ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 35
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қайталау сабағында оқушыларды жақсы ұйымдастыру үшін оның сұрақтары мен пайдалануға тиісті әдебиеттерін оқу және сабақ барысында қолданылатын қажетті құралдарын әзірлеу жұмыстарын алдын ала белгілеу керек.
Қайталау сабағын әр түрлі тәсілдермен (ауызша, жазбаша, графикалық, жұмыстары және саяхат жасау) ұйымдастыруға болады.
Сабақ соңында мұғалім оның нәтижесін қорытындылап, оқушыларға қосымша тапсырмалар беруі мүмкін. Мұғалім оқушылар біліміндегі басты жетістіктері мен кемшіліктерді басымырақ көрсетіп, келешекте қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу қажеттігіне оқушылардың назарын аударады. Қайталау сабағында қолданатын әдіс-тәсілдерге тоқтамас бұрын әдіс-тәсіл дегеніміз не деген сұраққа жауап алайық.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдер. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Әр мұғалім жұмыс барысында әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап,тиімді пайдаланғанда ғана көзделген мақсатқа жете алады. Сондықтан осы мәселені ойдағыдай шешіп,екі жақты құбылысты тиянақты жүзеге асыру үшін сабақтарымда мынадай әдіс-тәсілдерді жиі пайдаланамын.
Аударма әдісі,тірек сызба әдісі, сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік әдісі, пікір-сайыс әдісі, жаттау, оқу, талдау, т.б
Тірек сызбалар оқушылардың сөйлесу тілін арттыру мақсатында пайдаланатын тәсілдің бірі. Тірек сызбаны пайдалану оқушыны сөйлеу үшін емес, олардың оқу-таным белсенділігін арттыру, ой-өрісін кеңейту үшін де қажет. Мұндай тірек схемалардың тиімділігі, біріншіден, сыныптағы оқушыларды түгел қамтиды, екіншіден, сөйлем құрастыруға, сұрақ қойып, оған жауап беруге көмекгеседі, үшіншіден, әңгіме құрастырып, оны әңгімелеп беруге үйренеді және есінде сақтауға ықпалын тигізеді, төртіншіден, оқушыны пәнге қызықтырады, ынтасын арттырады және мұғалімге сенімді көмекші. Осы арқылы оқушылар қиын тақырыпты жеңіл меңгереді, үлгерімі нашар оқушыларда белсенділік пайда болады.
Сұрақ – жауап әдісін қолдануда, оқушылардың көз алдындағы заттардың атын, оқу – құралдарының атын жатқа айтқызу көзделінеді.. Сұрақ – жауап әдісі тек қана жаңа материалды игеру мақсатында емес, өтілген грамматикалық формаларды бекіту, түйіндеу, еске сақтау, оқушының тілін, ойын дамыту мақсатында жүргізіледі. Әңгімелеу әдісі балаларға қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға,ойлау қабілеттерін арттырып,сөйлемдер құрастыруды үйренуге мүмкіндік береді.
Әңгімелеу әдісі бойынша бастауыш сыныпта мәтінмен мынадай жұмыс жүргіземін:
Тақтаға бір сөйлем жазып 1)осы сөйлемді мәтіннің басы етіп,әрі қарай өзің жалғастыр 2)осы сөйлемді мәтіннің ортасы деп санап,басы мен аяғын құр 3)осы сөйлемді аяғы деп санап,мәтіннің басын құр.
Тіл үйрену, тіл ұстарту адамның ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Ойлау қабілетін дамытудың негізгі әдістерінің бірі жаттығу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Жаттығулар екі топқа бөлінеді:
1) тілдік жаттығулар; 2) сөйлеу жаттығулары.
Келесі мысал ретінде ұсынарым тілді жаттықтыруға арналған тілдік жаттығу:
-. Мұғалім бастайды, оқушылар қостап, аяқтайды.
Огурцы – қияр, Усы – мұрт,
А граната - ... А груша- ...
Мороз – аяз, Кобыла – бие,
А лук – ... А вишня - ...
Ойын – бастауыш сыныптарда оқытудың ең тиімді әдісі.
Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады.
Сайысты сабақта ойын әдісі арқылы жүзеге асыруға болады
Мысалы: «Кім тез?» санауды қайталайды. Тақтада жемістер мен жидектердің суреттерінде сандар жазылып тұрады. Балалар сол сандарды рет- ретімен атап, дауыстап санайды. Бұл ойындар жемістердің атауларын, сандарды қайталауға, тез санауды үйренуге мүмкіндік береді, оқушыларды ынталандырады.
Неміс педагогі Адольф Дистерверг: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді»–деген.
Бұл ретте профессор Ж. Караевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясының маңыздылығы зор.
Оқушының ойлау қабілетін, тілін дамытуға игі ықпал ететін, мен жұмысымда қолданатын оқытудың бір түрі сабақта деңгейлік тапсырмаларды қолдану. Деңгейлік тапсырмалар оқушының қазақ тілінен алатын білімін толықтыра отырып, қажетті дағдылар мен біліктердің қалыптасуын қамтамасыз етуіне ықпал етеді.
Деңгейлік тапсырмаларды белгілі бір тақырып біткен кезде, қайталау сабақтарын өткізгенде пайдалану өте ұтымды. Бұл тәсілдің ең маңыздылығы – әр оқушы өз шамасына қарай тапсырманы орындай отырып өзінің нені білетін және білмейтінін толық сезінеді, жолдастарынан қалмау үшін келесі жолы білмегенін біліп алуға тырысады.
