Файл: Оыту масаты экожйелерде трофикалы дегейлерді сызбасын ру. Баалау критерийлері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 32

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Оқылған материалды бекіту үшін тапсырма

Сабақтың тақырыбы: Трофикалық деңгейлер. Өзара қарым-қатынас түрлері.
Топ: Оқушының аты-жөні: ........................................ ............... Күні: .........................

Оқыту мақсаты: экожүйелерде трофикалық деңгейлердің сызбасын құру.

Бағалау критерийлері: оқушы қарым-қатынас түрлерін дұрыс анықтайды.

Тапсырма. Кестенің екінші бағанын толтыру арқылы өзара қатынас түрлері бойынша ағзалардың жұптарын бөліңіз.

  1. Шықшылдық пен шыбын. Шықшөп жәндіктермен қоректенетін өсімдік, жәндіктерді сұйықтық тамшысымен (таңғы шықты еске салады ) өзіне еліктіріп, ұстап алады және оны қорытады.

  2. Аскарида және адам. Аскарида - нематод тұқымдастығының дөңгелек құрты. Омыртқалы жануарлар мен адамның ішегіндегі паразит. Организм иесінің күшті уландыруын тудырады.

  3. Шырша мен қарағай. Шырша мен қарағай - фотосинтез процесін жүзеге асыру үшін күн энергиясы мен топырақ суын қажет ететін, онда ерітілген минералды заттар бар қылқан жапырақты орман өсімдіктері.

  4. Қоян және көртышқан. Қоян - жер үстін мекендейтін шөпқоректі жануар, көртышқан - жер асты жәндікпен қоректенетін жануар.

  5. Зең саңырауқұлақтары мен бактериялар. Саңырауқұлақтар антибиотиктерді шығарады, олардың қатысуымен бактериялардың тіршілік әрекеті бәсеңдейді немесе айтарлықтай шектеледі.

  6. Шетен және шетен сайрағы. Шетен жидектері - құстар үшін азық. Сайрақтың ішек жолынан өтіп, тұқым қабығы ішінара бұзылады, бұл тұқымдардың өсуіне ықпал етеді.

  7. Раффлезия және лиана. Раффлезия шырынды (су және қоректік заттарды) лиананы сорады, сондықтан өз тамыр жүйесін, сабақты және жасыл жапырақтарды қажет етпейді, ол оған қоректік заттарды жасауға мүмкіндік беретін еді.

  8. Бұлан және сарышымшық. Сарышымшық және бұлан орманның әртүрлі көлденең қабаттарын мекен етеді, тамаққа әртүрлі жемді пайдаланады.

  9. Шырша және жарық сүйгіш шөптер. Шыршаның түсіретін көлеңкесінің кесірінен жарық сүйгіш шөптер қатты зардап шегеді.

  10. Торғайлар балықшы тұйғын ұясында. балықшы тұйғын – балықпен қоректенетін құс, бірақ ол өзінің ұялық аумағын күзете жүріп, оның ұясының қабырғаларында орналасқан ұсақ құстарды да қорғайды.

  11. Микориза. Микориза - саңырауқұлақ мицелийлері мен ағаш тамырларының байланысы. Саңырауқұлақ мицелийлері тамырды өріп, тамырдың соратын бетін арттырады,сондай-ақ фосфорды байлап, өсімдіктердің фосфорлы қоректенуін қамтамасыз етеді. Орнына саңырауқұлақ органикалық заттар алады.

  12. Түлкі және сұр тышқан. Түлкі - тышқан тәрізді кеміргіштермен қоректенетін жыртқыш.

  13. Қасқыр мен көбелек-есекжем. Қасқыр – негізінен омыртқалы жануарлармен қоректенетін жыртқыш сүтқоректі жануар. Есекжем гүлдердің шірнесімен, ал оның личинкалары – өсімдіктер жапырақтарымен қоректенеді.

  14. Қылқан жапырақты өсімдіктердің фитонцидтері және бактериялар. Қылқан жапырақты өсімдіктер фитонцид заттарын бөледі, олардың әсерінен ауру тудыратын өсімдіктер өледі.

  15. Арыстан мен құстар-падальщики. Арыстан - антилопалармен және басқа тұяқты жануарлармен қоректенетін ірі жануар. Грифтер, сипы, жұртшы - падальщики жыртқыштардан қалған тамақ қалдықтарына риза бола алады.

  16. Түйнек бактериялары және беде. Бактериялар өсімдіктердің азотты қоректенуін қамтамасыз ете отырып, тамырларда түйнектерді құрайды. Оның орнына бактериялар органикалық азық алады.


Өзара қарым-қатынас түрі

Мысалдар

Нейтрализм

4,8,13

Аменсализм

5,9,10,14

Түрішілік бәсекелестік




Түраралық бәсекелестік




Протокооперация

6

Мутуализм

11,16

Арамтамақтық




Пәтерлестік

8,10

Жыртқыштық

1,12

Паразитизм

2,7

Комменсализм 15