ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 83
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пән: Қазақстан тарихы
Сынып: 6
Сынып: 6 ІV тоқсан 1 сабақ Пән мұғалімі.С.С Ердеханова №58 мектеп-гимназия | Қолданылған видео, жазба, таныстырылым слайдтары |
Сабақтың тақырыбы: ҚАСЫМ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ КҮШЕЮІ Зерттеу сұрағы: Не себепті Қадырғали Жалайыр: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды? | 1 слайд |
Бүгінгі сабақта: Қасым хан саясатының негізгі бағыттарын, мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайсыз; Қасым хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайына баға бересіз. Оқушылар!!! Өткен сабақта туған өлкеміздегі халықтардың қалыптасу тарихымен танысқан болатынбыз. | 2 слайд |
Қасым – Жәнiбек ханның ұлы. ХV ғасырдың соңы – ХVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығы өмiрiнде Қасымның орны ерекше. Қасым Қазақ мемлекетiн нығайту кезеңінде билік етті. «Даланың нағыз ұлы ретiнде үлкендi сыйлау дәстүрiн ұстанған Қасым сұлтан бастапқыда Бұрындық ханға барлық жағынан бағынды», –деп жазады Мұхаммед Хайдар. Қасым сұлтан деректерде алғашында Бұрындық ханның «белгiлi сұлтаны, атты әскер басшысының бiрi» ретiнде айтылады. Бұрындық хандық құрған соңғы жылдары Мұхаммед Хайдардың айтуынша, Қасым өзiн Бұрындықтан алысырақ ұстауға тырысты. Себебi «жақын болып тиiстi құрмет көрсету дәстүрін сақтамаса, бұл ханға қарсылық бiлдiргендік едi, ал ол бағынуды қаламады». ХVI ғасырдың басына қарай Қасым «әлi хан лауазымын қабылдаған жоқ, бiрақ оның билiгiнің зор болғандығы соншалықты, ешкiм Бұрындық ханды есiне алмады». 1511 жылы қартайған Бұрындықты Самарқанға шығарып салғаннан кейiн ғана Қасым мемлекеттi басқару мiндетiн және хан лауазымын қолына алады. «Тарих-и-Рашидиде» айтылғандай,«Қасым хан Жошы ханнан кейiн ешкiм жете алмаған бүкiл Дештi Қыпшақтағы қуатты әмiршiге айналып, даңқы мен құдiретi артты». Сол уақыттан бастап ХIХ ғасырда хандық билiк жойылғанға дейiн Қазақ даласындағы билiк Жәнiбек ұрпақтарының қолында болды. Сыртқы саясаты. Қасым хан Сырдария бойындағы жерлерге жорық жасады. 1513 жылы қазақ әскерлерi Сайрамға келдi. Қала билеушiсi қаланы ұрыссыз бердi. Сәттi соғыс қимылдары мен көрші ел билеушілерінің өзара қырқыстарын тиімді пайдалану нәтижесiнде қазақ ханының қол астына Сырдария бойындағы бiрқатар қалалар өттi. Қасым Қазақ хандығының Батыс Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстандағы ықпалын күшейттi. Ол өзiнiң сыртқы саясатында Ноғай Ордасына зор мән берді. Маңғыт жұрты ол кезде ауыр дағдарысты бастан кештi. Мырзалар, рубасылары билiк үшiн өзара күрестi. Қасымның белсендi әрекеттерi ноғай мырзаларын Жайықтан ары Едiлге қарай алысқа көшiп кетуге мәжбүр еттi. Маңғыт жұрты ру-тайпаларының бiр бөлiгi қазақ хандарының қол астына өтті. Қасым Қазақ хандығының аумағын батысында Жайықтың арғы бетіне дейiн жеткіздi. Қасым ханның моғол билеушiлерiмен қарым-қатынастары сәттi жүрді. Моғолстанның негізгі бөлігі Жетiсу Қазақ хандығының құрамына қосылды. Моғол хандары қазақ ханымен одақ құруға ұмтылды. Қасым хан кең-байтақ дала кеңiстiгiне өз үстемдiгiн орнатты. Хандықтың шегаралары Сырдарияның сол жағалауы мен Жетiсудың бiраз бөлiгiн қамтыды, солтүстiк-шығысында Ертiске дейiн жеттi. Деректерге сәйкес, Қазақ хандығы аумағын кеңейту мәселесiн Қасым хан қарулы күреспен де, саяси жолмен де шештi. Бұған Ресей мұрағаттарынан алынған дипломатиялық құжаттар дәлел бола алады. Қазақ хандығы бiртiндеп сол кездегi халықаралық қатынастарға тартылды. