Файл: Диктанттар жинаы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тапсырма: Бірінші сөйлемде синтаксистік талдау жасаңдар.

Біздің үйіміз.

Біздің үй Қостанайда. Үйім Абай даңғылында орналасқан. Нөмірі алтыншы үй - біздікі. Бұл қазыналық үй емес, жекеменшік үй. Біздің үйдің төрт бөлмесі бар. Кіре берісте кең, үлкен дәліз. Одан ары қарай төргі бөлме. Төргі бөлменің үлкен бір терезесі бар, оң жағында екі кресло, бұрышта түрлі түсті теледидар және қабырғада сурет ілулі тұр. Төргі бөлменің сол жағында диван және журнал үстелі тұр. Әр бөлмеде

кілемдер жатыр. Терезелердің бәрі күншығыс жақта. Әр жексенбіде біз бөлмелерді шаңсорғышпен тазалаймыз, үйіміз бізге өте ұнайды.

(80сөз)

Тапсырма: Синтаксистік талдау жасаңдар.
Абай.

Абай – қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі. Алдымен ол қазақ халқын өнерге, білімге, еңбекке шақырды. Орыс елінің мәдениетімен таныстырды. Ұлы ақын өтірікке, өсекке, надандыққа қарсы күресті. Абай қазақтың ән - күй шығармашылығын жете білген. Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет, жаяу Мұса сынды халық композиторларын ерекше бағалаған.

(52 сөз)

Тапсырма: “ер жүрек”,”жас”,”жауынгер”,”көп”,”сол қол”, сөздеріне

Антонимдерді келтіріп жазыңдар.
Отбасы.

Біздің отбасымыз онша үлкен емес. Отбасымызда бес адам бар. Олар: әкем, шешем, ағам, апам, және мен. Сіңлім, інім жоқ. Менің әкем - дәрігер. Ол егде адам. Шешем мектепте мұғалім. Ол егде адам емес, жас. Апам техникумда мұғалім. Ағам – зауытта жұмысшы. Мен оқушымын. Мен оның қарындасымын. Біздің отбасымыз өте тату. Үйіміз қаланың орталығында. Ол бес қабатты үй. Біздің пәтеріміз бесінші қабатта. Пәтерімізде төрт бөлме бар. Үйіміз жарық және кең. Терезелері үлкен, оңтүстік бетте. Бүгін демалыс күн. Әкем диванда газет оқып отыр. Шешем ас үйде жүр. Апам қонақта. Ағам далада футбол ойнап жүр. Мен кітап оқып отырмын. Бәрі өз жұмысында.(97сөз)

Тапсырма: тәуелдік жалғауы бар сөздердің астын сызыңдар.

Сенбілік.

Бір күні мұғалім апай сенбілік болатынын айтты. Барша жұрттың жұмысқа шығатынын және тегін еңбек ететінін түсіндірді. Мен сенбілік қашан болады деп күттім. Күткен күнге де жеттім. Жұмыс киімін киген бойда мектепке тартып келемін. Біз линейкаға тұрдық. Әр сыныпқа арнаулы тапсырма берілді. Барлығымыз жұмысқа кірісіп кеттік. Мектеп ауласындағы ағаштардың діңін ағарттық. Арықтарды тазарттық. Қаншама қоқыстарды зембілмен алысқа апарып тастадық. Лезде аула тап - таза болып шыға келді.


Түсте үйге қайттық.(62сөз)

Тапсырма: фонетика талдау: сенбілік.

Жаңа жылды қарсы алу.

Жаңа жылды былай қарсы алады: жаңа жылға арнап шырша орнатылады.

Шыршаға әдемі ойыншықтар, түрлі түсті электр шамдарын іледі.

Түнгі сағат он бірде шыршаның шамын жағады. Отбасы мүшелері дастарқан басына жиналады. Олар түнгі сағат он екіде бір - бірін құттықтап, жақсы денсаулық, бақыт тілейді. Жаңа жыл - қуанышты мереке.

Балалар үшін үйлерде, мектепте, театрларда шырша орнатылады. Олар шыршаны айналып билейді, өлең, тақпақ айтады, ән салады. Жаңа жылдық мереке Аяз ата мен Ақшақар келеді. Олар балаларға сыйлықтар таратады.

(78 сөз)

Тапсырма: сын есімді тап.
Көктем келді.

Көктем келді. Ауа райы күрт өзгерді. Күн жылына бастады. Қар еріп, арықтармен су ақты, өзен көлдердің суы молая бастады.

Жер көгерді. Дала жасыл тартты. Жыл құстарының дауысы естіледі. Далада қызу еңбек басталады. Дихандар егін жұмысына кірісті. Көктемде ауа райы жиі бұзылады. Аспанды бұлт торлайды. Күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, жиі - жиі жаңбыр жауады. Бірақ көп ұзамай күн ашылады. Керекті табиғат адамдарға жақсы әсер етеді. Міне, аспан ашылып күннің көзі көрінді.

Енді бәйшешектер гүл атып, дала құлпыра түседі.

(76сөз)
Тапсырма: Зат есімнің астын сыз.
Наурыз.

Наурыз - халықтың көктемгі мерекесі. Жыл басы. Наурызда күн жылынады, қар ери бастайды. Құстар ұшып келеді. Ағаштар бүршік жарады.

Қыс бойы ұзақ ұйқыдан аралар да, жәндіктер де оянады. Малдар төлдейді.

Наурыз мерекесінде қазақтар дәстүр бойынша ағаш, гүл егеді. Бидай көже жасайды. Ауылдан - ауылға қыдырады, бірін - бірі наурыз мерекесімен құттықтайды. Жастар алтыбақан тебеді, өлең айтады, би билейді. Наурыз күнін шаттықпен өткізеді.

(60сөз)
Тапсырма: 3 - ші сөйлемде сөз таптарын тап.