Файл: Пн Математика Орта мерзімді жоспар блімі 3В тарауы Кеістіктік фигуралар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 66
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пән: Математика Орта мерзімді жоспар бөлімі: 3В тарауы - Кеңістіктік фигуралар Күні: Сынып: 3-сынып | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: 26 Қатыспағандар саны: 0 | ||||
Сабақ тақырыбы | Тікбұрышты параллелепипед | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.3.2.4 солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру. | ||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: есептерді шығару әдісін түсіндіреді. Көптеген оқушылар: кеңістіктегі геометриялық куб-фигуралардың жазбасын және олардың моделін құрастыруды өз бетімен дайындай алады. Кейбір оқушылар: оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды. | ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология
куб, тікбұрышты параллелепипед, перспектива, қосылу нүктесі, линер, ракурс Талқылауға арналған сұрақтар:
Неліктен екенін айта аласыз ба…?
Қалай екенін айта аласыз ба…? Тегіс фигураны көлемінен ажыратуға болады ма? Кубты жаюды орындау керек пе? Перспективада кубты қалай салу керек? Жазбаша тапсырма:
Дұрыс және дұрыс емес пішімі арасындағы айырмашылықты атаңыз. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Музыка, қазақ тілі. | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; | ||||
Ресурстар | Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б | ||||
Бастапқы білім | Кубтар мен тікбұрышты параллелепипедтер туралы көрінісінің болуы. Нақты құрастырып, өлшеу қабілеті. Тікбұрышты параллелепипедті кеңістіктік үлгіде жаюды жасау және дайындау туралы көрінісінің болуы. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,жылы күлкілерін сыйлайды.Педагог күлкінің маңызына тоқтайды. Оқу құралдары арқылы (өшіргіш, қалам, қарындаш т.б.) ортаға бала санына қарай түрлі ручка, (қарындаш, өшіргіш) қойылады ә р оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Белсендіру. Сөйлемдерді толықтырыңдар. Тіктөртбұрыш – бұл… а және в – … а –бұл … в – бұл … Тіктөртбұрыштың ауданы тең... Р = 2∙(а+в) өрнегі … деп аталады. Ұзындығы мен ені тең тіктөртбұрыш ...деп аталады. Тең фигуралардың ауданы мен периметрі Егер фигура бөлікке бөлінсе, онда фигураның кеңістігі бірдей... Көлемді фигуралардың ішінде біз текшені білеміз, ол барлық қырлары шаршы болып келетін тікбұрышты параллелепипед. Ал бұл тікбұрышты параллелепипедтің барлық қырлары шаршы емес. –Қандай фигуралар оның қырлары болып табылады? (Тіктөртбұрыш) Біз тікбұрышты параллелепипедтің қырлары тіктөртбұрышты болып келеді деп анықтадық. –Тіктөртбұрыштың қабырғалары қалай аталады? [ Ұзындық пен ені] Ұзындығы мен ені төбе жағында болса, бірақ бүйір қырлары да тіктөртбұрышты және тік қабырғалары тіктөртбұрыштарды биіктік деп атайды. Енді қызыл қарындашты алып, барлық тік қабырғаларды бастырып сыз. –Бұл қабырғалардың ұзындығы туралы сіз не айта аласыз? –Олар қанша? –Өзіңіздің қорытындыңызды модельде тексеріңіз. –Тікбұрышты параллелепипедте тағы да тең қабырғалар бар ма? Оларды ата. –Дұрыс, бұл ұзындық . –Мұндай қабырғалар қанша? –Оларды көк түсті қарындаштармен, ал енін жасыл түспен бастырыа сыз.. [ Бірдей қабырға 4-тен] Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығы, ені мен биіктігі тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері деп аталады. Алайда ұзындық, ені мен биіктік сөздерін айту ұзақ болғандықтан, aәрпі ұзындықты, bенін, ал биіктігін сәрпімен белгілейді. №2 тапсырманы орындау ұсынылады. Қорапты ал. Оны қарап шық. Сен қандай фигураларды таныдың? Мұндай фигура математикада тікбұрышты параллелепипед деп аталады. Тағы қандай заттар осындай пішінге ие? Параллелепипедтердің төбесін құрайтын тіктөртбұрыштар – жақтары деп аталады. Параллелепипедтің 6 жағы бар, бір-біріне қарама-қарсы орналасқан жақтары тең болады. Параллелепипедтің 12 қабырғасы бар, сондай-ақ олар жақтарының қабырғалары болып табылады. Қабырғалардың түйіске нүктесі параллелепипедтің төбесі деп аталады. | Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер. Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары | |||
