақтың мақсаты

Азаматтық қоғам институттарының ролі мен маңызын анықтау

Оқу мақсаты

9.1.2.2 азаматтық қоғам институттарының ролі мен маңызын анықтау

Бағалау

критерийлері


  • «Азаматтық қоғам» ұғымы мен белгілерін оқып үйренеді;

  • Азаматтық қоғам институттарының маңызы мен рөлі туралы біледі.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • Азаматтық қоғам

  • Азаматтық қоғам институттары

  • Отбасы




Құндылықтарды

дамыту

«Мәңгілік ел» құндылығы: Тарих, мәдениет пен тілдің ортақтығы,

Құрмет пен ынтымақтастық.

АКТ қолдану

дағдылары

Сабақ барысында презентация материалы арқылы таныстырылым жасалынады.

Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



Амандасу. Сабақтың тақырыбы және оқу мақсатымен таныстыру.

Құқықты мемлекет болу үшін алдымен азаматтық қоғам болуы керек. Азаматтық қоғамның басты идеясы –субъектілер:

Азаматтардың, ұйымдардың институттардың, бірлестіктердің, тәуелсіздігі мен еркіндігі, дербестігі деп саналады.

Бұл ретте мемлекет азаматтық қоғамның іс-әрекетіне араласпауы керек. Заң бұзылған жағдайда ғана мемлекеттік органдар араласып, жаза тағайындайды, айыптыларды жауапқа тартады.

«Азаматтық қоғам» ұғымын мынандай ұлы ойшылдар қалыптастырды:

Аристотель

Цицерон

Георг Фридрих Гроций,

Томос Гоббс

Джон Лок

Гегель

Карл Маркс

Дж. Локк пен А. Смит: «Азаматтық қоғам» ұғым туралы қоғамның тарихи дамуын және оның жабайы табиғи күйден өркениетті күйге өтуін бейнелейді», – дейді.

Қазақтың ойшылдары да өз еңбектерінде азаматтық қоғам мен құқықтық мемелекет идеяларын айтқандар:

Абай Құнанбайұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Әлейхан Бөкейханов

Азаматтық қоғам- жекетұлғалар мен топтардыңмүддесін қанағаттандыратын

адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасылық қатынастар мен

институттардың жиынтығы.

Азаматтық қоғамның экономикалық негізін азаматтардың өз меншігі былайша құралады

Жекеменшік

Мемлекеттік меншік

Өндіріс құралдарына меншіктері бар азаматтар мемлекетке экономикалық тұрғыдан тәуелсіз болады. Мемлекет кепілдік берген кәсіпкерлер, еңбек және тұтынушылық әрекеттер еркіндігінің азаматтық қоғам үшін маңызы зор.

Азаматтық қоғамның саяси негізін құрайтындар:

Құқықты мемлекет

Демократия.

Жариялық

Тәуелсіз БАҚ (Бұқаралық ақпарат құралдары)

Дәптермен жұмыс, тірек сөздерді дәптерге көшіріп алыңыздар:

Азаматтық қоғам– мемлекетке тәуелсіз, жекетұлғалар арасында болатын қоғамдық қатынастар.

Азаматтық қоғам институттары- адамдардың түрлі бірлестіктері

Отбасы- туыстардан немесе ерлі-зайыптылар (ана, әке) мен олардың балаларынан (туған немесе асырап алған) тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелері бір-бірімен рухани байланысады, олардың өзара моральдық жауаптылықтары бар.

Бағалау парағы:





1-2 беттер презентация


3-7 беттер презентация

8-11 беттер презентация

12-бет презентация

13- бет презентация

Сабықтың ортасы

Қорытынды

1-тапсырма. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіздер:

  1. Азаматтық қоғам- жекетұлғалар мен топтардыңмүддесін қанағаттандыратын

адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасылық қатынастар мен

институттардың жиынтығы ма?

  1. Азаматтық қоғамның экономикалық негізін азаматтардың өз меншігі жекеменшік

және қоғамдық меншік деп бөлінеді ме?

  1. Азаматтық қоғамда адамдар бірлестігінің еңбек институты, отбасы институты,

саяси институт, қоғамдық институт деп топтарға бөлінеді ма?

Дескриптор:

Азаматтық қоғам ұғымын нақтылайды;

Азаматтық қоғамның экономикалық негіздерін анықтайды.

Азаматтық қоғам институттарын біледі Жауабы: 1. ИӘ; 2.Жоқ; 3.ИӘ.

2-тапсырма. Мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарын ажыратыңдар:



Мемлекет, Әскер, Діни орталық, Білім беру, Отбасы.
Дескриптор:

– Азаматтық қоғам институттарын ажыратады;

– Мемлекеттік институттарды ажыратады.. Жауабы:

Азаматтық қоғам институты: білім беру, діни орын, отбасы.

Мемлекеттік институт: мемлекет, әскер.

3-тапсырма. Азаматтық қоғам институттарының анықтамаларын сәйкестендіріңіздер:



Азаматтық қоғам құқықтық мемлекетпен тығыз байланыста болады және өзара әрекеттеседі. Оның негізгі функциялары келесідей:

қоғамдық дамудың жалпы стратегиясын әзірлеу;

қоғамның экономикалық және әлеуметтік салаларының даму басымдықтарын, қарқынын, пропорцияларын айқындау және негіздеу;

азаматтардың қоғамдық пайдалы қызметін ынталандыру және олардың құқықтарын, меншігін және жеке қадір-қасиетін қорғау;

қоғам өмірінің барлық саласын демократияландыру;

шекараны қорғау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету..



14-19 беттер презентация
А. Маханбетова, Б. Жубанышев.

Құқық негіздері.

Әдістемелік нұсқау. 9 сынып

Қалыптастырушы бағалау мүмкіндігі

20 бет презентация