Файл: Диктанттар жинаы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 29

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Диктанттар жинағы.
Қоңыр күз.

Жаздан кейін қоңыр, салқын күз кел де келіп жетеді. Бұл кезде күн қысқа, түн ұзақ болады. Қараңғылық ерте түседі. Аспанда қара бұлт қаптап, жауын да жиі - жиі жауады. Күз айлары – жыл мезгілдерінің ең молшылық айлары. Бұл мезгіл – көкөніс, жеміс - жидектің піскен кезі. Күзде адамдар қысқа әзірлік жасайды. Қысқа көкөністерді тұздайды. Осындай кезде қыс та келіп қалады.(55 сөз)
Тапсырма. 1. Қосымшаларын табыңдар:

Қараңғылық, мезгілдерінің, көкөністерді.

2. Фонетика талдау: Салқын, піскен.
Біздің сынып.

Біздің сынып таза, кең, жарық. Сыныптың қабырғалары ақ, төбесі биік. Едені сары бояумен боялған. Сыныпта үш үлкен терезе бар. Парталар үш қатар қойылған. Парталардың үстіңде дәптерлер, кітаптар, қарындаштар,

күнделіктер жатыр.

Сыныпта үстел, тақта, орындықтар бар. Орындық үстелдің жананда тұр. Терезеде көк перделер ұсталған. Маған біздің сынып өте ұнайды.(48 сөз)
Тапсырма: мәтіндегі сөздердің түбірін ажыратыңдар.
Менің досым.

Менің ең жақын досым – Асқар. Оның бойы ұзын, шашы бұйра, көзі қара, бет - әлпеті әдемі. Ол – тәртіпті оқушы. Асқар сабақтан кешігуді білмейді.

Оқулықтарын таза ұстайды. Қызықты кітапты көп оқиды. Сабақтан кейін апасына көмектеседі. Оның Анар есімді қарындасы бар. Асқар қарындасын ойнатады.

Менің досым - адал, сенімді, әзілқой. Мен досымды мақтаныш етемін.(50сөз)
Тапсырма: тәуелдік жалғауды табындар.
Қыс.

Күн суық. Жерде қар қалың. Түн ұзақ, күн қысқа. Қыста мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Беті - қолымды жуамын, сүртемін, шашымды тараймын, тамақ ішемін. Сонан соң басыма бөрік, қолыма қолғап, үстіме жылы пальто, аяғыма етік киіп, мектепке барамын. Мектептен шыққан соң, мектептің мұз айдынына барамыз. Мұз айдыны мектептен алыс емес.

(51 сөз)
Тапсырма: бастауыштың астын сызыңдар.
Абай Құнанбаев.

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны. Ол ерте кезде өмір сүреді. Қазақ халқын әр түрлі өнер үйренуге, білім алуға шақырады. Халқына еңбекті сүюдің, еңбек ете білудің пайдасын түсіндіреді. Ақын өсекші, өтірікші, жалқау, мақтаншақ адамдарды жек көрді. Абай өз шығармаларында мұндай адамдарды қатты сынады. Абай Құнанбаев – ұлы аудармашы болған. Ол барлық адамдарды дос болуға шақырды.

(54 сөз)
Тапсырма: “ақын, адам, дос, халық”- деген сөздерің көптік жалғауларын жазыңдар.
Ыбырай Алтынсарин.

Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының белгілі ағартушы, жаңашыл педагогы, жазушы, қоғам қайраткері. Ол жасынан ынталы, зерек болды. Ыбырай Алтынсарин орыс әдебиетін көп оқыды. Халқына білім беруді арман етті. Балалар үшін Орысша - қазақша мектептер ашты. Оған арнап оқулықтар жазды. Оның өлендерін оқушылар жатқа біледі. Қостанайда Ыбырай Алтынсарин арналып мұражайлар ашылып, ескерткіштер орнатылды. Ол – балалар әдебиетінің атасы.

(53 сөз)
Тапсырма: көптік жалғауды табындар.
Қорқыт.

Қазақ музыкасымен, ән - күймен бірлікте аталатын есімнің бірі - Қорқыт ата. Ол күллі түркі халықтарына ортақ данышпан адам. Қорқыттың мазары Сырдария бойымен жүріп отырсаңыз, Қызылорда облысының Қармақшы ауданында тұр. Теміржолмен, басқа көлікпен әрі - бері өткендер ата аруағына сыйынып, ішпей дұға оқиды. Даналығымен ел есінде сақталған қасиетті бабамыздың бойындағы дарыны - кейінгі ұрпақтарына да үлкен өсиет. Ол - өзінің өмірінде халқы үшін жанын аямаған өр тұлға.

