Файл: Трбиеші Смагулова Гульзат Каирбековна Тобы Балдурен атысаны 10бала Білім беру саласы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ашық оқу қызметіне өзіндік талдау

Күні 17.02.22

Тәрбиеші: Смагулова Гульзат Каирбековна

Тобы: « Балдәурен »

Қатысқаны:10бала

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: ҚМТҚ

Тақырыбы: Ұзын-қысқа

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

«Ұзын-қысқа. Заттарды бір-бірінің үстіне қойып және жанына қойып салыстыру.

Балаларға ұзын-қысқа ұғымдарын түсіндіру, бекіту. Және заттарды салыстыру ұғымдарын дамыту. Фигураларды қайталап шығу. Тазалыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:

Балалардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру. Жауапкершілік сезімін ояту.

Тәрбиелік: Балаларды сүйіспеншілікке арттыру, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қызыл -көк жолақшалар, қима суреттер

Әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап, түсіндіру, жұптық жұмыс, көрнекіліктер,ойын әдісі

Тілдік компонент:

Ұзын-длинный, қысқа-короткий,

Сабақтың ұйымдастыру барысы:

а Ұйымдастырылған оқу қызметіне алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілді. Бөлме іші желдетіліп ашық алаң және негізгі іс әрекет жасау орындары дайындалды. Әр топқа үлестірмелі материалдар және дидактикалық материалдар қойылды

ә Ұйымдастырылған оқу қызметіне байланысты балалардың тіл байлықтарын, ойлау және есте сақтау қабілеттерін жетілдіру ұзын қысқа туралы мәліметтер тақтадағы суреттер бойынша көрсетіліп айтылды

б Сергіту сәтінде қимыл қозғалыс жаттығуы жасалды. Оқу қызметінің барысында ойын технологиясы ойын технологиясы қолданылып, Қызыл жолақша мен сары жолақша беттестіру ұзын қысқа екендігін олардың айырмашылығын атады, балалардың ойлау қабілеті дамыды. Дамыта оқу технологиясы бойынша жұптық жұмыс бойынша тапсырмалар орындады.

в Ұйымдастырылған оқу -іс әрекетті ұйымдастыру барысында мынадай әдіс-тәсілдер пайдаланылды. Жылулық шеңбер, сұрақ жауап, көрсету, түсіндіру. салыстыру, сергіту жаттығуы мадақтау , қортындылауда Кубизм әдісі қолданылды. Құйрығын тап ойыны балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында.

1.Осы мақсатқа жету үшін оқу қызметі барысында әртүрлі тапсырмалар берілді

2. Балаларды үйрету олардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мен ұштасып отырды.


3. Оқу қызметі барысында сабақтың біртұтастылығы сақталып өткізу жүйесі балалардың іс- әрекеттері мен олардың ақыл- ойының дамуымен және балалардың жас ерекшеліктерімен сәйкес болды.

4.Қортынды: Оқу қызметінің жүйелігін сақтай отырып өзіндік бақылау жүргізіліп, балалар оқу қызметі барысын бағалады.

а Ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша қортынды сабақта белгіленген мақсат міндеттер жүзеге асырылды. Нәтижесінде балалар өз білімдерін жақсы көрсете және жеткізе білді. Жеткізу барысында балалардан әрдайым жауап алынып отырды. Жеке іс-әрекет кезінде жұмысқа деген қызығушылықтары артып отырды

ә Балалармен кері байланыс ретінде бас бармақ әдісі көрсетті