Файл: Таырып Іш уысыны хирургиялы ауруларымен жарааттары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 54
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұйқы безі ұлпаның зақымдалу денгейіне байланысты жедел панкреатиттың ісінді, геморрагиялық, ірінді және панкреанекроз түрлері болады.
Клиника: ауру эпигастрий тұсындағы қатты және тұрақты ауырғандықтан басталады. Кейде ауырғандықтың күшті болғандықтан шок клиникасы дамуы мүмкін. Жүрек айнуы, көп қайтара женілдік әкелмейтін құсық. Іші өтуі(кейде іші қатуыда мүмкін).
Қарағанда: тілі құрғақ, лас жамылған. Іштің азғана кебуі байқалады. Пальпация кезінде іштің жоғарғы қабатында қатты ауырғандық пен бүлшықеттерінің кернелуі анықталады. Воскресенский симптомы оң мәнді(оң қолдың саусақтарын кіндік пен төс шеміршек аралығына орнатып басқан кезде іш аортаның пульсациясы білінбейді). Мейо-Робсон симптомы оң мәнді(сол жақ қабырға-омыртқа бұрышында саусақпен басқанда ауырсыну байқалады.
Диагностикасында - қанның биохимиялық анализінде диастаза ферментінің мөлшері көбеюінің маңыздылығы бар. Кейде гипергликемия болуы мүмкін.
Жедел көмек,емдеу қағидалары: Спазмолитик немесе наркотикалық анальгетиктерді енгізіп ауырғандықты тезірек басуға қажет. Емдеудің келесі компоненті қышқылдар-сілті және су-тұз тендестігін реттеуге бағытталады. Ол үшін инфузиялық ем өткізіледі(ТЭЕ, ГНҚ,т.б..). Емнің міндетті бөлігі ұйқы безі бөлетін протеолитикалық ферментердің әсерін басу. Жедел панкреатиттің деструктивті түрлерінде(геморрагиялық,ірінді,панкреанекроз) хирургиялық емді қолдануға қажеттік туады(бүзылған бөліктерін алып тастау). Деструктівті панкреатиттерде болжамы нашар.
Жедел холецистит – өт қуығының қабырғасының жедел қабынуы.
Этиопатогенез: 95% жедел холециститтің себебі өт тас ауруы, 5% тассыз холецистит. Оның себебтері паразиттер, асқазан, ұлтабардың аурулары, панкреатит. Өт қуығының қабынуы, қабырғасының шырышты қабатынан бастап сір қабатына өтуімен сипатталады. Егерде аурудың этиологиялық себептеріне байланысты өт жолдарында өттін кідіруі болса оның қысымы көтерліп қабырғаларының өтімділігі күшейіп гепатит, холангиогепатит ауруларына әкеліп сөқтырады. Оның салдарынан терінің сарғаюы байқалады.
. Клиника:Ауру оң жақ қабырға астындағы қатты ауырғандықтан басталады. Ауырғандық оң жақ жауырынға, иыққа таралады. Көп қайталанатың құсық пайда болады. Бара-бара құсық өт аралас болып шығады.
Қарағанда: Тілі лас жамылған,құрғақтау. Іші азғана үрілген. Пальпация кезінде іштің жоғарғы бөлігінде ауырғандық анықталады. Әсіресе, оң жақ қабырға астында ауырғандық күшті болады. Ортнер және Мерфи симптомдары оң мәнді. Ортнер симптомы – оң жақ қабырға етегінен алақан қырымен қысқа жеңіл соққы жасаған кезде қатты ауырғандық байқалады. Мерфи – саусақтарды қабырға астына орнатып науқасқа терең тыныс алуын сұраймыз.Тынысалып жатқан кезде саусақтардың тұсында қатты ауырғандық пайда болғандықтан науқас тынысын үзеді.
Диагностикасында рентгенография, УДЗ маңызды. Тасты холециститте тастар коленкелері анықталады, және өт қуығының қабырғасының қалыңдауы анықталады.
Қанның биохимиялық зерттеуінде билирубин мөлшері көбейгені байқалады.
Жедел көмек,емдеу қағидалары: Белсенді-күту тактикасың қолданлады. Ауырғандықты басу мақсатында спазмолитик дәрілерді немесе наркотикалық анальгетиктерді қолданады. Консервативті емнің көлемінде инфузиялық ем, антибактериалды ем. Қолданған емнің нәтижесі болмағанда операция орындалады. Операция колемі – холецистэктомия.
