Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Коммерциялы емес акционерлік оамы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 61
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ғұмарбек Дәукеев атындағы
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№1 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Пән: Психология
Тақырыбы: Психоанализ: тарих және қазіргі заман.
Мамандық: Агроинженерия
Орындаған:Пангереев Нұрдаулет
тобы:ЭСХк 21-1
Қабылдаған: Абдиева Газиза.
Алматы, 2023 жыл
Мазмұны
-
Кіріспе. Психоанализ -
Негізгі бөлім. Психоанализ тарихы, ерекшелігі. Фармакология -
Қорытынды
Психоанализ: тарих және қазіргі заман
Психоанализ — Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалыптастырған XX ғасыр мәдениетінің барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ілім және психиатрияны емдеу әдіснамасы. З. Фрейд өз зерттеуін бастаған кезде психиатрия ғылымы биологияның ықпалына айырықша ұшырағаны соншылық, психологиялық құыбылыстардың қалыптасуы мен дамуын түсіндіру және рухани ауруларды емдеу түгелдей өнеркәсіп дәуіріне тән механикалық әдістермен орындалатын. Фрейд 1885 жылы Парижде әйгілі психиатр, қосымша митанушы Charcot-тан тәлім алып, Charcot-тың қояншық (истерия) ауыруын зерттеуінің ықпалына ұшырады. Сөйтіп ол бала кездегі рухани жарақат пен жайсыз кешірменің кейінгі өмірдегі көңіл күйге әсерін зерттей бастады. Алғашқы емі Anna O деп аталған Josef Breuer деген қыздың психологиялық ауруына психоанализ жасаудан . Ол кезде фрейд гипноз және сөйлетіп емдеу (talking cure) тәсілдерін қолданып, емделушінің көңілін мазалаған, алаңдатқан астыртын істі ашуға тырысты. Кейін фрейд гипноз амалы арқылы ауырудың кезінде көңілінде жарақат қалтырған оқиғаны тауып шығуға тырысты. Бірақ бұл ауруды жақсартпаған соң фрейд басқа амалдарды қарастырды.
Психоанализдің басты ережелері
-
Адамның ата тегіне тартқан мінезіне дейінгі барлық психологиялық қасиеттерін бала кезіндегі кешірмесі белгілейді. -
АДамзаттың ісін, кешірмесін және танымын негізінен адамның иррационалды (жабайы, ақылсыз, нәпсілік) аңсары қалыптастырады. -
Бұл аңсарлар незінен санасыз күйде болады. -
Осынау санасыз аңсарларды саналы қабатқа әкелу психологиялық өз-өзін қорғау механизмінің қарсылығын туғызады. -
Сана мен астынсана (шектелген, жасырынған сана) және нақты шындық арасындағы қайшылықтан рухани соққы пайда болады, ауытқулар туады, психологиялық аурулар келіп шығады. -
Осынау тосылған, тұйықталған астынсаналық оқиғаны (әлдеқашан ұмытылған ерекше ұятты оқиғаның жасырын ықпалы) белгілі кәсіптік амалдар арқылы рухани ауруға білдіруге болады. (Қазақтың "көйлектің кірі жуса кетеді, көңілдің кірі айтса кетеді" деген мақалында айтылғандай, өзі ұмытып қалған "өз сырын" білген соң адам психикалық ауытқудан айыға бастайды екен).
Психоанализдік емдеу амалы таласты тақырып болса да, кейбіреулер жағынан соқыр сенім деп бағаланса да, бірақ оның рухани ауруларды емдеуді көздейтін психиатрия ғылымына өте-мөте ықпалы зор болды. Сондай-ақ Фрейдтің бұл жасампаз идеялары заң саласында, әдебиетте, философияда, психология ғылымында кең көлемде әсер пайда қылып, еуропа және АҚШ елдерінде психологиялық ізденістің жаңа дүмпуін туғызды.
Меннің үш құрамы
Фрейд адам психикасын Өз (It), Мен (Ego), Жоғары Мен (Superego) сынды үш бөліктің өзара байланысы арқылы түсіндіреді. Астынсана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлығы мен ынта-қалауы ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану ережесін» басшылыққа алады. Фрейд оны It (өзі, нәрсеге қаратылатын ол мағынасында, "Өз" деген сөз жақын келеді) деп атап, «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп бағалайды. Адамның саналы Мені — Өз бен (Астынсана) қоршаған дүние арасындағы делдал рөлін ойнайды. Бұл құрылым «шынайылық ережесін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның астынсанасына қызмет көрсету. Адам Мені Өзді өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде Өздің ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейтін тәрбиелік, этикалық, адамгершіліктік, діни, рухани сананы көрсетеді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе астыртын күнә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін.
Астынсанада белгілі бір жағдайда сана аймағынан ауытқып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен арулану (сублимация) арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым. Тиым салынған ЛИБИДО (жыныстық қуат) импульстары мәдени шығармашылықтың қайнар көзі мен құпиясы есептеледі. Мәдениет адамды жүйке науқасы (неврозға) ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші жағынан шығармашылық фантазия және оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға) мүмкіндік береді.
Фрейд адамның психологиялық өмірі туған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды. Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Фрейд психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды Фрейд психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырады.
Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт — либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті жеке инстинкт деп қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты — талқандау.
Кейінгі еңбектерінде Фрейд екі тұрлі инстинктер бар деген болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса, енді бірі тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады. Оның түпкілікті қорытындылары «Психоанализ очерктері» еңбегіндегі баяндалған өлім инстинктінің рөліне қатысты. Мұндағы махаббат инстинкті (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос) дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына айналды.
Психоаналитикалық теориясын оның шәкірттері мен ізбасарлары: А. Адлер, В. Раих, О. Ралк, К.Г. Юнг, Ш. Френчи т.б. қабылдап, кейіннен оған түзетулер енгізді.
Психоаналитикалық теорияны XX ғ. «ғылыми мифологиясы» деп атайды. Өйткені оның өкілдері мифологиялық материалдармен жұмыс істеді. Психоаналитикалық теория миф, ритуал, дін т.б. мәдениет аспектілерін мәдениеттанулық зерттеудің құрамдас бөлігіне айналды. Көптеген көркем шығармашылық тұжырымдары астынсананың психоаналитикалық теориясына негізделді. Олар адам әрекетінің осы саласындағы түс көрудің, фантазияның, интуиция мен еркін ассоциациялардың айырықша рөлін негіздеуге талпынады.
Психоанализ тарихы, ерекшелігі. Фармакология
Бұл бейсананы зерттеуді мақсат еткен психо-логияның бір бөлігі. Бейсана субъекттің жаңылыс сөздерінің, ассоциациялау, оқу, тыңдау кезіндегі қателіктерінің; қате әрекеттерінің (ұмыту, жоғалту, жасыру, адасу) және елестету өнімдерінің (ұйқы, қиял, сандырақ, арман және т.б.) жете түсінбеген мағыналарын анықтау негізіне сүйене отырып, белгілі әдістер жиынтығы арқылы зерттеледі.
“Психоанализ” терминін З. Фрейд 1896 жылы невроз этиологиясы жөніндегі мақаласында ұсынған. Бұған дейін ол “талдау”, “психиканы талдау”, “психологиялық талдау” және “гипноз талдауы” терминдерін қолданған болатын.
З. Фрейдтің өзі психоанализге мынадай анықтама берген:
біріншіден, басқаша қол жеткізпейтін психикалық үрдістерді зерттеу құралы;
екіншіден, осы зерттеуге негізделген невроз ауруын емдеу әдісі;
үшіншіден, осының нәтижесінде пайда болып, дамып және жаңа ғылыми ілімге жинақталған бірнеше психологиялық тұжырымдамалар.
“ПСИХОАНАЛИЗ” ТЕРМИНІН ФРЕЙДТІҢ ДӘЛЕЛДЕУІ
“Біз бұл әдіс арқылы науқастың санасына ығыс-тырылған психикалық қайғыларын қайтару жұмысын психоанализ деп атағанбыз. Біз неге “талдау” туралы, яғни, жару, шағу, ыдырату туралы, - химиктің табиғаттан тауып алған заттарымен лабораториясындағы жұмысына ұқсастырып айтамыз? Өйткені, бұл ұқсастық, негізінде, толық дәлелденген. Емделушінің симптомдары мен әртүрлі патологиялық құбылыстарының табиғаты барлық жалпы психикалық әрекеттер сияқты күрделі, әрі әуестіктер, тілектер олардың құрамдас элементтері болып келеді. Бірақ пациент бұл түпкі тілектер туралы мүлде бейхабар болады. Химик күрделі заттардан оның құрамдас элементтерін бөліп шығарғанына ұқсас, біз емделушіні симптомға негіз болған, өзі мойындамаған тілектері мен әуестіктерінің себептерін мысал етіп, психика-лық құбылыстардың өте күрделі құрылысын түсінуге үйретеміз. Сонымен қатар біз науқасқа патологиялық деп есептелетін психикалық құбы-лыстардың себептерін толық түсінбейтінін, оларды басқа құбылыстар мен ниеттер тудырғанын, олардың себептері өзіне белгісіз болып қалатынын көрсетеміз”.
ПСИХОАНАЛИЗ АҒАРТУШЫЛЫҒЫ
Қазақстан халықтарына өз психологиялық денсау-лығын сақтау үшін тиімді көмек беру үшін, біздің ойымызша, тәжірибелі психологтар өздері көпші-лікті психологиялық ағарту жұмысына белсене кірі-суі керек. Адамдардың жалпы психологиялық сауатын көтеру, қазақстандықтардың психоло-гиялық, соның ішінде, психоанализдік мәдениетін нығайту, психоанализ клиентурасының қатарын кеңейтіп қана қоймай, бірінші кезекте, қала тұрғын-дарына, жеке адамдар арасындағы қатынастардың шиеленісуін төмендетуге, адамның сыртқы және ішкі үйлесімділігін қалпына келтіруге, қала тұрғындарын сауықтыруға ықпал етеді.
ПСИХОАНАЛИЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Психоанализ психотерапияның басқа түрлерінен ең алдымен өзінің жеке тұлғаға бағытталғанымен ерекшелінеді. Бұл сонымен, талдаушының наза-рында “жақсы” және “жаман” жақтардан тұратын нақты адам болады деген сөз. Тәжірибеде жиі көргеніміздей, клиенттердің, әсіресе, қазақ клиент-тердің, соңғы жағын аса көбейтіп жатқандарын көруге болады. Сөйтіп, өзін қинап масқаралаған күнә сезімі мен ар-намысы адамды өзіне бағын-дырып алады. Психоанализ өзінің негізгі мақсаты ретінде осы немесе басқа симптомды жәй “алып тастауды” көздемейді, өйткені, тәжірибе көрсет-кендей, бұл бірнеше уақыт өткен соң қайтадан, сол қалпында немесе басқаша түрде көрініп қалуы мүмкін. Бас міндет – симптомның психологиялық табиғатын табу, оның бұлағын анықтау және оның даму динамикасын түсіну. Өзіндік сана және өзін-өзі түсіну – міне, өзі мен мінезін өзгертуге, үрей мен қорқынышты жеңуге, мінез-құлығының жаңа тәсілдерін қалыптастыруға арналған екі кілт.
Дегенмен, адам өз денесінің кейбір бөлігін (мұрын, құлақ, көз) айна болмаса көре алмайтын-дығы сияқты, өзінің сезімдері мен психикалық бейнелерін проекциялаған талдаушының көмегінсіз, өз есінің тереңдегі қабатын, өзінің құпия сезімдері мен уайымдарын көре алмайды.
Әрбір адам өз тарихына тәуелді. Бұл тарихтың өте ашық, жарық, бірақ көбінше сол бір мезгілде қараңғы, тіпті, түңілген беттері болуы мүмкін. Психоаналитиктер өз білімдері мен тәжірибелерінің күші арқылы, клиент өз тарихының көптеген тұстары туралы ешуақытта ешкімге айтпағанын, айтқан болса да, оны ешкім ақырына дейін тыңдамағанын біледі. Жеке тарихында, ол туралы тіпті өзі де есінде сақтамағанына қарағанда, өте жағымсыз бірдеме болуы мүмкін. Былайша айтқанда, психоаналитик “әрі есте сақтау мүмкін емес, әрі ұмытуға да болмайтын” тұстарды еске түсіруге көмектеседі.
ПСИХОАНАЛИЗ ЖӘНЕ ФАРМАКОЛОГИЯ
Психоанализ психофармакология қандай табыс-тарға жетпесін, адам жанына керекті дәрі болмаған және болмайды да деп санайды. Психологиялық проблема қашан да болмасын психологиялық (химиялық емес) шешімді талап етеді. Сондықтан, психоаналитик клиент қаншалықты сөйлемесін бәрін соншалықты толық тыңдайды. Талдаушының осы біржақты әңгімеге шебер көмектесуі клиентке азаптарының өз санасының түбінде осы кезге дейін негізгі себептерін, өзіне беймәлім болған ойлары мен естеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Психоанализ белсенді дамып келе жатқан фармакотерапияға қарсы емес және ол дәстүрлі психиатрияның баламасы емес. Психоанализ – бұл сөзбен емдеу.
ПСИХОАНАЛИЗДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕРМИНДЕРІ
Біз бұл жерде психоанализдің қазақ тіліндегі бірнеше терминдерін ұсынамыз. Негізгі термин – “психоанализ” сөзін алатын болсақ, оны қазақ тілінде “жанталдау” деп аударуға болады, дегенмен, біз оны бұрынғы күйінде, халықаралық тәжірибеде қабылдағандай етіп қалдыруды ұсынамыз.
“Сознание” термині – “сана” қазақ тіліндегі психологиялық әдебиетте әлдеқашан тұрақтанып қалған. Келесі терминді қабылдау мен ғылыми айналымға енгізу талас туғызуы мүмкін. Біз “подсознание” сөзін “дейсана”, ал “подсознательное” сөзін “дейсаналық” ретінде қолдануды ұсынамыз, өйткені қазақтың “дейін” сөзі “до, перед” деген мағынаны білдіреді. Әрине, грамматиканың барлық ережесі бойынша сөзбе-сөз аудару басқаша болар, онда бірақ, біздің көзқараспен қарағанда, ғылыми терминдердің өзін анықтау қолайсыз болып, әрі оларды ғылыми және оқу әдебиетінде пайдалану ыңғайсыз болады. Жеңіл және дұрыс аударылатын термин “бессознательное”- “бейсана”, бұл сөз орыс тілінде екі ойды, зат есім мен сын есімді білдіреді, ал қазақ тілінде зат есім “бессознательное” - “бейсана”, сын есім “бессознательное” - “бейсаналық” деп аударылады. Ал “санасыз” деген сөзді “несозна-тельный” мағынасында қалдырдық.