Сабақтың ортасы | Жаңаны ашу. Тікбұрышты параллелепипед үшін барлық алты қырлары тіктөртбұрыштар. Параллелепипед сөзін қалай түсініп, есте сақтаймыз? Оның құрамын екіге бөлеміз: параллеле – параллельді дегенді білдіреді (грек тілінен аударғанда), пипед – жазықтық немесе параллель жазықтықтармен шектелген геометриялық дене дегенді білдіреді (грек.) Қандай геометриялық дене екенін түсіну үшін оған кәдімгі кірпіштің пішіні сәйкес келеді. Бұл – нағыз тікбұрышты параллелепипед. Қай жағы қалай аталатынын есте сақтауға тура келеді: бізге қарап тұрған жағы алдыңғы деп аталады, Дәл осындай жақтар артындада бар – бұл артқы жағы, бүйір жақтары – сол және оң. Үстіндегі жағы үстіңгі деп аталады, ал фигура тұрған жағы төменгі немесе негізгі деп аталады. Ортақ қабырғалары жоқ тікбұрышты параллелепипедтің екі жағы қарама-қарсы деп аталады. Қарама-қарсы жақтары әрқашан тең. Тікбұрышты параллелепипедтің қабырғалары бар екі қыры шектес жақтары деп аталады 6 тіктөртбұрышты қағаздан тікбұрышты параллелепипедтің жоғарғы жағын көрсететін жабық қорапшаны желімдеп жасау аса қиын емес. Ал егер керісінше барлық қабырғалардың бетін жағалай кессек, не болады? Онда ол қайтадан 6 тіктөртбұрышқа айналады. Бірақ біз барлық қабырғалары бойынша емес, абайлап кесеміз. Алдымен біз тікбұрышты параллелепипедтің бетін жоғарғы бөлікке жататын негізгі үш қабырғасы бойынша кесеміз. Сонда жоғарғы жағын ашқанда, қақпағы сияқты болып тұрады. Осыдан соң біз бетін, яғни биіктігі болып табылатын төрт параллельді қабырғалары бойынша кесеміз. Енді қалған беттерін оңай ашуға болады және қалғандарын қағаздың тегіс бөліктеріне айналдыра аламыз.Біз тікбұрышты параллелепипедтің бетін қалай жазар едік. Егер керісінше барлық бүгілгендерді жасап, содан кейін кесу жүргізілген фигуралардан біз қайтадан тікбұрышты параллелепипедтің беткі жағын алып, қабырғаларын желімдейміз. Жаңалық ашу үшін балалар практикалық жұмыс жүргізеді. Берілген жазбаны белгіленген сызықтары бойынша бүктейміз. Күлтелерінде желімдеудің реті жазылған. Күлтелерін жапсыра отырып, алатынымыз: № 2 және № 3 желімдеулермен бірге бөлшектерді желімдейміз: Тікбұрышты параллелепипедтің моделін аламыз: №3 тапсырма Шығармашылық тапсырма. Тікбұрышты параллелепипедтің жазбасын салу үшін қандай өлшемдер жасаймыз? Түсіндіре отырып, алғашқы бекіту. Тікбұрышты параллелепипедтің үлгісі бойынша жазбасын дайындау. Тапсырма топ бойынша беріледі: №1 топ. Параллелепипедтің дайын моделінің геометриялық өлшемдері (мм): Ұзындығы =120мм Ені = 90мм Биіктігі = 40мм №2 топ. Параллелепипедтің дайын моделінің геометриялық өлшемдері (мм): Ұзындығы = 90мм Ені = 65мм Биіктігі = 50мм №3 топ. Параллелепипедтің дайын моделінің геометриялық өлшемдері (мм): Ұзындығы = 60мм Ені = 40мм Биіктігі = 65мм Өзіндік жұмыс Осы тікбұрышты параллелепипедтің жазбасын тауып, оны құрастыр. Үлгісі бойынша қағаздан тікбұрышты параллелепипедтің жазбасын дайында. Мен:
тікбұрышты параллелепипедтің моделін қағаздан құрастыруды білемін. | Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Белсенді оқу тапсырмалары. | |||
Сабақтың соңы | Өткен материалмен жұмыс Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Оқушыларға «Көңілді қоңырау» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді. | Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Оқушылардың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету. | |||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылат ын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |