ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Хаттама №2
03.11.2022 ж. күні 11«Ә» сынып оқушыларына сынып жиналысы болып өтті.
Барлығы-21 оқушы
Қатысқан-21 оқушы
Қаралған мәселелер:
1.І тоқсан қорытындысы
2.Қауіпсіздік ережелерімен танысу
3. Сынып белсенділерінің тоқсандық есебі
4.Оқушы келбеті қандай болу керек? (Киім кию мәдениеті туралы)
1 – мәселе бойынша І тоқсан қорытындысы айтылды.
№ Үздік оқушылар Екпінді оқушылар
Кудиярова Ә Бахтияр Қ
Мәлік Аяулым Елеухан Ж
Сүлеймен Н Әбибулла М
Орақбай Г Жүндібай А
Бахытова Н Жүнісбай А
Бір және екі пәннен 3 ке шыққан оқушыларға келесі тоқсанда сабаққа қатысып, белсенділік танытып, жақсы баға алу тапсырылды.
2-мәселе бойынша қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Қауіпсіздік ережесін сақтау айтылды. Мектепке келе жатқанда арнайы өзінің жолымен жүру, асфальт жолдан өтетін кезде жан-жағына қарау, жүргіншілер жолымен жүру керек екені айтылды. Жол үстінде ойнамау керек екені, жер тайғақ кезде жолдан абайлап өту керек екені ескертілді. Бекітілген үлгідегі мектеп формасын кию және мектептегі тазалықты сақтау сияқты барлық ережелермен таныстырылды.
3-мәселе бойынша сынып белсенділері өзінің тоқсандық есебін берді. Сол бойынша кеткен кемшіліктердің келесіде қайталанбауы ескертілді.
4-мәселе бойынша оқушы келбеті қандай болу керек? деген сұрақ талқыланды. Киім кию мәдениеті туралы айтылды. Киім кию адамның сыртқы дүниесіне ғана байланысты емес екені ертеден мәлім. Оқушының киген киімі оның ішкі дүниесінен хабар береді. Сол себепті жоғары сынып оқушысы болғандықтан мектеп формасын үнемі сақтап жүру қажет. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, білгенімен бөлісті.
Қаулы:
1 мәселе бойынша І тоқсан қорытындысы талқыланды
2 мәселе бойынша қауіпсіздік ережелерімен танысты.
3 мәселе бойынша сынып белсенділерінің тоқсандық есебі тыңдалды.
4 мәселе бойынша оқушы келбеті қандай болу керек? деген сұрақ талқыланды.
Сынып жетекші: Кенжеева А
Хатшы : Қонысбекова Ә
11 «Ә» сынып ата-аналар жиналысының № 4 хаттамасы
16.03.23ж.
Барлығы 19
Қатысқаны 18
Күн тәртібінде:
-
Баяндама «Менің балам қандай?» -
Балалардың мектепке ұялы телефон, планшет алып келуіне тыйым салу туралы -
ІІІ тоқсан қорытындысы. -
Әртүрлі мәселелер.
Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Сагымбекова Ғазиза баяндама оқыды. Ата-аналарға балалардың қасиеттері, құндылықтары туралы баяндалды.
Екінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі А.Кенжеева аудандық білім бөлімінің 2022 жылы 13 қыркүйектегі №1-29-4-03/3504/И хатымен таныстырды. Онда орта білім беру ұйымдарына балалардың ұялы телефон, айфон, планшет тағы басқа құрылғыларды алып келуге тыйым салынғандығы алу туралы айтылған. Әкімшілік және ішкі істер бөлімінің жас өспірімдер бойынша инспекторлар сабақ үстінде ұялы телефон, планшет пайдалану жағдайларын тексеру мақсатында рейдтер жүргізеді. Сынып оқушыларына сынып жетекші ретінде ескерту жасалды. Егер де рейд кезінде ұялы телефондарын тәркілеген жағдайда сынып жетекші оған жауапты болмайды. Және де бөгде адамдардың тарапынан ұрлық жасалса да жауап бермейді. Сондықтан ата аналар өз балаларына ұялы құрылғыларды мектепке алып келмеуін және қауіпсіздік шараларын қолдануды қамтамасыз ету қажет.
Екінші сұрақ бойынша сыныптың ата аналар оқушылардың сабаққа қатынасы және дайындығы туралы ата аналармен пікір алмасты. Сонымен қатар 3 тоқсан қорытындысымен ата – аналарға таныстырылды. Сынып жетекшімен балалардың білім алу жағдайын зерделеді. Сынып жетекші жыл басынан бері сабақты көп қалдырған оқушылардан Абдулла Нұржан мен Әбдірахман Жарқынбектің ата- аналарынан жауап алды. Сабаққа ынталы дайындық жасап жүрген оқушылар аталып кетті. Жұмашова Аружан, Иса Маржан, Серік Нұрсезім. Сонымен қатар, Умирбек Нұрлыбектің тәртібі туралы айтылды. Ата -анасына ескерту жасалды.
Қаулы:
Ата -аналар балаларына ұялы құрылғыларды мектепке алып келмеуін қамтамасыз етсін;
Өз тарапынан оқушылардың күнделікті сабаққа қатынасы мен дайындығын, тәртібін қадағаласын.
ІІІ тоқсан соңындағы балалар демалысын тиімді ұйымдастыру ұсынылды.
Хатшы Орынбаева Гүлзира