ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 143
Скачиваний: 1
-
ұйымдар мен азаматтардың қызметіндегі қауіп-қатер дәрежесін дер мезгілінде анықтау; -
өрт қауіпсіздігі саласында алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру және ескерту әдісімен үйрету; -
өртті сөндіру міндеті, алғашқы кезектегі апаттық-құтқару және басқа қажетті жұмыстарды жүргізу; -
медициналық көмек көрсету, азаматтарды және зардап шеккен жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру; -
азаматтардың денсаулығы және мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық объектілеріне келтірілген өрт зардаптарын төлеу.
Оқу құралы студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және жас мамандарға жану процесінің ерекшеліктері, олардың өртенуі мен жарылуы қауіптілігін анықтайтын заттардың қасиеттері, ғимараттар мен үймереттер жайларының өрт қауіптілігін бағалау принциптері, өрт сөндіру құралдары мен тәсілдері туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтер кәсіпорындардың немесе жекелеген объектілердің, өрт пен жарылыс қауіптілігін объективті бағалауға өрт пен жарылыс тудыратын апаттардың пайда болу ықтималдылығын азайтуға мүмкіндік береді. Өрт қауіпсіздігі - бұл еңбекті қорғаудың бір бөлімі, мұнда өрттің пайда болуының алдын ала жою шарттарын үйретеді, бір сөзбен айтқанда, адамдардың жеке заттарын және мемлекеттік мүліктерді өрттен қорғайтын мүмкіндігі. Өрт – бұл адам өміріне және денсаулығына материалдық шығын әкелетін жалпы және мемлекеттік назардағы, ешқандай бақыланбайтын жану. Жер бетінде күн сайын 2 миллионнан аса өрт болып, 1 миллионнан көп адам қаза табады, әрбір 2 өртте 1 адам қаза болады. Өрттер – эндогенді («еndon» грекше – ішкі) және экзогенді («exo» грекше – сыртқы) болып бөлінеді. Барлық жердің үстіндегі, сонымен бірге, ғимараттың және үйлердің ішіндегі өрттер экзогенді өрттерге жатады. Эндогенді өрттерге көбінесе жер астындағылары жатады. Бұл көмірдің сланецтардың, сульфидті кендердің жер астындағы жануы. Эндогенді өрттердің ең үлкен уақытқа созылғаны өте алыстағы Памир Алтайдағы Ростовскі кен орнындағы өрттері. Көп уақыттан бері Рават тауы жерлерінде әлі өрт жалындап жанып тұр. Бұл өрттің пайда болған күнін айту мүмкін емес. Біреулері ол өртті 15000 жыл бұрын басталған дейді, ал біреулері 2000 жыл бұрын басталды дейді. Біздің эрамызға дейін пайда болып, әлі баяуламаған, керісінше, оданда күшті болып кеткен өрт таң қалдырмауы мүмкін емес. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізінде, ең алдымен бұйрықтар мен нұсқауларға сәйкес объектінің өртке қарсы қорғанысының нақты жасалынған жоспары бойынша техникалық, ұйымдық шаралар жатады. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тіршілік пен адам денсаулығының жекешелігін, рационалды байлық пен қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік іс - әрекеттердің ажырамайтын бөлігі болады. Өрт қорғанысы - өртті сөндіру мен ескертуге негізделген күштер мен құралдардың басқару органдарының жүйесі. Өрт қорғанысы келесі түрлерге бөлінеді: мемлекеттік өртке қарсы қызмет; ведомстволық өрт қорғанысы; ерікті өрт қорғанысы; біріккен өрт қорғанысы (ассоциациялар, союздар, қорлар).
