ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 24
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім: | 9.4А Органикалық химияға кіріспе |
Педагогтің аты-жөні: | Тәукеева Гулзат Болатбекқызы |
Күні: | 06.04.2023 |
Сыныбы:9 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Органикалық қосылыстардың номенклатурасы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 9.4.3.5 -органикалық қосылыстардың негізгі кластары: алкандар, алкендер, алкиндер,арендер, спирттер,альдегидтер, карбон қышқылдары, аминқышқылдары үшін IUPAC номенклатурасын қолдану |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: Органикалық қосылыстардың номенклатурасын анықтайды. Көпшілік оқушылар үшін: Органикалық қосылыстардың негізгі кластарына IUPAC номенклатурасын қолдану Кейбір оқушылар үшін: IUPAC номенклатурасын қолданылуын біледі |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 7 мин. | І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. ә). Топ ережесін еске түсіру. б). Топтастыру. в) «Кім жылдам» әдісі арқылы Өткен сабақты қорытындылау мақсатында сұрақтар беріледі. Сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап берген оқушыларға мадақтау сөздері айтылады | Түстер арқылы 1, 2 топқа бөлінеді І-топ: Жігер тобы ІІ-топ: Қыран тобы Топтың ережесі:
1.Органикалық қосылыстарға қандай кластар жатады? 2.Органикалық заттардың ерекшелігі неде және негізгі элементтері? 3.Изомерия дегеніміз не? 4.Гомолог дегеніміз не? 5.Метанның гомологтық қатарлары? | Мақсаты: Барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-бірімен топтасу арқылы бауырмалдығын оятады. Дескриптор (2 балл) 1.Өз ойын дұрыс мағынада білдіру . 2.Сұраққа толық жауап беру | Сары Жасыл |
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Джигсо» әдісі арқылы Топтарға мәтін бөлігі таратылады. Мәтін бөлігін оқып, өз топтарында талқылайды. Талқылауға аз ғана уақыт беріледі. Бастапқы топқа қайта келіп, қолдарындағы мәтін бөліктерін құрастырады. Топтарға мәтіннің толық нұсқасы таратылады. Толық мәтін мазмұнымен танысып, мәтін желісін топ мүшелері бірлесіп отырып аяқтайды. | Номенклатура ( лат . Nomenclatura ... атау лар тізімі ) — қандай да бір ғылымдағы атау лар жүйесі . Органикалық химияда тривиалды ( тарихи атаулар , мысалы , сірке қышқылы ) , рационалды ( органикалық қосылысты атау үшін гомологтық қатардың ең қарапайым мүшесін негіз етіп алады ) және жүйелік атаулар қол данылады . Қазіргі уақытта халықаралық теориялық және қолданбалы химия одағы ( IUPAC ) шығарған жүйелік атаулар қолданылады . Бұл атаулар жүйесі ИюПАК номенклату расы деп аталады . Органикалық қосылыстарды жүйелік номенклатура бойынша атау үшін , алдымен көмірсутектердің номенклатурасын білу қажет . Бұл номенклатурада қаныққан көмірсутектердің алғашқы төрт мүшесі тривиалды атқа ие : метан , этан , пропан және бутан . Олардан кейінгі қалыпты , яғни тармақталмаған көмірсутектердің атаулары грек сандарына -ан жалғауы жалғануы арқылы жасалады : C5H12 — пентан , С6H14— гексан , С7Н16 — гептан және т.б. ( 32 - кесте ) . Егер алкан молекуласынан бір атом сутекті “ үзіп ” тастаса бір валентті “ қалдық " — көмірсутек радикалы ( R- ) түзіледі . Алкандардың бір валентті радикалдарының жалпы атауы — алкилдер . Алкилдердің атауы -ан жалғауын -ил жалғауына алмастыру арқылы жасалады : метан - метил , этан - этил , пропан – пропил және т.