(60 сөз)
Тапсырма: “Даналығымен” сөзді сөз құрамына талда.
Алматы көлі.

Алатаудың сұлу жерлері көп. Оның ішінде Алматы көлінің орны бөлек. Бұл көл тәуліктің әр мезгілінде әр түрлі болып құлпырады. Таң атып, күн шыққан кезде, көл жап - жасыл болып кетеді. Сондықтан халық оны “Жасыл көл” деп айтады. Бұдан жүз жыл бұрын осы көлге келген орыстың атақты саяхатшысы - Семенов – Тянь-Шанский оны көріп таң - тамаша болған. Ол бұл көл жайында былай деп жазған: “Жасыл көлдің” ғажап көрінісі еш уақытта менің ойымнан кетпейді”. Алатау өңірінде мұндай көлдер, сұлу жерлер өте көп.

(78 сөз.)
Наурыз мерекесі.

Наурыз халық мейрамы. Наурыз мерекесі – жыл басы, күн мен түннің теңелген күні. Мейрам күні ежелгі дәстүр бойынша тал, ағаш, гүл егеді. Наурыз мейрамында ән айтылады, адамдар әдемі киім киеді, түрлі ұлттық ойындар өткізіледі, көже пісіреді. Көже пісіру жеті тағамға деген сый, құрмет көрсету. Ол су, сүт, ет, дән, ұн, тұз, майдан жасалады.

Наурыз – көктем мезгілінің, көркі, берекесі ретінде саналады. Біз наурызды асыға күтеміз.

(63сөз)
Тапсырма: екінші сөйлемді аудар.
Қошақан.

Дәулет пен Хасен құмнан жуа терді. Олар жолдың шетінде қалған ақ қозыны көрді. Қошақанның енесі жоқ екен. Қошақан өз аяғымен жүре алмады. Ол өте әлсіз еді. Екі бала қозыны кезектесіп көтерді. Екі дос түс ауа қошақанды ауылға аман - есен жеткізді.

Олар қозыны аға шопанға әкеліп берді.

Шопан балаларға алғыс айтты.

(50сөз)
Тапсырма: 1.“Ақ, түс”сөзінің омонимін тап “әлсіз”сөзінің антонимін тап

2”. балаларға” – сөздің сөз құрамына талда.
Көктем.

Қар еріп болды. Көктем келе жатыр. Күн жылынып, жер көгеріп келеді. Балалардың қуанышы қойынына сыймай жүр. Олардың үйге кіргілері келмейді. Ауылды жерде егін салу басталады. Мен сақаға отырып жер жырт -

тым. Марат трактормен егін екті. Кешке дамылсыз жаңбыр жауып, жұмыс аз істелді. Бұған біз ренжідік. Бүгін күн батты, бірақ жұмыс біткен жоқ. Кешке


басқа адамдар келді.
(60сөз)

Тапсырма: 1. Зат есімнің астын сыз.

2. Фонетика талдау: ренжідік, болды.
Қыс.

Бізде қыс желтоқсан айынан басталады. Бұл мезгілде күн суытады. Батыс - тан суық жел соғады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Жиі - жиі қар жауады. Жердің бетін аппақ қар басады. Адамдар қыстыгүні жылы киінеді. Бұл мезгілді, әсіресе аңшылар өте ұнатады. Олар аң аулайды. Үлкендер де, жастар да коньки теуіп, шаңғымен сырғанайды. Әр жыл мезгілінің өз мейрамы бар. Қыстан біз Жаңа жылды қарсы аламыз...

(55сөз)

Тапсырма: 1. Етістіктің астын сыз.

2. Бірінші сөйлемде аудар.
Ана тілі.

Ана тілі – бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Тіл байлығы -

әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Өзіміз өсіп, ержеткен сайын халықтан, мектептен, газет - журналдан, радио - теледидардан үйреніп, ана тілін тереңірек білеміз. Ол біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын негізгі қатынас құралымыз.(57сөз)

Тапсырма: І нұсқа. ІІ нұсқа.

1. Есімдіктердің астын сыз. 1.”Халық” сөзінің синонимін тап.

2. Бірінші сөйлемді аудар. 2. Екінші сөйлемді аудар.

3. Мына сөздерге көмектес септігінің жалғауын қойып жаз: өмір, қатынас, аңшы.

3. Мына сөздерді сын есімнің жұрнақтары арқылы сын есімге айналдыр: ақыл, тұз, сүт.