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы мен Мәскеу мемлекетi арасында алғашқы байланыстар орнатылды. Осы кезде қазақтар тұңғыш рет Батыс Еуропаға белгiлi болды. Қазақтар туралы деректер ХVI ғасырдың бірінші жартысындағы немiс дипломаты жазбаларында кездеседi. Қасымның iшкi саясаты. Қасым хандық билiктi нығайтуда, салт-дәстүр мен заңдылықты сақтауда iрi табыстарға жетті. Қасым ханның қол астындағы халық саны Мұхаммед Хайдар деректерiне сәйкес, бiр миллион адамнан асты. Ол 300 мың адамға дейін қарулы жауынгер шығара алды. Мемлекеттi нығайту үшiн Қасым заң шығарды. Қасым ханның заңдары халық жадында «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен сақталып қалды. Бұл құқық жинағы бес негiзгi бөлiмнен тұрады: 1.Мүлiктiк заң. Оған жер, мал және мүлiк дауларын шешу ережелері ендi. 2. Қылмыстық заң. Мұнда қылмыстық iстiң түрлерi мен оларға байланысты жазалар қарастырылды 3. Әскери заң. Дала тұрғындарының соғыс кезiнде әскер жасақтау жөнiндегi мiндеткерліктері, әскери мiндет, жасақ құру қағидалары, әскери олжаны бөлу тәртiбi айтылды. 4. Елшiлiк салт ережесi. Бұл бөлiмде халықаралық құқық, елшi этикетi қарастырылды. 5. Жұртшылық заңы. Бұл бөлiм өзара көмекке, сондай-ақ мейрамдарды ұйымдастыру ережелерi мен сарай тәртібіне арналды. | 3 слайд 4 слайд 5 слайд 6 слайд 7 слайд 8 слайд 10 слайд 11 слайд 12 слайд 13 слайд |
Қасым хан туралы деректер
«Қазақ халқының хан - сұлтандарының ішінде Қасым хандай құдіретті әмірші болған емес. Оның үш жүз мың әскері бар еді ».
Қасым хан – Қазақ мемлекетiнiң аса көрнектi басшыларының бiрi. «Өзiнiң игi iс-әрекеттерiмен, қатаң ерiк-жiгерiмен және саяси көрегендігімен» ол қазақ мемлекетiнiң абырой-беделінің артуына қол жеткiздi. Оның тұсында басқа елдер Қасымға құрметпен қарады. Мұхаммед Хайдардың деректеріне сәйкес, Қасым хан 1518 жылы Сарайшық қаласында дүние салып, сонда жерлендi.
1.Қасым хан тұсында Қазақ ханының қол астына ______ бойындағы бiрқатар қалалар өттi. 2.Қасым хан тұсында қазақ жерінің аумағы батысында _______ арғы жағына дейiн жетті. 3.Тарихшы Мұхаммед Хайдар Қасым ханның қол астындағы халық саны_____астам адам және әскері ____ мыңға дейін жауынгер болғандығын жазды. Жауабы: 1.Қасым хан тұсында Қазақ ханының қол астына Сыр бойындағы бiрқатар қалалар өттi. 2.Қасым хан тұсында қазақ жерінің аумағы батысында Жайықтың арғы жағына дейiн жетті. 3.Тарихшы Мұхаммед Хайдар Қасым ханның қол астындағы халық саны бiр миллионнан астам адам және әскері 300 мыңға дейін жауынгер болғандығын жазды. | 18 слайд 17 слайд |
«Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заң неше бөлімнен тұрғанын анықтаңыз Жауабы: 1.Мүлiктiк заң. Оған жер, мал және мүлiк дауларын шешу ережелері ендi. 2. Қылмыстық заң. Мұнда қылмыстық iстiң түрлерi мен оларға байланысты жазалар қарастырылды 3. Әскери заң. Дала тұрғындарының соғыс кезiнде әскер жасақтау жөнiндегi мiндеткерліктері, әскери мiндет, жасақ құру қағидалары, әскери олжаны бөлу тәртiбi айтылды. 4. Елшiлiк салт ережесi. Бұл бөлiмде халықаралық құқық, елшi этикетi қарастырылды. 5. Жұртшылық заңы. Бұл бөлiм өзара көмекке, сондай-ақ мейрамдарды ұйымдастыру ережелерi мен сарай тәртібіне арналды. | 19 слайд 20 слайд |
Сабақтың қорытындысы Қасым хан саясатының негізгі бағыттарын, мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтадыңыз; Қасым хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайынабаға бердіңіз. | 21 слайд |
| |
| |