Файл: Туелсіздік жетістіктері Сыныбы 5 Жетекшісі тежан Н. М. 20222023 оу жылы азастан Республикасы Оуаарту министрлігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп-Лавар бастауыш мектебімен» КММ


«Тәуелсіздік жетістіктері»


Сыныбы: 5 «Ә»

Жетекшісі: Өтежан Н.М.

2022-2023 оқу жылы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

«Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп-Лавар бастауыш мектебімен» КММ

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Сынып'>Сыныбы: 5 «ә»

Уақыты: 12.12.2022 ж.

Сынып жетекшісі:Өтежан Н.М.

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Тәуелсіздік жетістіктері»

Сынып сағатының

-Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасау. 30 жыл бойы жеткен ҚР жетістіктері. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

  • Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру

Бағалау критерийлері:

  • Елін,жерін сүюге,туғантарихын білуге,құрмет көрсетуге деген саналы көзқарас қалыптасады;

Сынып сағатының түрі:

-танымдық сабақ

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Сынып жетекшісі –

Құрметті оқушылар! Баршаңызды бүгінгі 1-қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймын.

Бүгінгі тәрбие сабағымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.

Тәуелсіздік! Ата-бабамыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! 

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Міне, содан бері 30 жыл.

Тәуелсіз ел тарихы- отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталады.

- Шәкірттерім, қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. Білім алуға сендер үшін мүмкіндік мол. Сендер көп уақытарыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесіңдер, көңілді мерекелерді асыға күтесіңдер.

- Сендерге қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсыңдар?

Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі биылғы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерекесі.

«Ой ашар» сұрақ – жауап әдісі.
– Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
– Біздің Отанымыз -….
– Біз қай ұлтпыз?
– Қандай Республикамыз?
– Біздің ана тіліміз қандай тіл?
– Елбасымыз кім?
– Балалар, біз қандай елміз?
– Қай жылы тәуелсіздік алдық?



Алғашқы сөз (кезең)


Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі


Соңы (бекіту)


– Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?
– Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?
Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.
( әнұран, көк байрақ, елтаңба)

Презентация «Тәуелсіздік жетістіктері» таныстырылады.

Бекіту.

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т – білдіреді теңдікті,

Ә - әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа. (хор)

Кері байланыс.

Не білдім? Не үйрендім?

«Жақсы тілек» оқушылар тілектерін білдіреді.