Бурабай.

Көктөбе Жақыпбекке барлық сұлулықты жасырып тұрған шымылдық тәрізденді. Одан асқан соң Бурабай алқабы қыстыгүні болса да көгере бөртіп жайнап сала берді. Көкшетаудың Бурабай көлі тұсындағы шатқалдары ақ қағазға қоңыр, көк бояумен салынған суреттей боп көрінеді. Дүние жүзіне аты жайылған бұл сұлу көлді солтүстігінен бастап батысқа орғыта келіп, оңтүстігін ала айналсоқтай иіліп, тау қоршап түр.(54сөз) Тапсырма: соңғы сөйлемді аудар.
Су және өмір.

Адам сусыз тұра алмайды. Адам денесінің алпыс пайызы судан тұрады. Егер судың мөлшері он - жиырма пайыз кетіп қалса, адам өліп қалады. Су адам ағзасында тазартқыштық қызмет атқарады. Су адам денесіне керексіз заттарды жуып, шайып отырады.

Бір килограмм өсімдік, дән, жемісті өсіру үшін орта есеппен екі тонна су қажет болады. Адам күнделікті тіршілігінде орта есеппен жылына үш жүз алпыс тонна суды қажетіне жаратады.

(62сөз)
Менің қарындасым.

Біздің қақпаның алдына Жақып ағайдың шанасы келіп тоқтады. Әжем екеуіміз терезеге қарай қалдық. Шананың алдынан тон киген бір адам түсті. Мен оңы тани кеттім. Ол бригадир Бадамша ағай екен. Шанадан менің мамамның ақ шәлісі қыландады. Әжем қораға жүгіріп шықты. Менің пималарым қайда? Бір пимамды таба алмадым. Сол кезде есік ашылды. Үйге мамам кірді. Қасында кішкентай қыз бар.


(56сөз)
Абылай.

1991 жылы Республика жұртшылығы Абылай ханның туғанына 280 жыл толған тойын атап өтті.

Абылай хан он сегізінші ғасырдың отызыншы жылдарында қазақ хандығын басқарған аса көрнекті мемлекет қайраткері, дарынды қолбасшы, саясатта шебер мәмлегер болды. Абылай қазақ елінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған адам. Айбаты да, ақылы да асқан Абылай үш жүзді биледі.

Абылай жетпіс жасында қайтыс болды. Абылайдың денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің іргесіне қойылды.

(69сөз)
Тапсырмалар:

І нұсқа.

1. Сан есімдерді тауып, мағыналық түрлеріне қарай ажырат.

2. “жылдарында” сөзін сөз құрамына талда.

3. “Абылай жетпіс жасында қайтыс болды.” Сөйлеміне синтаксистік талдау жаса.

ІІ нұсқа.

1. Сын есімдерді тауып, мағынасына қарай бөліп жаз.

2. “жұртшылығы” сөзін сөз құрамына талда.

3. “жетпіс” сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Қыс.

Жыл төрт мезгілге бөлінеді. Олар: қыс, көктем, жаз, күз. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Қыс желтоқсан айынан басталады, ол - жылдың соңғы айы. Жылдың ең қысқа күні мен ұзақ түні осы айда болады. Бұл мезгілде жиі - жиі қар жауады, боран соғады.

Жер ақ тонға оранып, қар астында қалады.

Шыршалар ақ мамыққа оралады. Адамдар қыстыгүні жылы киінеді. Өзен, көлдердің бетіне тұрған мұз қалыңдайды. Көгілдір мұз айдындарында үлкендер де, балалар да коньки теуіп, шаңғымен сырғанайды. Әр жыл мезгілінің өз мейрамы бар.

Қыста жылды қарсы аламыз. Табиғат

үшін жаңа жыл қаңтардан емес, бәйшешекпен желбірей өсетін көктем айынан басталады.

(94сөз)
Тапсырма: септе “қыс, көктем, жаз, күз”
Арғы атамыз.

“Арғы атамыз Шыңғысхан жердің жүзін, күннің көзін билепті деседі. Одан

кейінгі атамыз Жошы хан ордасын алтыннан тігіп, қазақ елі түгіл, Еділ - Жайықтың бойына бұйрығын жүргізген.

Абылай атамыз қанатын Орта жүзден асыра жайып, үш жүздің басын қайта қосқан. Одан кейінгі атаң - Уәли. Хандық дәрежесінің біз жеткен сілімтірі – менің қолымда тұрған аға сұлтандық”,- деді Шыңғыс Шоқанға.(54сөз)
Тапсырмалар: І нұсқа.

