Файл: Дрісті таырыбы. лшем тізбектеріне кіретін лшемдерді шатамаларын есептеу.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дәріс 12. Дәрістің тақырыбы. Өлшем тізбектеріне кіретін өлшемдердің шақтамаларын есептеу.

Машинаның немесе басқа бұйымның нормальды жұмыс істеуі үшін оның қарастырушы тетіктері және қызмет көрсетуіне қатысты тетіктер бір белгілі орында болуы қажет. Дәлдікті есептеу кезінде тетіктің орналасуына және оның беткейіне қатысты бұйымдағы тетіктердің көп өлшемдерінің өзара байланысымен санасады. Мысалы, А2 және А9 өлшемдері өзгерген кезде, А0 саңылаулары өзгереді. Өңдеудің бірізділігін қабылдауға байланысты бөлек тетіктің шақты өлшемдері арасындағы беткейлердің белгілі өзара байланысы болады. Екі жағдайда да оны өлшемдік тізбек көмегімен бекітеді.


7 – сурет

Өлшемдік тізбек деп тұйық контур түзетін және қойылған есепті шешуге қатысушы өлшем жинағын атайды. Мысалы, өлшемдік тізбек көмегіментізбектегі немесе механизмдегі бір немесе бірнеше тетіктердің ось және беткейлердің өзара орналасу дәлдігін анықтайды. Өлшемдік тізбектің контуры – өлшемдік тізбекті талдау және құру үшін қажетті. Бірақ жұмыстық сызбада өлшемдерді тұйық емес тізбек түрінде көресту керек; тұйықтану тізбегінің өлшемдерін қоймайды, өйткені өңдеу үшін олар қажет емес. Өлшемдік тізбекті түзуші өлшемдерді өлшемдік тізбек буындары деп атайды.

Өлшемдік тізбектің буындарының өзара орналасуы бойынша сызықты, жазық және кеңістік деп бөледі. Сызықтық өлшемдік тізбек деп оның барлық буындары бір-біріне параллель орналасқанда атайды және де оның шамаларын екі немесе бірнеше параллель сызықтарға жобалануы мүмкін. Жазықты өлшемдік деп оның барлық буындары бір немесе параллель жазықтарда жатқан жағдайда атайды. Кеңістік деп буындардың барлығы немесе бөлігі параллель емес жазықтықты оранласқан кезде атайды. Буындары бұрыштық өлшем болатын өлшемдік буын бұрыштық өлшемдік тізбек деп аталады. Машиналар мен аспаптард

ың электрлік және электрондық элементтерінің дәлдігін талдауда буындары кедергі, сыйымдылық, ток индукциясы, кернеу шамалары және басқа да электрлік және физикалық параметрлер болып табылатын тізбектерді қолданады.

Бұйымдарды құрастыру кезінде дәлдікті қамтамасыз етудің тұжырымдамасын конструкторлы өлшемдік тізбек көмегімен, ал тетікті дайындауда технологиялық процесті орындау немесе СПАТ жүйе өлшемдері (станок-айлабұйым-аспап-тетік) бойынша өңделетін тетіктердің өлшемдері арасындағы байлаыспен көрсетілетін өлшемдік технологиялық тізбектер көмегімен шешіледі. Бұйымдардың дәлдігін сипаттайтын шама өлшемдерінің тапсырмасын шешуде өлшеуіш құралы – өлшенетін тетік жүйесінің өлшемі болып табылатын буындарының өлшеуіш өлшемдік тізбегін қолданады.


Өлшемдік тізбектің буындарын құрастырушы және бір тұйықталушы деп бөледі. Тұйықталушы деп тетікті өңдеу процесіндегі, машина немесе өлшеуіш түзілімін жинаудағы соңғы алынатын өлшемді А0, атайды. Оның шамасы мен дәлдігі тізбектің барлық қалған өлшем өлшемдерінің шамасы мен дәлдігіне тәуелді, оны құрастырушы деп атап, А2, А9,.....Аm-1(А тізбегі үшін), В2, В9,.....Вm-1 (В тізбегі үшін) арқылы белгілейді.

Механизмнің функциялануын анықтайтын жинақы өлшемдік тізбектің буыны және өлшемдік тізбекті шешетін дәлдікті қамтамасыз ететін буын бастапқы (функцияналды) өлшем (саңылау, керіліс, тетіктің қолдану шамасы, тік-фрезерлі станогінің ось айналу үстелінің жұмыстық беткейінің параллельдігі) деп аталады. Осы өлшемнің шекті мәніне тізбектің барлық қалған өлшемдерінің ауытқуларын есептейді. Жинау процесінде бастапқы өлшем тұйық болып шығады. Тетіктік өлшемдік тізбектегі басқа өлшемдердің дәлдік дәрежесін анықтайтын дәлдіктен шығатын өлшем сондай-ақ бастапқы деп аталады.

Үшбуынды тізбектің тұйық өлшемі А0 көбейтетін (оның шамасы көп болған сайын, А0 мәні көп болады) деп аталатын. А2 өлшемімен және азайтатын (ол көбейген кезде А0 азайды) деп аталатын А2 өлшемінен тәуелді. Тұйық буын оң, теріс немес нөлге тең болуы мүмкін. Өлшемдік тізбекті схема түрінде көрсетуге болады. Схема бойынша көбейетін және азаятын буындарды табу ыңғайлы. Біріншісін буынның әріп белгісі асына қойылатын және оң жақ бағыттағы нұсқама, ал екінші сол жақ бағыттағы нұсқамамен белгіленеді.

Өлемдік таңдауда өлшемдік тізбектің жалпы буынмен немесе базамен, сондай-ақ негізгі тізбектің құраушы буынның бірі болып табылатын бастапқы буын тізбегімен өзара байланысты екенін кездестіруге болады. Бұл жағжайда тізбекті туынды деп атайды.

Өлшем тізбегін есептеу және талдау машина тетіктерінің өлшемдері арасындағы сандық байланысты бекітуге және машинаның жинау және тетігін өңдеудің экономикалық дәлдігіннің пайдалану талаптарынан шығатын өзара байланысты өлшемдердің номиналды мәнін және шақтамаларын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Өзараауыстырымдылықтың қандай түрі (толық немесе шектелген) ең қажетті екенін анықтайды. Жұмыстық сызбадағы өлшемдердің дұрыс қойылуын қадағалайды. Қаракетті шақтаманы анықтайды және конструктивті өлшемдері технологиялыққа (технологиялық база конструктивтімен сәйкес келмеген жағдайда) бөледі. Өлшем тізбегін есептеу және оны талдау – сапаны жоғарылататын, өзараауыстырымдылықты қамтамасыз ететін және дайындау кезінде еңбексыйымдылығын төмендетін машинаны құрудың міндетті сатысы. Өлшем тізбегін есептедің мәні конструкция және технология талаптарынан шығатын оның барлық буындарының шақтамалары мен шекті ауытқуларын бекіту болып табылады. Бұл жағдайда екі тапсырманы бөледі.



  1. Құраушы буындардың берілген номиналды өлшемдері, шекті ауытқуы бойынша тұйық буынның номиналды өлшемімен шақтамасын (шекті ауытқу) анықтау (мұндай тапсырма сызбада қойылатын тұйық өлшем шақтамасы құраушы өлшем шақтамасына сәйкестігін тексеру қажет етілген жағдайда туады )

  2. Барлық өлешмдердің берілген номиналды өлшемдері және бастапқы өлшемдердің берілген шекті өлшемдері бойынша құраушы өлшемдердің шақтамасы мен шекті ауытқуын анықтау (мұндай тапсырма өлшем тізбегін жобалы есептеу кезінде қойылады).

Өлшем тізбегі белгі қатары бойынша жіктеледі.


Сыныпталу белгісі

Өлшем тізбегінің аты

Тағайындалу, сипаттама

1

2

3

Қолдану аймағы


конструкторлық

Бұйымды құрастырудағы юәлдәкті қамтамасыз ету тапсырмасын шешеді

технологиялық

Бұйымды дайындаудағы дәлдікті қамтамасыз ету тапсырмасын шешеді

өлшеуіш

Бұйымның дәлдігін сипаттайтын шаманы өлшеу тапсырмасын шешеді

Бұйымдағы орын

тетікті

Беткейдің қатысты орналасуын немес бар тетіктің осініңдәлдігін анықтайды.

жинақы

Беткейдің қатысты орналасуын немесе жинақы бірлікке кіретін тетік осінің дәлдігін анықтайды.

2

3

Буындардың орналасуы

сызықтық

Тізбек буыны сызықтық өлшем болып табылады. Буындар параллельді түзулерде орналасқан.

бұрыштық

Тізбек буыны ауытқулар шартты ұзындыққа қатысты сызықтық шамада немесе градуспен берілуі мүмкін бұрыштық өлшемдер болуы мүмкін.

жазықтық

Тізбек буыны бір немесе бірнеше параллель жазықтықта орналасады.

кеңістіктік

Тізбек буыны кеңстікте орналасады

Буындар сипаттамасы

скалярлық

Тізбектің барлық буыны скалярлық шама болып табылады.

векторлық

Тізбектің барлық буыны векторлық қателіктер болып табылады.

Біріктірілген (комбинированная)

Өлшем тізбегінің құрастырушы буынның бөлігі – векторлыққателік, қалғаны – скалярлық шама.

Өзара байланыс сипаттамсы

Параллельді байланысқандар

Бір толық буыны бар өлшем тізбегі (екі немесе бірнеше)

Тәуелсіз

Толық буыны болмайтын өлшем тізбегі


Толық өзараауыстырымдылықты қамтамасыз ету үшін өлшем тізбегін максимум және минимум әдісі бойынша есептейді, бұл кезде тұйық өлшем шақтамасын құрастыру өлшемінің шақтамасын арифметикалық қосумен анықтайды. Бұл әдіс тетіктерді келтіру мен таңдаусыз жинаудың берілген дәлдігін қамтамасыз етеді.

Егер тұйық өлшемнің шекті мәнін дәлсақтамаса (мысалы, 0,27), құрастырушы өлшем шақтамасы мәнді кеңеюі мүмкін және бұл теткіті дайындаудың өзіндік құныны төмендетеді. Осы жағдайға байланысты өлшем тізбегін теориялық – мүмкіндік әдісімен негізін тапқан.

Топтық өзараауыстырымдылық әдісінің мәні тетіктің дайындалуы қатысты стандарттардан алынған кең технологиялық орын алатын шақтамалармен салыстырумен және тетіктерді аз топтық шақтамамен бірдей топ санына және оларды бірдей атпен топтар бойынша сұрыптауда болып табылады. Мұндай жинау селективті деп аталады. Топтық өзараауыстырымдылық әдісін тізбек өлшемінің орташа дәлдігі өте жоғары және экономикалық болып алынғанда қолданылады.

Реттеу әдісі дегеніміз бастапқы (тұйық) өлшемінің жазылған дәлдігі қайыру деп аталатын алдын ала таңдалған құрастырушы өлшемдерінің бір шамасын әдейіліп өзгерумен (реттеуші) енетін өлшем тізбегінің есебін атайды.

Негізгі әдебиет:1[197-216]

Қосымша әдебиет: 14 [142-174].


Бақылау сұрақтары:

  1. Өлшем тізбегінің жіктелуі?

  2. Максимум және минимум әдістері бойынша өлшем тізбегін есептеу?

  3. Негізгі терминдер және анықтаулар?