Өрт профилактикасы – адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өртті қайтаруға, оның таралуын шектеуге, сонымен бірге, өртті нәтижелі сөндіруге жағдай туғызуға бағытталған техникалық және ұйымдық шаралар кешені. Өрттік профилактикалық шаралары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Өрттің алдын алу жүйесі - өрттің пайда болу шартын жоюға бағытталған техникалық құралдар мен ұйымдық шаралар кешені. Өртке қарсы қорғаныс жүйесі - өрттен келетін материалдық шығынды шектеуге және өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсерін жоюға бағытталған техникалық құралдар мен ұйымдық шаралар кешені. Ұйымдық шаралар мекемелерде (бұйрықтарды, жағдайларды), өрт қауіпсіздігі шараларын (ереже, нұсқау) жасауды өз мойнына алады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін жалпы жағдайда былай түсіндіруге болады: Өрт қауіпсіздігі ережесі - құрылыс және объектіні пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі нормасымен талаптарды сақтау тәртібін бекітетін арнайы кешен. Профилактикалық шараларды жасау кезінде қосымша объектінің өртке қарсы жағдайы зерттелінеді. Объектінің өртке қарсы жағдайы - өрт санымен, олардан келген шығынмен, күю санымен, сонымен бірге, жарақаттан, уланудан және қаза болған адамдардан, өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды иелену деңгейімен, өрт бөлімдерінің дайындау деңгейімен және ерікті құрамалардан, сонымен бірге, өртке қарсы үгіт жүргізу мен насихатпен сипатталатын объектінің жағдайы ұйымдық шаралар мекемелерінде өртке қарсы тәртіпті бекітеді. Өртке қарсы тәртіп - адамдардың жүріс - тұрысына, жұмысты орындау мен объектіні пайдалану ережесі, оның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталып бекітілген нормалар кешені. Мекемелерде бақылау функцияларында, басқарушының бұйрығымен белгіленген адамдар бар, сонымен бірге, ерікті өрт сөндіргіштер. Ерікті өрт сөндіргіштер - өрт сөндіру мен ескерту бойынша іс- әрекеттерде ерікті негізде, тікелей қатысатын азаматтар. Өрттік бақылау - объектілердегі өрт қауіпсіздігі мен өртпен күресте тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды орындауда, бақылауды жүзеге асырудан тұратын өрт қауіпсіздігі функциясы. Мемлекеттік өртті бақылау - өрт қауіпсіздігі мен оларды бұзудың кесіп өту талаптарын сақтауда, бақылау мақсатында мемлекеттік өрт қызметінің органдарының міндетті қызметкерлерімен жүзеге асырылатын, бақылау әрекетінің арнайы түрі. Өрт қауіпсіздігі шаралары
- өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау бойынша әрекеттері.
Өртке қарсы қызмет – бірінші кезектегі апаттық – құтқару жұмыстарын жүргізу, өртті ескерту және оларды сөндіру ұйымдары үшін арналған, сонымен бірге, өртке қарсы құрылымдарда, құралдармен күштерді басқару ұйымдарының бекітілген тәртібіндегі құрылған жиынтығы.
Алғашқы кезектегі апаттық – құтқару жұмыстары - өрт кезіндегі зардап шеккендерге көрсетілетін алғашқы медициналық көмек, адамдарды (оқшаулау) мүлікті және жеке заттарын оқшаулау мен құтқару бойынша жауынгерлік әрекеті.
Қоныстандыру территориялары - жалпы ғимараттар мен үйлерді тұрғын үйлерді орналастыруға арналған, сонымен бірге, жеке коммуналды және өндірістік объектілерге арналған тұрғын пункттердің территориясының бөлігі.
Жану түрлері, жанатын заттар және материалдар
Жану процесін әртүрлі белгілері және ерекшеліктері бойынша келесі түрлерге бөлуге болады. Жанатын заттардың агрегаттық жағдайы бойынша: газдың жануы; сұйықтықтар және балқитын қатты заттардың жануы; балқымайтын қатты шаң тәріздес және шағын заттардың жануы. Компоненттердің фазалық құрамы бойынша: гомогендік жану; гетерогендік жану; жарылғыш заттардың жануы. Жанатын қоспаның дайындығы бойынша: диффузиялы жану (өрт); кинетикалық жану (жарылыс). Жану шебінің динамикасы бойынша: тұрақты; тұрақты емес. Газ қозғалысының сипаты бойынша: ламинарлық; турбуленттік. Жанатын заттардың жану дәрежесі бойынша: толық; толық емес. Жалынның таралу жылдамдығы бойынша: қалыпты; дефлаграциялық; детонациялық. Осы түрлерді жан-жақты қарастырайық. Газ тәріздес, сұйық және қатты заттар. Жанатын заттардың агрегаттық жағдайына байланысты газдар, сұйықтықтар, шаң тәріздес және шағын қатты заттардың жануын ажыратады.-
Газдар – бұл сындарлы температурасы 50С. Ткр кем заттар – бұл жабық ыдыстағы заттың 1 молін қыздырудың минимум температурасы, ол бұл ретте толықтай буға айналады. -
Сұйықтықтар – бұл 50С-дан кем емес балқыту (тамшы таму) температурасы бар заттар. -
Қатты заттар – бұл 50С-дан артық балқыту (тамшы таму) температурасы бар заттар. -
Шаң – бұл 0,85 мм-ден кем емес өлшемдегі бөлшектері бар ұсақталған қатты заттар.
-
- сурет – Газдың жану сұлбасы: 1 – мөлдір конус – бұл бастапқы газды қыздыру (өздігінен тұтану температурасына дейін); 2 – жану шебінің
-
- сурет - Сұйықтықтың жануы: 1 - сұйықтық; 2 – сұйықтық буы