Әңгімелесу әдісі білімді жинақтауға оқушылардың теориялық білімдерін қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға немесе барлық сынып оқушыларына қояды..
Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланады.
Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған.
Қазақ тілі қазіргі уақытта өзге ұлт өкілдеріне балабақшадан бастап оқытылып келеді. Мемлекеттік тілді оқыту, болашақ ұрпақтың бойына қазақ тілін құрметтеу сезімін қалыптастыру мұғалімдердің үлкен еңбегін қажет етеді. Ұстаздар бұл бағытта аз тер төгіп жатқан жоқ. Кішкентай кезінен қазақ тіліне сусындап өскен балалар қайтсе де бұл тілдің қадір-қасиетін біліп өседі деп ойлаймын. Оларға тек жаттанды түрде оқытпай, қазақ халқының тәлім-тәрбиесін де үйрете алуымыз қажет. Сабақтың қызықты өтуі үшін мұғалімдер әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Соның ұтымды бір түрі — ойын арқылы тіл дамыту болып табылады. Енді бірнеше ойын түрлерін айта кетейін:
1. «Ойлан тап» оқыта үйрету ойыны. Мұғалім кім? деген сұрақ қойғанда, оқушылар ата, әке, іні деп жауап беруге тиіс. Мұғалім қайда? деп сұрақ қойғанда, үстелде, орындықта, партада, аулада, үйде, мектепте деп жауап берулері керек (мақсаты: оқушылар қойылған сұрақты түсініп, оған дұрыс жауап таңдай білулері керек. Яғни кім? деген сұраққа сызғыш деп жауап берілмейді).
2. «Қайталай ғой» оқыта үйрету ойыны. Ойын шарты: бір оқушы қандай да бір көкөністі атайды, ал екінші оқушы оны қайталап, тағы бір көкөніс атауын қосады. Үшінші оқушы екеуін қайталап, үшінші сөзді қосады. Осылай ойын 6-7 сөзге дейін жалғасады.
3. «Мені түсін» оқыта үйрету ойыны. Бұл ойынды жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуын меңгерту кезеңінде қолдану тиімді. Ойынның бір артықшылығы- алдын ала қосымша дайындықты қажет етпейді. Мұғалім тақта алдына оқушыларды бір қатар етіп тұрғызады. қатардың бас жағына өзі тұрып, жанындағы оқушыға жаңа сөздердің бірін сыбырлап айтады. Оқушы дәл осылай сол сөзді келесі оқушыға сыбырлап айтады. Ойын осылай жалғасады. Қатар аяқталғанда, соңғы тұрған оқушы өзі естіген сөзін дауыстап айтады. Алғашында мұғалім жасырған сөз бен соңғы сөз салыстырылып, бастапқыда сөзді бұзып айтқан оқушы сол сөзді бірнеше рет қайталайды. Осылайша бірнеше сөз жасырылып, олардың айтылуы бірнеше рет қайталанады. Мұғалімнің орнына сыныпты топқа бөліп, жарысты ұйымдастырғанда, әр топ мүшелері ойынды бастайды.
4. «Тақырыптық сөздер» оқыта үйрету ойыны. Лексикалық тақырыптарды пысықтау кезінде қолдануға қолайлы ойын түрі. Оқушылар шеңбер жасап, дөңгелене тұрады. Мұғалім басты тақырыпты айтады. Мысалы, мұғалім «Көктем» деген тақырыпты айтады. оқушылар осы тақырып бойынша сөздерді бір-бірден айтады. Осылайша шеңбер аяқталғанға дейін сөздер айтыла береді.
5. «Өз жұбыңды тап» оқыта үйрету ойыны. Сөз тіркесетірн меңгертуге арналған ойын. Мұғалім сабақта сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын жаттықтыру мақсатында осы ойынды ойнатуына болады. Бұл ойында оқушылар саны жұп болуы керек. Мұғалім әр оқушыға бір-бірден сөз үлестіреді. Барлық оқушылар өздеріне берілген сөздерді дауыстап оқиды. Осыдан кейін оқушылар сөз тіркесін жасау үшін өз жұбын іздейді. Мысалы жаңбыр, жауады, көктем, айлары деген сөздер таратылады. Жаңбыр деген сөзді оқыған бала жауады деген сөзді оқыған баланың қасына барып, екеуі бірігіп, жаңбыр жауады деген тіркесті айтады.
6. «Кім көп және тез?» оқыта үйрету ойыны. Мұғалім қазақ тіліне тән белгілі бір дыбысты атайды, оқушылар сол дыбыс кездесетін сөздерді атауы керек. Әрбір дұрыс айтылған сөз үшін мұғалім оқушыға жұлдызша береді. Көп жұлдызша жинаған бала жеңімпаз атанады.
7. «Сөзден сөз тіркесіне» оқыта үйрету ойыны. Бұл ойын арқылы оуқышалрдың сөзден сөз тіркесін құрай алу дағдылары қалыптастырылады. Мысалы, мұғалім бәтеңке деген сөзді айтады, оқушылар қызыл бәтеңке, екі бәтеңке, үлкен бәтеңке, менің бәтеңкем т.с.с сөз тіркестерін айтады. Осы ойын түрлерін қолдану ұстаздардың сабағын қызықты өткізуге септігін тигізеді деген ойдамын.