Файл: Дрісті таырыбы Ксіпорынны экологиялы менеджменті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дәрістің тақырыбы: Кәсіпорынның экологиялық менеджменті
Табиғатты пайдалануды басқару өте қиын да күрделі мәселе. Себебі осында табиғи және қоғамдық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Басқарудың негізгі мақсаты- өндірістің және шаруашылықтың ірекеттерін табиғи ортаға зиянды әсерлерін шектеу, табиғат байлығын тиімді пайдалануды, қорғауды, өсіруді қамтамасыз ету, табиғат пайдалану ережелерін, талаптарын, нормаларын орындауды ұйымдастыру және бақылау. Табиғатты пайдаланудағы басқарудың негізі – табиғатты қорғаудың, табиғат ресурстарын сақтаудың жаңғыртудың, молайтудың, тиімді пайдаланудың қоғамдық тиімділігі.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында алдағы онжылдықтарда біздің еліміздің іс-қимылдарының және дауының ауқымды және нақты жоспары баяндалған. Жолдау ерекше мағыналығымен, жаңалығымен және нақтылығымен айрықшаланады, онда біздің мемлекетіміздің қалыптасуындағы ең маңызды сәттер қамтылып көрсетілген, сонымен қатар экономиканың тиімділігіне, табиғатты тиімді және ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға үлкен рөл жүктеледі.

Экологиялық менеджемент  – экономикалық иерархияның əртүрлі деңгейінде пайда болатын – кəсіпорын мен муниципалитеттен бастап, ұлтаралық жəне əлемдік экономикаға дейін, көптеген табиғи ресурстың жəне экологиялық проблемалардың шешімін басқаратын əдістер жиынтығы мен қатынастар жүйесін айтады. Өндіру жəне тұтыну үрдісінің экологиялық қауіпсіздігі, ресурсқорғау жəне экологиялық қауіптерді минимализациялау деңгейлерін көтеру əдістерін негіздей отырып, экологиялық менджемнт: компаниялар үшін – шегерімдерді үнемдеу аумағындағы мүмкіншілікті қалыптастыруды, жаңа экологиялық нарықты үйренуді, осы негізде бəсекелестікті көтеруді; мемлекеттер мен региондар үшін – қазіргі жəне болашақ ұрпақтар көзқарастарын есепке ала отырып, қоршаған табиғи ортаның сапасын көтеруді; табиғаттың өзіне – биотүрлілікті жəне табиғи ресурстардың байлығын қолдануды қарастырады.

Корпоративті экологиялық менеджмент жүйесінің түсінігі. Фирманың экологиялық стратегиясының өңдеуі барысында анықталған мақсатты құрылғыларға қол жеткізу жəне іске қосу үшін кəсіпорын корпоративті экологиялық менеджмент жүйесіне сəйкес болуы керек. Корпоративті экологиялық менеджмент – қоршаған ортаны қорғау кəсіпорны басқармасының жүйесі, ресурс жинақтаушы, экологиялық мақсат пен тапсырма орнату қатысымен өңделген өнімнің тұтыну жəне өндірілу, ресурстарды орналастыру, міндеттерді, тағайындау жауапкершілігін, міндеттерді (ішкі бөлімшілер мен фирма персоналы арасында), сондай-ақ тиісті əдістерді, процедураларды, үрдістерді үнемі бағалаудың экологиялық қауіпсіздігі ретінде анықталады.


Кəсіпорындағы экологиялық басқарудың мақсаты – қоршаған ортаның жағдайына өндірістер мен шығарылған өнімнің зиянды əсерін шектейтін нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыздандыру жəне табиғи ресурстарды рационалды пайдалану, оларды қайта қалпына келтіру мен жаңғырту.

Өндірістік кəсіпорында экологиялық басқару проблемалары. Көптеген кəсіпорында болатын өнеркəсіптегі қазіргі экологиялық басқару жүйесін талдай отырып, келесі ішкі проблемалары анықталады:

1. Кəсіпорын басшылары экологиялық пробелмаларды төменгі деңгейлі мəселелерге жатқызады, экологиялық қызмет қаржыны көп талап ететін қызметтер түріне жатқызады.

2. Жеке іспен айналысатын өнеркəсіптерде экологиялық қызмет жұмыс атқармайды. Эколог маманының орнында басқа мамандар жұмыс істейді.

3. Профессионалдық кадрлармен қамтамасыздандыру деңгейі төмен, кадрларды дайындау жəне оқыту процедуралары да, оқыту бағдарламалары да жоқ.

4. Экологиялық мəселелерді шешу барысында аз шығынды жəне шығынсыз əдістерін пайдалану үшін жүйелік жолдары жоқ.

5. Неғұрлым таза өндірістерде, технологияларда жəне экологиялық басқарулардағы жаңа əдістер туралы ақпараттарға қол жеткізудің қиындығы.

6. Кəсіпорынның табиғатты қорғау қызметін жаңарту мен бірінші орындағы экологиялық проблемаларды шешу үшін қаржы ресурстарын пайдалану мүмкіндігінің жоқтығы.

Өндірістік кəсіпорындарында бұл жоғарыды аталған проблемалар неғұрлым тез шешілсе, берілген территорияда экологиялық мəселелерді шешу деңгейі соғұрлым жоғарылай түседі.

Кəсіпорынның экологиялық қызметі. Кəсіпорынның экологиялық қызметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылайтын жəне реттейтін орган болып саналады. Оның жұмысы «Кəсіпорындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы типтік ережелерге» сəйкес ұйымдастырылады. Кəсіпорынның экологиялық қызметінің екі негізгі функцияларын бөлуге болады:

1. Сыртқы – қоршаған ортаны қорғау саласындағы жалпы реттеу, с.с. қоршаған ортаны қорғауды қалалық территориялдық басқарудың облыстық басқарулармен, əртүрлі ведомствалық экологиялық қызметтердің басқа кəсіпорындармен өзара қарым-қатынастары.

2. Ішкі – кəсіпорын ішіндегі қоршаған ортаны қорғау бойынша жалпы жұмыстарды реттеу.



Кәсіпорындағы эколог-менеджер. Қоршаған ортаны қорғау және тиісті нормативтік талаптарды орындау бойынша тұрақты жұмыстарды ұйымдастыру үшін ірі кәсіпорындарда экологиялық қызметтер немесе бөлімдер құрылады. Орта және шағын кәсіпорындарда тиісті жұмыс экологқа жүктелді. Немесе оны қоршаған ортаны қорғау инженері деп атауға да болады. Отандық кәсіпорындардың барлығында бірдей экологиялық қызметтің, яғни экологтың бола бермейтінін атап өткен жөн, осының салдарынан қоршаған ортаны қорғау мәселері жөніндегі құжаттаманың әртүрлі қызметтер бойынша бытырып орналасуы табиғатты қорғау заңының сақталуына өндірістік бақылау жасауды айтарлықтай қиындатады. Іс жүзінде экологиялық басқару мен менеджмент жүйесі құрылымының төрт негізгі үлгісі кездеседі, олар кәсіпорынның ондағы экологиялық қызметінің немесе уәкілетті маманның жағдайы бойынша ажыратылады:

1)  экологиялық менеджмент саласында экологиялық қызметі немесе экология маманы жоқ құрылым

2)  экологиялық қызметі менеджер лауазымдық міндеті кәсіпорынның қандай да бір басқа бөлімшесімен басқа лауазымдық қызметтерімен біріктірілген құрылым

3)  экологиялық қызметі менеджер жеке бөлімше  ретінде бөлініп шығарылған құрылым

4)  экологиялық қызметі дәрежерсі ойынша кәсіпорын директорының орынбасарына теңестірілген басшысы бар жеке бөлімше ретінде бөлініп шығарылған құрылым.

Кəсіпорында экологиялық қызметте жұмыс істейтін жұмыскерлердің саны бірден 3-4 адамға дейін болады, өйткені, қызмет түріне жəне кəсіпорынның қуаттылығына байланысты. Олардың ішінде су мен ауа орталарын бақылау бойынша инженерлер, инженер-технологтар, сонымен қатар, өндірістік қалдықтарды басқару бойынша инженерлер жұмыс істейді.