ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 115
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспарСабақтың тақырыбы: Жай механизмдер
Сабақтың барысы:
| Бөлімі: | Физика |
| Мұғалімнің аты-жөні: | Сағындықова Индира Қуантқанқызы |
| Күні: | 13.04.2023 |
| Сыныбы: 7а,ә,б | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
| Сабақтың тақырыбы: | Жай механизмдер |
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 7.2.4.1 – «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру; 7.2.4.2 – күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар істей алады: - Механиканың алтын ережесін тұжырымдайды Көптеген оқушылар істей алады: - Күш моменті ұғымын түсінеді Кейбір оқушылар істей алады: - есеп шығару кезінде тепе-теңдік шартын қолданады; |
| Бағалау критерийлері | Оқушы
|
| Құндылықтарға баулу | Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарытуда оқушыларға оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, зерттеуді жүйелеуге, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету. |
| Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| Сабақтың басы 10 минут | Сабақтың басында мынаған тоқталу керек: - оқушылардың назарын сабаққа аудару; - оқушылармен бірлесіп сабақ пен оқытудың мақсатын анықтау; - бағалау критерийімен таныстыру. «Миға шабуыл» . Осы жұмыстың орындалуы кезінде:
Кері байланс | Оқу мақсатымен танысады Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді | Оқушылардың сұрақтарға дұрыс жауап беруіне байланысты бағаланады. | Презентация немесе таратпа материал |
| Сабақтың ортасы 15 минут 15 мин | ) Жаңа сабақты түсіндіру Иіндік – жай механизм, жылжымайтын тіреуден айнала қозғала алатын қатты дене Күш иіні – тіреу нүктесі мен күштің иіндікке әсер ету бағытын көрсететін түзудің ең қысқа ара қашықтығы ( күштің иінін табу үшін тіреу нүктесінен күштің әсер ету сызығына перпендикуляр жүргізу керек). Блок — жай механикалық құрылғы, күштің бағытын өзгертуге мүмкіндік береді. Айнала шетінде науасы бар, өзі құрсауға орнатылған тегершік.науасы арқылы трос,шынжыр тасталады. Көлбеу жазықтық — жұмыс істегенде жұмсалатын күштен ұтыс алу үшін қолданылатын жай механизм. Механиканың алтын ережесі: күштен қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз. | Сабаққа дидактикалық материалдар | ||
| W) Есептер шығару Есептер шығару 1. Иіндіктің кіші иініне 300Н, ал үлкен иініне 20Н күш әсер етеді. Кіші иінің ұзындығы 6 см. Егер иіндік тепе-теңдікте болса, онда үлкен иіннің ұзындығын қандай болады?
2. Массасы 40 кг қыз бала, иіндіктің көмегімен пілді қалай тепе-теңдікте ұстап тұруға болатынын ойластырды. Иіндіктің бір ұшында 10 м қашықтықта массасы 4 т піл тұрса қыз бала тіреу нүктесінен қандай қашықтықта тұруы керек болар еді?
3. Иіндіктің ұштарына 4Н және 36Н күш әсер етеді. Иіндіктің ұзындығы 2 м. Егер иіндік тепе-теңдік қалыпта болса, оның тіреу нүктесі қай жерде болғаны?
4. Ұзындығы 1 м иіндіктің ұштарына салмақтары 2 Н және 18 Н жүктер ілінген. Иіндік тепе-теңдікте болу үшін тіреу нүктесі қай жерде болу керек? Күш моментінің формуласын жазады
Кері байланыс | Презентация | |||
| Сабақтың соңы. 5 мин Рефлекция Бағалау Үй тапсырмасы | Рeфлексия пирамидаcы: Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр: Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау -Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу. | Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады. | Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл | Үлестірме стикерлер Дескриптор Оқулық |
| Жалпы бағалау | ||||