Файл: замерзімді жоспар тарауы 4блім. Таныстырылымдар (орта таырыбы Сумірді айнар кзі).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлімі: | Ұзақмерзімді жоспар тарауы: 4-бөлім. «Таныстырылымдар» (ортақ тақырыбы: «Су-өмірдің қайнар көзі») |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | 19.04.23 |
Сыныбы: 3 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Жоба жұмысына презентация жасау. |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 3.2.3.1 мәтін мен бейнені қамтитын қарапайым таныстырылымдар жасау; 3.1.2.1 қолданбалы программаларда «ыстық» пернелерді қолдану; |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы үшін: Безендіру мен ауысуларды пайдаланып жоба жұмысына таныстырылым дайындауды үйренеді. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин. | Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту: «Балық, құс, аң» ойыны Мақсаты: Жүргізуші ойыншылардың жанына барып ақырын ғана «балық, құс, аң» деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып: «Балық!» (немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады/. | |||
Топтастыру: | Топтастыру «Есімдер арқылы топтастыру» әдісі Оқушылардың есімдерін балмұздақтардың таяқшаларына жазыңыз және жауап беру үшін кездейсоқ тәртіппен оларды таңдап шығарыңыз. 1,2,3-ке дейінгі сандарды допқа немесе оқушылардың саны немесе сыныптағы отыратын орнының нөмірі жазылған санауыштарда жазыңыз. І - топ: ІІ- топ: ІІІ - топ: Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды. Тиімділігі: Топтық жұмыста - бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста - ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады. Саралау: Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. | |||
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. | Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді. |
| Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Бес жұлдыз –Өте жақсы!, Төртбұрыш – Жақсы!, Үшбұрыш – Талпын!. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
Жаңа сабаққа дайындық. | Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау. Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айты, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады. | |||
Сабақтың ортасы (26 мин) | ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін) Оқулықпен жұмыс істеу. «Әңгімелесетін әріптестер» әдісі Алдымен топтарға бірігіп, оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқиды. Жаңа сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:
| Дескриптор
| Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Бес жұлдыз –Өте жақсы!, Төртбұрыш – Жақсы!, Үшбұрыш – Талпын!. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
| Топтық жұмыс 1-тапсырма «Су–біздің байлығымыз» тақырыбындағы жоба таныстырылымын талдаңдар. Төмендегі мәселелерге назар аударыңдар: 1. Таныстырылым орындауда не қиын болды? 2. Таныстырылымда слайдтан слайдқа ауысуда қандай параметрлер таңдалды? | Дескриптор
| Қалыптастырушы бағалау Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. Бес жұлдыз –Өте жақсы!, Төртбұрыш – Жақсы!, Үшбұрыш – Талпын!. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
| Жұптық жұмыс «Даналық ағашы» әдісі Оқушылар ішінен бір жүргізуші сайланады. Жүргізушінің қолында қорап немесе сандықша болуы керек. Оқушылар тақырып бойынша ашық сұрақтар құрастырып, жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып біткен соң, оқушылар сандықшадан кез келген сұрақты алып, дауыстап оқиды, толық жауап беруге тырысады. Қойылған сұрақпен берілген жауап бағаланады. | 2-тапсырма PowerPoint программасында өткен тақырыптарда танысқан бөлімдердегі командалардың қызметі бойынша 5 сұрақ құрастырып, жазыңдар. Дескриптор
| Қалыптастырушы бағалау Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. Бес жұлдыз –Өте жақсы! Төртбұрыш – Жақсы! Үшбұрыш – Талпын! | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
| Жеке жұмыс
| Дескриптор
| Қалыптастырушы бағалау Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды. Бес жұлдыз –Өте жақсы!, Төртбұрыш – Жақсы!, Үшбұрыш – Талпын!. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. | ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия Жеке жұмыс: «Бес саусақ» әдісі Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім? Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме? Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды? Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма? Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім? | Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Бес жұлдыз –Өте жақсы!, Төртбұрыш – Жақсы!, Үшбұрыш – Талпын!. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. | ||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | «Фигуралар» әдісі | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. | ||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару қажет? 1: 2: |