Жедел перитонит – Ағзаның жалпы ауыр токсико-септикалық реакциямен өтетін іш пердесінің қабынуы.Перитониттің біріншілік және екіншілік түрінде дамуы мүмкін. Екіншілік перитониттың себептері жергіліктті қабынумен өтетін аурулар(аппендицит,пан-креатит,холецистит асқазан жарасының теслуі,т.б..). Перитониттің екі негізгі түрінде өтеді: жергілікті(шектелген) және жалпы(жайылған).Жайылған іріңді перитонит – іш қуысының жедел және созылмалы ауруларының ең ауыр асқынуы.Жалпы перитонит іш қуысының барлық бөлігіндегі сір қабаттарының қабынуымен өтеді.
Қлиника: перитониттың ағымын үш сатыға бөледі.
Бірінші – реактивтік, алғашқы 6-8 сағатта байқалады.
Екіншісі – токсикалық, 24-48 сағат ішінде байқалады.
Үшіншісі – терминальдық 4-5 тәулікте дамиды.
Реактивтік сатысында науқастарды күшейіп және бүкіл ішіне тарап жатқан ауырғандық мазалайды. Себепті ауруына байланысты Щеткин-Блюмберг симптомы оң мәнді болады және іш қабырғасының бүлшықеттерінің қатаюы байқалады.Жалпы жағдайында бозару, тахикардия, тахипноэ, ЖҚА - лейкоцитоз.
Токсикалық сатысында бірінші сатыдағы симптомдар едәуір айқын түрінде байқалады. Ағзаның улануы өршіп, құсық, дене қызуының көтерілуі, сусыздану белгілері байқалады.
Терминалды сатысында науқастың жағдайы өте ауыр.Улану және сусыздану белгілері айқын көрінуде.Адинамия қалпында, ес-түсі кідіріңкі, шағымдары жоқ. Тері жамылғысы боз,сарғыштанған, беті үшкірленген.Пульсі жиі, аритмиялық, минутына 140 соққыға дейін.Қ/Қ төмен, тынысы беткей жиі.Іш қабырғасының бүлшықеттерінің қатаюы іштің үрлеуіне ауысады. Пальпация кезінде ауырғандық басылады, ылди аймақтарында перкуторлы дыбысының тынықталуы, ішек перисталтикасы естілмейді.Бауыр үлкейген,ауырсынады. Осы жағдайды,жиі түрінде, пневмония, бүйрек жетіспеушілігі қосылып ауырлатады.
Жедел көмек,емдеу қағидалары
: тыныштық орнатып, басын бір жағына бұрып шокка қарсы шаралар орындап шұғыл түрінде ауруханаға жеткізу. Жедел көмек көрсету кезінде ауырғандықты басуға,су ішкізуге, жылы басуға, асқазаның шайып клизма жасауға тиім салнады.
Науқастарға, 2-3 сағаттық дайындықтан кейін шұғыл хирургиялық ем көрсетіледі. Ем көлемі – іш қуысындағы іріңді ошақты жойып, іш пердесін антисептиктармен жуып-шаю. Іш қуысына дренаждарды орнату. Іш қуысына әлсін-әлсін антибиотиктер жіберіледі.Ішек перистальтикасын белсендету үшін церукал,прозерин,сорбитол енгізіледі.
Жалпы емінде қарқынды түрінде улануға, сусыздануға қарсы ем өткізіледі. Ішек перистальтикасы қалыпқа келгенше толық көлемінде парентеральды тамақтандыру өткізіледі.Биік әсері бар антибактериалды ем тағайындалады.
Асқазан, ұлтабар жарасының тесілуі (перфорация) - Бүл асқазан және ұлтабар жарасы ауруының асқынуы. Асқазан немесе ұлтабардың жарасы тесіліп оның ішіндегі заттарының іш қуысына шығуы.Тесілген жаралар көбінесе ұлтабардың алдынғы қабырғасында орналасады. Жараның тесілуіне себепті жағдайларға тығыз тамақтану, алкоголь, психикалық және физикалық салмақтың түсуі жатады.
Клиника: Жараның іш қуысына тесілуінде үш кезең байқалады.
Бірінші – шок кезеңі. 3-6 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Перфорация кезінде, эпигастрий тұсында, кенеттен, «қанжар сұққандай» қатты ауырғандық пайда болады.Осы ауырғандықтан шок жағдайы дамиды. Науқас мәжбүрлі қалыпта,аяғын ішіне тартып, шалқасынан немесе оң жақ қырымен жатады.Аяқ-қолдары салқын, тілі құрғақ, шөл мазалайды. Бастапқыда пульсі сирек, содан соң тахикардия дамиды.Қ/Қ төмен. Эпигастрийда пайда болып ауырғандық тез арада бүкіл ішіне жайлайды. Құсық болу мүмкін. Беті боз,салкын тер басқан, қорқыныш сезімі байқалады. Пальпацияда – іштің тақтай тәрізді қатаюы және Щеткин-Блюмберг симптомы анықталады. Ұлтабар жарасы тесілгенде ауырғандық оң жақ бұғанаға беріледі, ал асқазан денесіндегі жара тесілсе ауырғандық сол жақ бұғанаға беріледі. Бұл ауырғандықтар 1-2 сағаттан кейін басылады.
