ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 17
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектеп: №27 IT-меткеп- лицейі | ||||
Сабақ тақырыбы: | Арифметикалық амалдар мен өрнектер | |||
Күні: 31.01.2020 | Мұғалімнің есімі: Досанова Айгерім | |||
Сынып 10 «ә» | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты |
| |||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Математикалық өрнектерді жаза алады Оқушылардың басым бөлігі: Математикада берілген өрнектер мен амалдарды Паскаль программалау тіліне аудара алады Кейбір оқушылар: Паскаль программалау ортасында арифметикалық амалдарды қолданып программа жаза алады. | |||
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже деп атайды) | Өрнектердің және амалдардың не екенін біледі. Өрнектердің математикалық және программалау тіліндегі жазылу формаларын біледі. Паскаль программалау ортасында арифметикалық амалдарды қолданып программа жаза алады. | |||
Құндылықтарды дарыту | Құндылықтарға баулу арқылы экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, Қазақстанның өңірлік жəне жаһандық бəсекеге қабілеттілігі осыған байланысты білімдерін алға жетелейді. Тапсырманы орындауда өзара келісім, жұптық (топтық) жұмыс кезінде бір-біріне деген құрмет. | |||
Пәнаралық байланыстар | Физика, математика, ағылшын. | |||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта, тірек – сызбалар, компьютер | |||
Бастапқы білім | Pascal программаларының құрылымы | |||
Бағалау: Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Қалыптастырушы бағалау. Өз-өзін бағалау. Мұғалімнің қорытынды бағалауы | |||
| ||||
Жоспар | ||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар | ||
Басталуы 3 мин 2мин Ой қозғау | Ұйымдастыру сәті Оқушыларды түгелдеу. Сынып тазалығына назар аудару Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында «Досымның жақсы қасиеті» атты психологиялық тренинг жүргізіледі. Оқушылар шеңбер бойына тұрып келесі оқушының жақсы бір қасиетін бір ғана сөзбен білдіреді Мысалы
Оқушылар түрлі түсті тәттілерді таңдай отырып топтарға бірігеді I топ «Өрнек» ІІ топ «Амал» ІІІ топ «Логика» Үй тапсырмасын тексеру Үйге берілген тапсырманы тексеру үшін мен оқушыларға «Jeopardy game» ойынын ойнатамын. Ойын барысында жинаған ұпайлар санына қарай топтарға тәттілер ұсынамын. Тақтада осы суретті көрсетемін және бұл суреттен не байқағанын оқушылардан сұрай отырып оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашады | | ||
Ортасы Жаңа сабақ 7 мин 1 тапсырма 3мин 2 тапсырма 5 мин 3 тапсырма Компьютердегі тәжірибелік жұмыс (Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру) 10 мин | Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз: Арифметикалық амалдар мен өрнектер Өрнектер және олардың жазылуы Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады. Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады. Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си, т. б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т. б. амалдар орындалады. Арифметикалық амал белгілері: (+) – қосу; (-) – азайту; (*) – көбейту; (/) – бөлу. DIV – және (логикалық көбейту) операциясы; MOD – қалдықты табу. 10 DIV 3 =3; 10 MOD 3 =1; 12,4 12.4 Арифметикалық амалдардың математикалық және программалау тілінде жазылуын көрсетемін. Мысалы: Амалдардың орындалу реті Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си, т. б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т. б. амалдар орындалады
Санның бөліндісінің бүтін бөлігін және қалдық бөлігін біледі
Барлығы дұрыс болса – «5» 3 қате болса – «4» 4 қатеде жоғары – «3» Келесі тапсырмада оқушылар математикалық өрнектерді программалау тілдеріне аударады
Өрнектерді Паскаль программалау ортасында ұсына алады
Бас бармақ арқылы бағалау Компьютерде тәжірибелік тапсырма Жұптық жұмыс Оқушылар жұппен компьютерлерге отырып тәжірибелік жұмысты паскаль программалау тілінде орындайды. program esep_tendeu; Var a,b,c,D,x1,x2:real; Begin Writeln('a b c-ni engiz'); Readln(a); Readln(b); Readln(c); D:=b*b-4*a*c; if D>=0 then Begin x1:=(-b+sqrt(D))/(2*a); x2:=(-b-sqrt(D))/(2*a); writeln('x1=',x1,' x2=',x2); end else writeln('zhauabi zhok!!!'); writeln('D=',D); readln(a); end. «Ынталандыру» - мұғалім бағалауы Бәрекелді! Жарайсың! | | ||
Аяқталуы Қорытынды 6 мин Бағалау 4 мин | Оқушылар бүгінгі сабақтан қаншалықты дәрежеде білім алғанын білу үшін бекіту тапсырмасын ұсынамын. Ол үшін оқушылар quizizz.com сайтында тест жұмысын орындайды Мұғалімнің қорытында бағалауы Кері байланыс: «padlet.com» бағдарлама ортасында бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып береді. https://padlet.com/aigerim430321/zuc71y3sexb3 Үй тапсырмасы: Арифметикалық амалдардың Паскаль программалау тілінде жазылуын жатқа үйрену | |
Бейінді ісі жөніндегі орынбасары: ____________________________