б. Тармақталған көмірсутектерді атау үшін ең ұзын тізбекті таңдап алады. CH3 C H3-C-CH-CH2-CH-CH2-CH3 CH3 C2H5 CH3 2,2,5-триметил-3-этилгептан -Біріншіден ең ұзын тізбекті бүйір тізбектер жақын орналасқан шетінен бастап нөмірлейді. -Әр бүйір тізбектегі орынбасушының орнын араб цифрларымен белгілейді. -Егер қосылыста бірнеше бірдей орынбасушылар болса,онда олардың орнын анықтап,ди-,три-,тетра-(грек сандары)көбейткіш жалғаулары жалғанып,олардың саны көрсетіледі. -Бүйір тізбектегі орынбасушыларды қарапайымнан бастап күрделіге қарай атайды Бір қос байланысы бар тармақталмаған көмірсутектердің(алкен) атауы. СН2=СН-СН2-СН3 бутен-1 -Мұндай қанықпаған көмірсутектердің атауы сәйкес қаныққан көмірсутектердегі “–ан” жұрнағын “–ен” жұрнағымен алмастыру арқылы жасалады. -Еселік байланыстардың орны қосылыстың атауынан кейін цифрмен көрсетіледі. -Көмірсутек тізбектерін нөмірлеу үшін қос байланыс жақын орналасқан шетінен бастау қажет. Кейбір алкендердің дәстүрлі атаулары сақталған СН2=СН2 СН2=СН2 этен этилен Бір үш байланысы бар тармақталмаған қанықпаған көмірсутектер(алкиндер) - Мұндай қанықпаған көмірсутектердің атауы сәйкес қаныққан көмірсутектердегі “–ан” жұрнағын “–ин” жұрнағымен алмастыру арқылы жасалады. -Үш байланыстың орны көмірсутек атауынан кейін көрсетіледі C H3-CН2-CH2-C C-CH2-CH3 Гептин-3 Спирттер.ИЮПАК жүйесі бойынша спирттер көмірсутектердің құрамындағы сутек атомдарының орнын гидроксил топтары (-OH) алмастырған көмірсутек туындылары ретінде қарастырылады. Қаныққан біратомды спирттерді атау үшін сәйкес көмірсутекке “ –ол” жұрнағы жалғанады СН3ОН С2Н5ОН С4Н9ОН Метанол этанол бутанол Альдегидтер-молекула құрамындағы сутек атомы альдегид тобына О -С Н Алмасқан көмірсутектердің туындылары. Тармақталған ациклді альдегидтерді атау үшін көмірсутекке “-аль ” жұрнағын жалғайды.Мысалы: O О H -C H3C-C H Н метаналь этаналь Альдегидтегі бүйір тізбектері алкандар сияқты белгіленеді О С Н3-СН2-СН-СН2-С Н СН3 3-метилпентаналь Карбон қышқылдары.Молекуласында бір немесе бірнеше карбоксил тобы бар көмірсутектердің туындылары карбон қышқылдары деп аталады. О -С ОН ИЮПАК номенклатурасы бойынша карбоксил тобындағы көміртек атомы көміртек қаңқасының құрамбөлігі болып табылады.Қышқылдың атауы сәйкес көмірсутекке “қышқылы” сөзін қосу арқылы жасалады.Мысалы О С Н3-СН2-СН2-СН2-СН2-С ОН Гексан қышқылы | Видео ролик Сэнвич әдісі 1-топ (3 балл) Дескриптор (3 балл) 1-топ 1.Номенклатура туралы толық ашту 2.Тармақталған алкан және ракалдар атауы 3. Тармақталған қанықпаған көмір сутектер (алкен, алкин) 2-топ
2. Альдегидтер 3. Карбон қышқылдары Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. | ДК экраны 9 сынып оқулығы |
Сабақтың ортасы | Жұптық жұмыс Формулалар сыры әдісі. Берілген құрылымдық формулалар арқылы аттарын атайды | | Дескриптор (5 балл) 1.Көміртек қанқасының ұзын тізбегін көрсетеді. 2.Функциональды топтардың барын анықтайды 3.Көміртек арасындағы байланысты анықтайды. 4.Көміртек атомдарын нөмірлейді. 5.Қосылыс атауын жазады | Интерактивті тақта. 9 сынып оқулығы. Жұмыс дәптері |
| Жеке жұмыс Zipgrade программасы арқылы | | Тесттен дұрыс жауабы бойынша бағаланады | Интерактивті тақта. Бланка. Телефон |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия | «Әуе саяхат » әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. | Үй тапсырмасы: 52. Органикалық қосылыстардың номенклатурасы 101 беттегі 3,4,5 тапсырмалар Жеке жұмыс: Оқушылар әуе билеттері арқылы -Мен түсінбедім -Түсініп келе жатырмын -Түсіндім | Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды. | |
Тақырыбы: Органикалық қосылыстардың номенклатурасы
Пән мұғалімі: Тәукеева Г.Б
Сынып: 9 б
2022-2023 оқу жылы