Файл: Ежелгі жне ортаасыр ркениетіндегі мдениет ымыны алыптасуы жне оны аналогы (вэнь, дхарма, пайдейя).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 377

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Осылайша 1920—1930 жылдары партияның мәдени саясатының мазмұны партиялық және мемлекеттік органдарқоғамдық ұйымдар, сондай-ақ рухани саладағы мекемелер мен ұйымдар қызметі арқылы жаңа кеңестік сана қалыптастыру ісіне бағытталды. Мәдени саясат дегеніміз — түпкі мақсаты. Біртұтас социалистік мәдениет қалыптастыру үшін партия, бір жағынан — шығармашылық саласын халыққа жақындата түсуге, екінші жағынан — халықтың жалпы білімі мен мәдени деңгейін көтеруді ұсынды. Мұндай көзқарас әр түрлі ұлттық мәдениеттер қызметінің өрісін айтарлықтай тарылтты. Көп ұлтты мемлекеттің рухани саласын бірегейлендіру беталысы кейінірек ондағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуіне алып келді.

Сауатсыздықты жою[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап мәдени құрылыс мәселесімен халық ағарту бөлімдері айналыса бастады.

Барлық мәдени революция міндеттерінің ішінде сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар ерекше мәнге ие болды. 1919 жылы 26 желтоқсанда РКФСР ХКК қабылдаған «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декреті бұл мәселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді.

1919—1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды:

  • халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі;

  • жаңа оқулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі;

  • қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.

1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының бөлімшесі құрылды. «Сауаташқыш» газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабақ өткізу жоспары жарияланып тұрды, сауатсыздықты жоюшы-мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 жылғы 11 ақпанда Қаз ОАК-і «Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры құрылды. 1931 жылы республикада шалғай аудандарға мәдени жорық ұйымдастырылды. Комсомол және пионер ұйымдары оған белсене атсалысты. Алайда елде сауатсыздықты жою ісі тіпті 1935 жылы, мәдениет майданы қызметкерлерінің I съезі өткенге дейін аяқталмады. Осы сьезден кейін республикадағы сауатсыздықты жою жұмысы өзінің соңғы кезеңіне аяқ басты. 
Қазақ АКСР Ағарту халкомы жанынан ересек халыққа білім беру басқармасы құрылып, оның ішінде сауатсыздар мен шаласауаттылар мектебі бөлімдері ашылды. 1939 жылы Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76,3%-ға жетті.

Әліпбиді өзгерту[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сауатсыздықпен күрес барысында сол мезгілге шейін пайдалануда келген араб графикасын латын графикасымен алмастыру мәселесі қойылды. РКФСР-дің ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты 1923 жылы араб қарпіне реформа жасау жөніндегі комисия құрды.

Бұл комиссия үш мәселе бойынша жұмыс жасады:

  • жазуы жоқ халықтар үшін жазу даярлау;

  • өз жазуы бар халықтарды латын қарпіне көшіру;

  • түркі жазуын реформалау.

1926 жылы наурыз айында I Бүкілодақтың түркологтар съезі өтіп, түркі тілдес халықтар жазуын латын графикасына көшіру мәселесі қаралды. Латын қарпіне көшу ісіне сол кездегі Қазақ АКСР халық ағарту халкомы А.Байтұрсынұлы қарсы шықты. Ә.Бөкейханов пен A.Байтұрсынұлы араб жазуының кейбір белгілерін жеңілдетуді ұсынды.

Қазақстанда кеңестік мектептер жүйесін құрудағы негізгі қиыншылықтар:

  • мектеп үйлерінің жоқтығы;

  • арнаулы білімді маман мұғалімдердің жетіспеуі;

  • 2-3 ауысыммен оқыту;

  • ұлттық тілдегі оқулықтардың жетіспеуі, ескі, революцияға дейінгі оқулықтарды пайдалану;

  • көшпелі қазақ ауылдарында мектептер ашу ерекше мәнге ие болды.

Осы өзекті мәселені шешу жолында республикада бірқатар шаралар қарастырылды: