Файл: Рефлексиялы есебі. Информатика пнінен сабаты зерттеу сраын, яни Фактпікір дісін олдану арылы 5 г.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 57
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
16.01-26.01.23 ж. математика-информатика пәндері әдістемелік бірлестігінің «Цифрлық білім беру – заманауи оқытудың кілті» атты онкүндік
информатика пәнінің мұғалімі: Ж.Б. Баймуратова
Рефлексиялық есебі.
Информатика пәнінен сабақты зерттеу сұрағын, яғни «Факт-пікір әдісін қолдану арқылы 5 «г» сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалай арттырамыз» сұрағын кіріктіре отырып, 19 қаңтар күні 5 «г» сыныбында ашық сабақ өттім. Жас ерекшеліктері бірдей. Білім стандартына сәйкес бағдарламаны басшылыққа алып, «Роботтың даму тарихы мен келешегі» тақырыбында сабақ өттім. Алдын ала ашық сабақтың сайтын жасап қойдым, сол веб-параққа жаңа тақырыпты, тапсырмаларды, видеоны кіріктіріп қойдым. Оқушыларды «Пазл» әдісі арқылы 3 түрлі роботтың бөліктері арқылы үш топқа бөліп алдық. Сабақты 2001ж жарық көрген «Роботы» мульфильмінің трейлерін көрсету арқылы тақырыбын айқындап алдық. Сабақтың бастапқы бөлімінде ең алғашқы робот жайлы 3 тұжырымды, яғни 3 фактіні әр оқушы жеке-жеке пікірлерін үлестірме қағазға жазып шықты, сонымен қатар біраз оқушы ауызша айтып шықты. Жаңа тақырыпты сайттағы презентация арқылы түсіндірдім. Onlinetestpad интерактивті тапсырмалар құру платформасында жаңа тақырып туралы 5 тапсырма жасалды, оның нәтижесі автоматты түрде сайтта көрсетіледі. Сабақты бекіту мақсатында «Факт-пікір» әдісі арқылы үш топ роботтың дамыту даму тарихының үш буыны жайлы фактілерге негізделе отырып, өз пікірлерін постер арқылы жазып шығады және мысал келтіреді. Оқушыларды «Роботтар» арқылы бағалау жүргізілді.
Мен тек сырттай бақылап, қолдау көрсетіп отырдым. Зерттеу сұрағым бойынша саралау тапсырманы жеке жұмыста «Кім жылдам?» әдісі арқылы берілді. Оқушылар берілген тапсырманы орындап, нәтижені сайтқа жылдам арқылы сараланды. Атап айтсам, жеке жұмыста Амира, Асинұр, Ерен, Айсер, Батыр алғашқылардың бірі болды. Ал, Зере, Алдияр, Нұрай мен күткен нәтижеге уақытында жете алмады.
Сабақты бекіту кезеңінде әр тоақа жеке тапсырма берілді. Топтар тіпті сабаққа қызыққаны соншалық постер жазып, нәтижесін тұжырымдай алды және роботтың даму тарихының әр буынына мысалдар келтіре алды. Бақылау нәтижесінде менің байқағаным топ ішінде қай тапсырма болсын тез шапшаң жауап беруге дайын тұратын оқушылар болды. Олардың ішінде Батыр, Нұрай, Айсер, Амира болды. Аталған оқушылар сабақ үстінде өз деңгейлерінде тапсырмаларды орындады. Өз топтарын алға сүйреп, топ ішінде талқылады, диалогқа ықпал етті. Оқушылар
топтық жұмысқа белсене қатысып, кері байланыс орнатты.
Сабақтың сәтті тұстары: видео арқылы сабақ тақырыбын балалардың айқындауы,оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің қолданылуы, топтық жұмысты бірлесе орындап постер құру сәтінің оқушыларға өте қызықты болуы, топта талқылау, тұжырымдау, диалог, робот бөлшектері арқылы бағалау, өздігінен материалдар іздеуі, компьютермен парктикалық жұмысты орындауы сабақтың ең бастысы қолжетімді, сапалы өтуі. Алдағы уақытта нені өзгертуім керек: оқушылардың талдау қабілеттерін дамыту, фактілерді оқушыларға өздігінен табуғы мүмкіндік беру, жаңа әдіс-тәсілдерді сабақ кезеңдерінде ауыстырып қолдану.
Ашық сабақтан көрініс
Сабақтан тыс іс – шаралар
Жасөспірімдер чемпионаты - WorldSkills Juniors – мектеп аясында жоспарға сай өтті.
WorldSkills Juniors басты мақсаты — алдыңғы қатарлы отандық және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, WorldSkills Juniors қозғалысының құралдары негізінде мектеп оқушыларының заманауи және болашақ кәсіби құзыреттіліктерін кәсіптік бағдарлау және дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер жасау.
Сайыстың бірінші кезеңінде қатысушылар тест тапсырмаларын орындады, ал екінші кезеңде олар графикалық редакторларда белгілі бір тақырыпқа арналған логотип жасады. Оқушылардың жұмыстарын арнайы құрылған сарапшылар бақылап, ұпай бойынша бағалады. Жұмыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
«WorldSkills Juniors - 2023» чемпионаты әр сыныптар арасында Scratch бағдарламалаудың кәсіби дағдылары /3-4 сыныптар/, Бейне редактор бағдарламалаудың кәсіби дағдылары /5-6 сыныптар/, Бейне редактор бағдарламалаудың кәсіби дағдылары /7-8 сыныптар/, Бейне өңдеу /трейлер/ бағдарламалаудың кәсіби дағдылары /9-10 сыныптар/ құзыреттілігі бойынша бақтарын сынады. Мектеп оқушыларына алдын ала берілген тақырыптарға дайындалып келу және тапсырма критерийлері ескертілді. Оқушылардың жұмыстарын арнайы құрылған сарапшылар бақылап, ұпай бойынша бағалады. Жұмыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
«ҰБТ-ға +1 бонус» - save time
/11- сыныптар/
Аталаған шараның негізгі мақсаты - информатика және математика пәндерін таңдаған оқушыларға ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін қиын тақырыптарды оңай меңгерудің жолдары мен лайфхактар арқылы көмек көрсету. Сонымен қатар, оқушыларға екі пән бойынша тапсырмалар әр қатысушыларға берілді. Сол тапсырманы белгіленген уақытта шешкен оқушыларға бонус берілді. Іс - шара соңында 11а және 11ә сыныптар арасында kahoot.it интернет сервисінде құрылған тест тапсырамсын командалық жарыс ретінде ұйымдастырылды.
Нәтижесінде 11ә сынып оқушылары 85% пайызбен жеңімпаз атанды. Оқушылар осы сілтеме https://forms.gle/n1ydK4y43JYRdT3p6 арқылы кері байланыс берді.
Қорыта келе, биылғы түлектерге «ҰБТ-ға +1 бонус - save time» атты шарадан алған ілімдерін алдағы сынақта өздерінің уақыттарын тиімді пайдаланып, 100% бонус болуына сенімім мол. Болашақта осы шара жаңа форматта өз жалғасын табады.