Файл: Сабаты технологиялы картасы Пні Жобалау ісрекеті негіздері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазіргі білім беру саласында жобалаудың нәтижесі мен мақсатқа бағытталғаны және объектісіне байланысты негізгі үш түрі белсенді даму үстінде(1-кесте):
-
Әлеуметтік ортаны өзгертуге немесе әлеуметтік мәселелерді педагогикалық құралдармен шешуге бағытталған әлеуметтік – педагогикалық жобалау, -
Мақсаты, білім беру үдерісінің шеңберінде тұлғааралық қарым – қаитынасты және адамды қайта жасау болатын, психология-педагогикалық жобалау. -
Институттар мен білім беру жүйесін инавациялық өзгерту мен білім берудің сапасын жобалауға бағытталған білім берушілік жобалар.
Алғашқы кездерде әлеуметтік–педагогикалық жобалар, педагогикалық өзара әрекет барысында, балалар мен үлкендердің күнделікті өмірде кездесетін, қоғам үшін маңызды мәселелерді шешуге тырысуымен көрініс тапқан. Қазіргі таңдағы оның негізгі функциясы адамның әлеуметтенуіне, қалыптасуына, дамуына әсер ететін, сыртқы факторлар мен жағдайларды айқындау және өзгерту негізіндегі қоршаған ортаны түзету болып табылыды. Жиі әлеуметтік педагогикалық жобалар, педагогикалық процестердің потенциялдық мүмкіндігін өзгертуге, мүмкіндік беретін жетекші білім беру жүйесін ұйымдастыруға негіз болады.
Білім берушілік жобалар шеңберінде,тоұтас мемлекет және бөлен аймақтардағы білім беруді дамытудың жобалары жасалады. Білім беруді басқару оргондарының реформалары және оларды қадағалайтын ұйымдармен, білім беру ұйымдарының құрылу жобалары жасалады.Барлық деңгейде білім берудің мазмұны мен білім беру стандарты қалыптасады
Психологиялық-педагогикалық жобалар,тұлға және тұлғааралық қатынасты қайтажасаумен байланысты, мотивация, ақпаратты қабылдау,білімді меңгеру, іс-әрекетте қатысу, қарым-қатынастан шығатын процестердің үлгісін құруды қарастырады. Психологиялық-педагогикалық жобалау, негізінде тиімді оқыту мен тәрбиелеудің шарты, педагогикалық технологиялар; оқушылар мен оқытушылардың өзара әрекеттесулерінің формасы, тұлғаның өзін жобалау амалы ретінде педагогикалық процесті қарастырды.
3. Педагогикалық жобалаудың деңгейлері. Білім беру саласындағы жобалар әр түрлі деңгейде болуы мүмкін. Бұл жағдайдағы деңгей, жобалау іс-әрекетінде қолданылатын, жобалау процедурасының әмбебаптығы мен нәтижесінің дәрежесіне байланысты түсіндіріледі. Педагогикалық жобалаудың беретін өнім формасы мен нәтижесіне қойылатын талаптарға қатысты, ол концептуалдық, мазмұндық, технологиялық, процесуалды деңгейде болуы мүмкін.(2-кесте).
2-Кесте. Педагогикалық жобалау өнімі мен деңгейінің арақатынасы.
Концептуалдық (Тұжырымдамалық) | Жобаның нәтижесі улгі, концепция. |
Мазмұндық | Ереже (ғылыми немесе білім біру ұйым туралы), жоспарлар, бағдарламалар (білім беру, зерттенушілік, даму) , Мемлекеттік стиандарттар. |
Технологиялық | Қажетті инструкциялар, басқарудың ұйымдастырушы схемалары, оқу жоспары, технология, әдістеме. |
Процесуалдық | Әрекет алгаритімі, дидактикалық құралдар, бағдарламалық өнімдер, оқыту процесінің графигі, әдістемелік кеңестер, оқу тақырыптарын жасау, мерекелерді өткізу бағдарламалары. |
Жобалаудың тұжырымдамалық деңгейі, объектінің концепциясын жасауға немесе оның үлгісін болжауға (білім – беру стандартының үлгісі, бағдарламаның концепциясы, оқу бағдарламасының жобасы) бағытталады. Осы деңгейде алынған нәтиже әмбибап сипатқа ие болып, келесі деңгейдегі нәтижеге жетудің әдіснамалық қызметін жүзеге асыра алады. Мысалы: СНГ мемлекеттері үшін қабылданған «ержеткендердің білім алуы туралы» заң үлгісі, басқа мемлекеттерде осыған сәйкес келетін заңдарды жасауға негіз болғагн.
Жобалаудың мазмұндық деңгейі, негізгі рұқсат етілген (бастапқы білім беру стандарты, гимназияны дамыту бағдарламасы, эканомика және финанс институты гуманитарлық факультетініңң оқу бағдарламасы) және қолданылу мүмкіндігінің диапазонына сәйкес касиеттері бар нәтижені алуды қарастырады.
Жобалаудың технологиялық деңгейі, контексте белгіленген (оқу материялын толық меңгерудің технологиясы, тұлғаға бағытталған білім беру жағдайын құрастыру технологиясы, ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттің әдісі ) іс-әрекет амалының алгаритімін сипаттауға мүмкіндікң береді.
Үдерістік деңгей жобалау іс-әрекетін міндетті өнімі бар, практикада қолданылуға дайын шынайы процеске ендгізеді.(Айқындалған дидактикалық немесе бағдарламалық құралдар, сыныптан тыс жұмыстар мен бөлек сабақтарды жасаудың әдіснамасы, іс-шараларды және т.б. жүргізудің жоспары).
Әрқайсы қарастырылған деңгейлерде, жобалау іс-әрекеті тұтастай объект немесе оның құрылымдық компоненттері (олардың арасындағы байланыс) ретінде таралады. Бір деңгейден екінші деңгейге өту барысында,жобалау объектісінің көлемі мен жобалау мәселелері өзгереді және оларды шешу талаптарының деңгейі нақтыланып ұлғакяды. (1-сурет.) (Жобалаудың деңгейлік түсінігін Е.И. Машбиц талдаған. Ол, білім берудің мазмұнын
жобалау мысалында, жобалауды процес ретінде жүзеге асыру деңгейі мен концептуалдық, технологиялық, операциялық деңгейді бөліп қарастырды )
Педагогикалық жобалудың түрлері.
Әлеуметтік –педагогикалық білім берушілік психологиялық-
педагогикалық
Жобалаудың негізгі объектілері
Білім беру жүйесі және Білім беру үдерісі Құраушы компоненттері. педагогикалық іс
Педагогика
лық әрекет.
Педагогикалық жобалау нәтижелерінің деңгейі:
-тұжырымдамалық,
-мазмұндық,
-технологиялық,
-үдерістік.
Өзін бақылау үшін сұрақтар мен тапсырмалар
-
Педагогикалық жобалаудың пайда болу тарихы -
Д.Дьюи мен В.Килпатрик еңбектерінде «жоба» түсінігінің қарастырылуы. -
Жобалау әрекетінің педагогикалық мәні. -
«Жоба», «жобалау» ұғымдарының педагогикалық мәні анықталуы. -
Глоссариймен жұмыс
Әдебиеттер
негізгі:
-
Громыко Ю.В. Проектирование и программирование развития образования.-М., 1996. -
Колесникова И.А. Основы технологической культуры педагога.-М.; СПБ., 2003. -
Педагогические основы проектирования образовательных систем нового вида.-СПБ, 1995.
Қосымша:
-
КрюковаЕ.А. Введение в социально-педагогическое проектирование.-Волгоград, 1998. -
Заир-Бек Е.С. Основа педагогического проектирования.-СПБ,.1995. -
Караев Ж.А., Кобдикова Ж.У. Педагогическая технология в контексте гуманизации образования в школьного образования в Казахстане.-Алматы, 1999.