Файл: Аяулы анашым! атты 8 наурыз аналар мерекесіне арналан ертегілік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Аяулы анашым!» атты

8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.


Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар 
Аналардан туған небір даналар. 
Ана деген тіршіліктің тірегі, 
Армысыздар, құрметті аналар! 
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Аяулы анашым» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. 
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық.

(Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді.)
Барлық балалар хормен: 
Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Аялы қолда талпытқан,

Қаймақты сүттей қалқытқан

Суық болса жөргегі,

Қорғасындай балқытқан.

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан.

Бұл кім балалар?

Балалар: Ана, Ана, Ана.

Жүргізуші

Аналарды құрметтеп, 

Ән маржанын шашайық. 

Даярлықтың балаларының орындауында «Анашым Анажаным»әнің қарсы алайық «Хор»

Жүргізуші:

Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы-дей отыра сіздерге арналған тақпақтары қабыл алыныздар!

Тақпақ:

Аяжан;Бар мейірімділік анада
Ана деген бір жанды
Мейірімділік ананың
Болмас еш бір адамда.


Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
айналайын ақ анам!


Гауһар;Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.

Анам, анам, ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда барамын.


Әлижан;Бізге қарап елжіреп, ...
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.


Мен мұғалім анамның,
Өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай.
Оқытушы боламын.


Мен гүлдердi жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
АйтҚан сөзiн тындаймын
Анашымды сыйлаймын



Жүргізуші:

Ақ қар еріп

Су көбейіп!Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

-Балалар, айтындаршы бұл қай кезде болады?\Көктем_Жүргізуші'>Көктем мезгілінде\

-Балалар менің айтып тұрғаным қай жылдың мезгілі деп ойлайсыңдар?

Балалар:Көктем

Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар көктем мезгілі.Қанекей бәріміз бірге ару Көктемді қарсы алайық

Музыка әуенімен Көктем кіреді

Көктем келеді. \балалар мен ,ата-аналармен амандасады.\

Көктем:Мен көңілді көктеммін

Былтыр келіп кеткенмін

Көзін ашып бұлақтың

түбіне тал еккенмін

Жүргізуші:Амасың ба! Ару КөктемБіздің ертеңгілігімізге қош келдіңіз

Көктем:Рахмет сендергебалалар!

Жүргізуші:Көктем ,қош келдің ,төрлет Көктем! Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың тамашала !
Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір гүлдер биі.

Қол соғып демеу берер көрермендер

Жүргізуші: Мың бұралған ақ қайындай

Бишелер шықсын ортаға.

Ал ендеше қол соғайық,

Қошеметпен қолқала

Би « Гүлдер биі»Орындайтын –2-4 сынып оқушылары
Ойын. «ыстық алақан»

Өлен даярлықтын балаларын қарсы алайық

«Қос бәйтерегім»Аяла мен ердәулет
Көктем:

-Балалар сендер ойынауды жақсы көресіңдер ме? Егер сендер менің сұрақтарыма жауап берсендер мен сендерге ойын әкелдім,келісесіңдер ме?

-Балалар көктемде қандай өзгерістер болады?

-Көктем мезгілінде қай жақтан құстар ұшып келеді?

-Көктем мезгілінде ең алғашқы қандай гүл шығады?бәйшешек

-Дұрыс балалар.Олай болса қазір орындық ойының ойнаймыз,барлығымыз саппен тұрып,өлен басталғанда билейміз.Ал өлен аяқталғанда орындыққа отырып қалуымыз керек.Солай ойын жалғаса береді,кім сонғы болып қалған оқушы жеңімпаз болады.Ал балалар сәттілік.

Ойын.басталады

.

Ән «аяулы анашым»Елеусін мен Гайхардың орындауында өленімізді қарсы алайық

Жүргізуші:Тамаша,міне көрдіңіздерме біздің балалар өнерлі әнші, және өсіп жатқан артистер!

Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.



Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!

Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер. ( балалар гүлдерімен ортаға шығады)

Жүргізуші:

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.
Айналайын ақ мамам
1.Ананың үніменен таң атады,

Ананың әдлиімен күн батады.

Жетелеп ертегілер әлеміне,

Әлдилеп балапанын жұбатады.

Қ-сы:

Айналайын ақ мамам,

Өзіңменен мақтанам

Дәл өзіңдей анаға ,

Бала болу бақ маған!

2.Ананың аялаған алақаны

Мен оның еркелеген балақаны

Мейірім шапағаты тұңып тұрған,

Қанатын саялаған балапаны

Қ-сы: