Файл: Жылулы суле шыару. Абсолютті ара денені сулеленуі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 51

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар

Күні:

Сынып: 9


Мектеп:

Мұғалімнің аты –жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Ядролық өзара әрекеттесу, ядролық күштер.

Массалар ақауы, атом ядросының байланыс энергиясы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.6.1.8 ядролық күштердің қасиеттерін сипаттау; 
9.6.1.9 атом ядросының масса ақауын анықтау; 
9.6.1.10 атом ядросының байланыс энергиясы формуласын есептер шығаруда қолдану

Сабақ мақсаттары

  • ядролық күштердің қасиеттерін сипаттайды

  • Масса ақауын анықтайды

  • Атом ядросының байланыс энергиясын есептейді

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Массаның ақауының пайда болу себебін түсіндіреді;

  • Атом ядросының байланыс энергиясын түсіндіреді;

  • Массаның ақауын, ядроның байланыс энергиясын және ядролық реакциялардың энергетикалық шығуын есептейді;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Сөздік

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Фотоэффект

Фотоэффект

Photo Effect

Абсолют қара дене

Абсолютно черное тело

Ideal black body

Жылулық сәулелену

Тепловое излучение

Thermal radiation

Электромагниттік сәуле

Электромагнитная волна

Electromagnetic wave

Электронның шығу жұмысы

Работа выхода электрона

The work function of the electron

Фотоэффектінің қызыл шекарасы

Красная граница фотоэффекта

Photoelectric threshold

Фотон

Фотон

Photon

Фотон энергиясы

Энергия фотона

The photon energy



Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)

  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру

  • Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

Пәнаралық

байланыстар

Математика, химия

АКТ қолдану дағдылары

Есептер мысалын АКТ көмегімен ұсыну

Бастапқы білім

Жарықтың толқындық қасиеті

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Cабақтың басы

0-10 мин


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Фотоэлементтегі фотоэффектіні көрсететін қарапайым анимация:
http://www.youtube.com/watch?v=YQL2Q5ZArjs&feature=related

Электромагниттік толқындар шкаласы:

http://bilimland.kz/kk/content/lesson/10896-ehlektromagnittik_tolqyndarynyng_shkalasy

Оқушылардың назарын сабаққа жылдам шоғырландыру үшін фотолар көрсету. Жаңа сабақтың тақырыбымен оқу мақсаттарын таныстыру

Сабақ тақырыбымен танысу. Оқушылармен бірге оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін айқындау. Терминологиялық сөздікке талдау жасау

(I) жеке жұмыс Тест.

(f) өзара және өзіндік тексеру

жаңа тақырыпқа шолу

Атомды физикада масса мен энергияның өлшемдері:



Дж

Ма́сса мен эне́ргия эквивале́нттілігі – салыстырмалылық теориясының физикалық концепциясына сәйкес физикалық объекттің (дене, физикалық жүйе) толық энергиясы  осы дененің массасы мен вакуумдегі жарық жылдамдығының квадратына көбейтіндісімен анықталады.



E – объекттің толық энергиясы

m - дененің массасы

c – вакуумдегі жарық жылдамдығы



Оқу мақсатымен танысады

Бақылаған фотоларға тарих пәнінен алған білімдерін қолдана пікір білдіру. Бүгінгі сабақтың тақырыбын болжау

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар электромагниттік толқындардың алатын рөлін сипаттап беруі тиіс:



Сабақтың ортасы

10-30

Ядро тұрақты. Оны нуклондарға ыдырату үшін энергия жұмсау қажет. Жеке нуклондардан ядротүзілген кезде энергия бөлінеді.

13 протон, 14 нейтрон және 13 электронның жалпы массасын м.а.б. арқылы анықтайық:



Алюминий атомының массасын Менделеев кестесінен анықтауға болады



Ядроның тыныштықтағы массасы (Мя) оны құрайтын еркін нейтрондар мен протондардың жалпы массасынан аз екені өлшеулер кезінде анықталған болатын:



Масса ақауы — ядро ішіндегі барлық нуклондардың жалпы массасы мен ядро массасының айырмашылын көрсетеді.





екенін ескерсек,



Алюминийдің масса ақауын анықтасақ,



м.а.б.



Ядроны толығымен жеке нуклондарға ыдыратуға қажетті энергия – ядроның байланыс энрегиясы деп аталады



немесе



Бір нуклонға сәйкес келетін байланыс энергиясы – меншікті байланыс энергиясы деп аталады



Алюминийдің байланыс және меншікті байланыс энергиясы анықтайық





Ядролық реакцияның энергия шығыны деп ядролардың тыныштық энергиясы мен бөлшектердің реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі энергияларының айрымын айтамыз.





Энергия шығынын есептегенде ядро массасының орнына атом массасын қолдануға болады. Себебі электрондар массалары өзара жойылады.

, энергия шығарылады (экзотермиялық)

, энергия жұтылады(эндотермиялық)

Кері байланыс

Дескрипторлары:

  • Берілгенін жазады;

  • Масса ақауын анықтайды;

  • Байланыс энергиясын анықтайды;

  • Меншікті байланыс энергиясын анықтайды;

  • Ядролық реакцияның энергия шығынын анықтайды.



  1. Бор ядросының масса ақауын атомдық өлшеммен және килограммен есептеңіз.

  2. Гелий ядросының масса ақауын және осы изотоптың электрон массасын салыстырыңыз.

  3. Тритийдің масса ақауы мен байланыс энергиясын анықтаңыз. Оның байланыс энергиясы тыныштық энергиясының қандай үлесін құрайды?

  4. Ядроның байланыс энергиясы мен меншікті байланыс энергиясын анықтаңыз: 1) ; 2) ; 3) ; 4) ; 5) .

  5. Келесі ядролық реакциялар кезінде энергия жұтылады ма, әлде бөлінеді ме?



  1. Ядролық реакция кезінде қандай энергия шығарылады?

  2. ядросы протонды қармап алып, екі α-бөлшекке ыдырайды. Осы бөлшектердің кинетикалық энергияларының қосындысын есептеңіз. Протонның кинетикалық энергиясын ескермеңіз.

  3. Ядролық реакцияға түсуі үшін α – бөлшектің қандай минималды энергиясы болу қажет?



http://www.bilimland.kz/index.php/kz/

Слайд

Таратпа материалдар

Сабақ соңы

30-45 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Мен осы сабақта не білдім?

  • Осы сабақта алған білімдерімді қайда қолданамын?

  • Сабақтан кейінгі менің көңіл күйім?

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Сұрақтарға жауап береді

Ауызша бағалауға болады немесе кері байланыс беру арқылы қалыптастырушы бағалау

Таратпа материалдар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Тақырыпқа байланысты мәліметтерді дәптерге түсіреді

Оқушылардың көпшілігі:

Тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындайды

Кейбір оқушылар:

Есептер шығарады

Тексеру парақтары

Шапалақтау

Бағалау парақтары

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы

Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетті желдету

Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау (су қолмен жұмыс жасамау)

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?