Файл: Реферат Таырыбы Физикалы шамаларды лшеу Орындаан Абибуллаева Аяжан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 38

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
100 см3-тің үстіне 8 бөлікке көтерілген. Осы 8 бөлікке сәйкес келетін көлем: 8 • 5 см3 =40 см3 болады. Сонда мензуркадағы сұйықтықтың көлемі: 100 см3+40 см3=140 сантиметр кубқа (см3-қа) тең.

4. Мензуркалар тек сұйықтардың ғана емес, басқа да кішігірім денелердің (сурет 1.14) және пішіні дұрыс емес (сурет 1.15) денелердің көлемдерін табу үшін қолданылады. Ол үшін мензуркаға дене толық бататындай етіп су құйылады да, оның деңгейі белгіленіп алынады. Одан кейін денені мензуркадағы суға толық батырып, судың деңгейін тағы да белгілеп алады. Сонда мензуркадағы судың соңғы және алғашқы деңгейлерінің айырымы қатты дененің көлеміне тең болады.



Өлшеуіш цилиндрге сыймайтын дененің көлемін шүмегі бар ыдыстың көмегімен анықтауға болады (сурет 1.15). Өлшеу алдында ыдысқа шүмектің жоғары деңгейіне жеткенше су құйылады. Денені ыдыстағы суға батырғанда оның көлеміне тең су асып төгіледі. Төгілген судың көлемін мензуркамен өлшеп, батырылған дененің көлемін анықтайды. Егер шүмегі бар ыдыс жоқ болса, онда бірінің ішіне бірі сыятын кез келген ыдысты пайдалануға болады. Бұл жағдайда ішкі ыдысқа суды оның ең жоғары кемеріне дейін толтырып құю керек. Денені суға батырғанда оның көлеміндей су сыртқы ыдысқа құйылады. Құйылған судың көлемін мензуркамен өлшейді.

Қорытынды
Өлшеу (Measurement)- объект,немесе оқиға қасиеттерінің сандық көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жасалатын анықтау процессі. 

Басқаша айтқанда, өлшеу мәлім негізгі анықтамалық шамамен (өлшем бірлігімен) салыстырғанда физикалық шаманың қаншалықты үлкен, немесе кіші екенін айқындау процесі.

Өлшемнің көлемі мен қолданысы контекстке және пән саласына байланысты. Жаратылыстану ғылымдары мен техникада өлшеулер объектілердің немесе оқиғалардың номиналды қасиеттеріне қолданылмайды, бұл Халықаралық салмақтар мен өлшемдер бюросы жариялаған халықаралық метрология лексикасының нұсқауларына сәйкес келеді.Дегенмен, статистика, сондай-ақ әлеуметтік және мінез-құлық ғылымдары секілді салаларда өлшемдер номиналды (nominal), реттік (ordinal), интервалды (interval) және арақатынастық (retio) шкалаларды қамтитын бірнеше деңгейге ие болуы мүмкін.

Өлшем сауданың, ғылымның, технологияның және көптеген пәндердегі сандық зерттеулердің тіректасы болып табылады. Тарихта, адам өмірінің әртүрлі өрістері үшін көптеген өлшем жүйелері бірліктері түрлі салаларда салыстырма үшін қолданылған. Көбінесе ондай өлшемдік бірліктерге сауда серіктестігі, немесе серіктестер арасындағы келісімдер арқылы қол жеткізген. ХVIII ғ-дан бастап біртұтастыққа қарап дамудың арқасында, адамзат қоғамы қабылданған стандарттарға келісе бастады, нәтижесінде қазіргі заманғы Халықаралық бірліктер жүйесі (SI) пайда болды. Бұл жүйе барлық физикалық өлшемдерді жеті негізгі бірліктен тұратын математикалық комбинацияға дейін азайтады. Өлшеу ғылымы метрология саласында да жүргізілуде.


Қарапайым етіп айтқанда, өлшеу әдетте белгісіз шаманы белгілі, немесе стандартты шамамен салыстыру барысында анықтайды.Өлшенетін шама бірнеше рет бақыланады, одан алынған нәтижелер математикалық жолмен өңделеді және ең соңында өлшеудің жүйелік қателіктерін шығарып тастап, шаманың ақырғы мәні алынады.

Өлшеу - берілген өлшем бірліктерінде өлшенер шаманың сандық мағынасын табу үшін өлшем құралдарымен орындалатын әрекеттер жиынтығы.

Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Аубакиров Г.О. Казахско-русский словарь терминов по метрологии, стандартизации и управлению качеством. – Алматы, 1993.- 104 с.

  2. Аубакиров Г.О. Практикум по метрологии, стандартизации и управлению качеством: Учебное пособие для вузов. – Алма-Ата, 1992.

  3. Иванова Г.М., Кузнецова Н.Д., Чистяков В.С. Теплотехнические измерения и приборы. – М.: Энергоиздат, 1984. - 232 с.

  4. Классен К.Б. Основы измерений. Электронные методы и приборы в измерительной технике. - М.: Постмаркет, 2000.

  5. Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. – 2-ое изд., перераб. и доп. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001.

  6.  Метрология, стандартизация, сертификация и электроизмерительная техника. Учебное пособие/ К.К. Ким, Г.Н. Анисимов, В.Ю. Барбарович, Б.Я. Литвинов. – СПб.: Питер, 2006. – 368 с.

  7. Никифоров А.Д., Бакиев Т.А. Метрология, стандартизация и сертификация: Учебное пособие: - М.: Высшая школа, 2002. – 424 с.

  8. Новицкий П.В., Заграф И.А. Оценка погрешностей результатов измерений. – Л.: Энергоатомиздат, 1991.

  9. Основы метрологии и электрические измерения: Учебник для вузов. –Под ред. Е.М.Душина. – Л.: Энергоатомиздат, 1987.

  10. Преображенский В.П. Теплотехнические измерения и приборы.- М.: Энергия, 1978.

  11. Сергеев А.Г., Крохин В.В. Метрология: Учебник для вузов. – М.: Логос, 2001. – 408

  12. Спектор С.А. Электрические измерения физических величин: Методы измерений: Учебное пособие для вузов. - Л.: Энергоатомиздат. Ленингр. отд-ние, 1987. – 320 с.

  13. Тартаковский Д.Ф., Ястребов А.С. Метрология, стандартизация и технические средства измерений. – М.: Высшая школа, 2001.

  14. Айтжанов Н.М., Джумагалиев Б.С.,Хан С.Г. Метрология, өлшеу және техникалық реттеу. Оқу құралы. – Алматы: АЭжБУ, 2010.