1. Өзгелік етістің жұрнақтарын көрсет және мысал келтір.

2.”Жошы” сөзіне фонетикалық талдау жаса.

3. Сөз тіркестерін болымсыз түрінде жаз. Жалқау бол, отпен ойна, сабақтан қал.
ІІ нұсқа.

1. Өткен шақ есімшенің жасалу жолдарын көрсет, мысал келтір.

2. “Абылай” сөзіне фонетикалық талдау жаса.

3. Жақшадағы етістіктерді көсемшеге айналдыр. Ол саған(беру) жатыр. Айгүл

өлең (жазу) отыр.
Бата.


Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің ішінде бата беру ерекше орын алды. Халықтың тілек - бата сөздері жас ұрпақты әдепті, сабырлы, зерделі, арлы болып өсуге баулиды. Дәулетті, бақытты, кешірімді болуын тілейді. Тілек - бата сөздер - халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан ежелгі мұрасы. Бұлар – оның рухани өмірінде тұтастығын, бірлігін, салт - дәстүрін, адамгершілік өсиеттерін сақтауға ерекше қызмет атқарады.

Болашақтың иесі - ұрпағына амандық, парасаттық, өнер - білім, құт - береке, ұзақ өмір, үлкен табыс тілеу - ежелден азаматтың асыл мұраты болса керек.

( 72сөз)

Тапсырмалар:

І нұсқа.

1. Тілек - бата деген сөзді септе.

2. Мәтіннен 4 сын есімді теріп жаз.

3. Сан есімдердің топтарын анықтаңдар: жүз, бірінші, үштен бір, бесеу, тоқсандай.

ІІ нұсқа.

1. Жас ұрпақ деген сөз тіркесін септе.

2. Мәтіннен төрт сын есімді теріп жаз.

3. Сан есімдердің топтарын анықтаңдар: елу, төртінші, оннан екі, алтау, отыздай.

4. Мағынасына қарай қандай сын есімдер (қатыстық немесе сапалық) ажырат.

Жақсы Ақылды

Суық Ыстық

Жеңіл Жазғы

Еріншек Жаман

Ағаш тостақ.

Бір жылдары өте қарт адам өмір сүріпті. Көздері жақсы көрмей, құлақтары естімей, аяғынан жүре алмапты. Дастарханда отырғанда қолдары қалтырап, қасығын ұстай алмай сорпасын үстелдің үстіне төгіп, аузынан ағызыпты. Ұлы мен келіні оның бұл жағдайына ызалары келіп, қатты ұрысып, жүрегін жаралапты...

Ұлының бұл ащы сөздерін естіген әке - шешесінің көздеріне жас толып, жасаған істеріне қатты ұялады. Атаны қайтадан дастархан басына отырғызады. Содан кейін үстіне, дастарханға төксе де оған бір ауыз сөйлемейтін болыпты.

(70сөз)
Тапсырма: Септе: ағаш, дастархан.
Кішкентай қыз.

Бұл кішкентай қыз біздің көршіміздің қолына жақында ғана келді. Сонда да ол осы маңайдағы тұрғындардың бәрімен көптен таныс адамдай араласып кетті. Оны бала да, үлкен де жақсы көрді. Демалыс күні бала біткеннің бәрі соның төңірегінен шықпайды. Оның білмейтін ойыны, таппайтын өнері жоқ: неше түрлі ойыншықтар жасайды. Қағаздан сан алуан кестелер ояды. Ал оның үлкендермен араласуы да сыпайы. Бірін әке, бірін аға, бірін әже, бірін апалап салған жерден - ақ өзіне ұйытып алады.

(70сөз)

Тапсырма: етістіктің астын сыз.
Қазақ тілі сабағында.

Біз биыл сегізінші сыныпта оқимыз. Оқу жылы мамыр айында бітеді. Біздің мектептің оқушылары орыс тілінен басқа үш тілде оқиды. Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Мұғалім әрқайсымызға талап қоя біледі. Тақырыпқа орай көптеген жұмыс түрін орындаймыз: бір - бірімізге сұрақ қойып жауап береміз, қазақ мәтінін оқып, орыс тіліне аударамыз, сөйлемдерге грамматикалық, фонетикалық талдаулар жасаймыз, диктант, шағын шығарма жазамыз. Біз қазақ тілінде еркін сөйлеуге тырысамыз, өйткені қазақ халқының тілін, әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.(71сөз)