Екінші – «шынайы емес амандық» кезеңі. 2-4 сағаттан кейін басталады. Ауырғандық басылады, науқастар өздерін жақсы сезіне бастайды, операциядан бас тартады.
Үшінші – перитонит кезеңі. 10-12 сағаттан кейіе дамиды.Науқастың жағдайы нашарлайды. Беті үшкірленеді, тері жамылғысы, кілегей қабаттары, тілі құрғақ. Іш қабырғасының кернелуі әлсірейді,бауырдың тынық дыбысы анықталмайды, ішек перистальтикасы естілмейді, жел шығуы кідіреді, диурез азаяды, метеоризм дами бастайды.Щеткин-Блюмберг симптомы айқын оң мәнді.Ауыр уланумен өтетін перитонит дамиды.
Жедел көмек,емдеу қағидалары: : тыныштық орнатып, басын бір жағына бұрып шокка қарсы шаралар орындап шұғыл түрінде ауруханаға жеткізу. Жедел көмек көрсету кезінде ауырғандықты басуға,су ішкізуге, жылы басуға, асқазанын шайып клизма жасауға тиым салынады.
Емі – хирургиялық. Операция көлемі ауырлығына қарай екі түрінде өткізіледі:тесілген жараға тігіс салу , немесе асқазан резекциясын орындау.
Іш қуысы хирургиялық аурулары мен жарақаттары тақырыбна арналған есептер.
1 тапсрыма.Клиника,емі
П еритонит кезеңдері
2 тапсырма. Граф.диктант.
Щеткин-Блюмберг белгісі –
Ровзинг белгісі-
Ситковский белгісі – .
Образцов белгісі –
Воскресенский белгісі
Ортнер белгісі –
Мюсси белгісі –
Закарьин белгісі
Жөтелдің түрткі белгісі –
2.Тапсырма. Анықтамасы,этиологиясы,клиникасы, диагностикасы, алғашқы медициналық жәрдем, емі, науқастарға күтім жасаудың ерекшелігі.
Аппендицит
Панкреатит
Холецистит
Есеп №1
70 жастағы науқас ауруханаға оң жақ мықын аймағының тұрақты түрде ауруына шағымданып келді. Бұл ауруы бір күн бұрын пайда болады. Диспепсиялық бұзылыстары жоқ. Дене қызуы қалыпты. Бұрын ешбір аурумен ауырмаған. Объективті зерттеуде: тілі құрғақ, PL- 80 рет.мин. жиі тыныс алу актісіне қатысады, жұмсақ. Оң жақ мықын аймағында локальдық ауырсыну. Ровзинг және Ситковский симптомы байқалмайды. Щёткин –Блюмберг симптомы-теріс мәнді. Қандағы лейкоцит мөлшері 6,1-103 л. Несепте өзгерістер жоқ.
Сіздің диагнозыңыз? Ем қағидаңыз?
Есеп №2
52 жастағы науқас қабылдау бөлімшесіне келіп түсті. Біраз уақыт бұрын кешкі асын ішіп алды. Таңертеңгілік эпигастрий аймағы қатты ауруын аңғарды. Тыныс алудың қиындауы, жеңілдік әкелмейтін мөлшерде құсық, әлсіздік, терлеу пайда болды. дене қызуы 370С. Несеп бөлу жүйесінің бұзылыстары жоқ іштегі ауа шықпайды. Бұрын ешбір аурумен ауырған жоқ. Аурудың басталғанынан 2 сағаттан кейін әкелінді. Қарағанда: жалпы жағдайы- өте ауыр, науқас боз, айқын акрационоз тері жамылғысын салқын тер басқан PL- 140 рет мин. Қан қысымы -100/
00мм. с.б. тең. Тілі- құрғақ, ақ жамылғымен қапталған. Іші тыныс алу актісінде қатысады. Перистальтикалық дыбыс естіледі бауыр кеңістігі сақталған, Іш пердесіндегі бос сұйықтық байқалған жоқ. Іш пальпацияда-жұмсақ. Іш пердесінің тітіркену симптомы жоқ. Эпигастрий аймағында өте күшті ауырсыну. Воскресенский және Мейо-Робсон симптомдары оң мәнді. 1мк/л қандағы лейкоцит мөлшері 12,0-103 несеп желшешекпендиастазасы-1024ЕД.
Сіздің диагнозыңыз? Ем қағидаңыз?