ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 25
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4-бөлім. «Мәтіндік құжатпен жұмыс жасау» | Мектеп: С.Қожанов атындағы жоббм | ||||||
Күні: 12.04.2023 ж. | Мұғалімнің аты-жөні: Сейдраманова Г. | ||||||
Сыныбы: 6 А | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Гиперсілтемелер.1 сабақ | ||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.2.2 сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұны, тақырыптар, түсіндірмелер) | ||||||
Сабақтың мақсаты | Көлемді құжаттармен жұмыс істегенде құжаттың бір тарауынан екінші тарауына жылдам өту жолдарымен танысу, мәтіндік редакторда гиперсілтемелерді қалай ұйымдастыруға болатынын білу, мәтінге гиперсілтеме ұйымдастыру жолдарын үйрену | ||||||
Бағалау критерийлері | Электрондық кітапқа гиперсілтеме ұйымдастырады. | ||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Сабақ кезеңі | Педагог әрекеті | Оқушы әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 8 мин. | Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлемдесу, түгендеу. - Оқушылардың назарларын сабаққа аудару. «Күннің көзі ашылсын, Көкке шуақ шашылсын Ал, қанікей бәріміз Сәлем дейік апайға Сәлеметсіз балалар!» «Шаттық шеңбері» әдісімен бір-біріне жақсы тілектер айту арқылы сыныпта жақсы көңіл-күй орнату. - Оқушыларды Flippity платформасы арқылы екі топқа бөлу, топ басшысын сайлау. Бүгінгі күн Ғарышкерлер күніне сәйкес келіп тұрғандықтан топ аттарына ірі планеталардың аты берілді. І топ – Сатурн. ІІ топ – Юпитер. Flippity платформасындағы Спинер бөлімін қолданып оқушылардан үй тапсырмасын сұрау 1.Құжатқа нұсқама мен сілтеме не үшін қолданылады? 2. Нұсқаманың неше түрі бар және қандай? 3.Мәтіндік редакторда нұсқаманы қалай қояды? 4. Соңғы нұсқама дегенді қалай түсінесің? 5. Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі не үшін қолданылады? | Оқушылар мұғаліммен амандасады, шаттың шеңберінде бір-біріне жақсы тілектер айтады, топқа бөлінеді. Өткен тақырыпты қайталау мақсатында сұрақтарға жауап береді. Мақсаты: жылдам әрі функционалды түрде ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушылар практикада кездесетін негізгі ұғымдармен танысады, тапсырманы дұрыс жасауға мүмкіндік алады. | Бағалау: Жауапты дұрыс айтқан, өз ойын жақсы жеткізген топ мүшелерін жұлдызша беру арқылы бағалау | | |||
Сабақтың ортасы 10 мин | Жаңа сабаққа бейнеролик көрсету. Практикалық жұмыс. Компьютерде тақырыпқа байланысты практикалық тапсырмалар орындату. «Ғарыш батырлары» электрондық жобасы Қазақстаннан ғарышқа ұшқан үш батыр ағаларымыз бар, Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов. Осы кісілер жайында Интернеттен қысқаша ақпарат алып, қарапайым электрондық кітап дайында. Ол үшін төмендегі әрекеттерді орында:
1. Тоқтар Әубәкіров 2. Талғат Мұсабаев 3. Айдын Айымбетов 5. Келесі қадамда Вставка-Гиперссылка-Файлом веб-страницей (3- сурет) командасын орындап тізімді өз аттас файлдарымен байланыстыр.Міне, Бұл сенің ең алғашқы қарапайым электронды кітабың. | Бейнеролик арқылы жаңа сабақпен танысады. «Түртіп алу» әдісі арқылы жаңа тақырыпта кездескен термин сөздерді өз дәптерлеріне жазып алады. Тиімділігі: Оқулықта кездескен термин сөздерді өздерінің жұмыс дәптерлеріне жазып алып, қайталау арқылы есте сақтайды. Саралау: Информатика сабағында қолданылатын программалардың басым көпшілігі ағылшын немесе орыс тілдерінде берілетіндіктен термин сөздерді есте сақтаудың маңызы зор. Компьютерде тапсырма орындайды. Дескриптор: - Елімізің ғарышкерлеріне «Ғарыш батырлары» тақырыбына шағын электронды кітап жасап, ғарышкерлерге қысқаша ақпарат береді. | Қалыптастырушы бағалау: Тапсырманы жақсы орындаған балаға жұлдызша беру арқылы бағалау | Тапсырма орындауға қажетті құралдары | |||
8 мин | 1-тапсырма: Топтық жұмыс «ВЕНН диаграммасы» Салыстыру. Сатурн тобына нұсқама мен сілтеменің ұқсастығы мен айырмашылығына, Юпитер тобына гиперсілтеме мен бетбелгіге Венн диаграммасы арқылы талдау жасату.. | Дескриптор: - Сілтеме мен нұсқаманың айырмашылығын жазады. - Гиперсілте мен бетбелгінің айырмашылығын жазады. - Екі ұғымның ұқсастығын жазады. | Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | Тапсырма орындауға қажетті құралдары | |||
8 мин | Сергіту сәті. Оқушыларды сергіту мақсатында «Қызықты сұрақтар» әдісі арқылы ойын түріндегі сұрақтар беріледі
| Дескриптор: Оқушылар қызықты сұрақтарға жауап беру арқылы логикалық ойлау шеберлігін, ойлау жылдамдығын арттырады. | Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға жұлдызша беру арқылыынталандыру. | Тапсырма орындауға қажетті құралдары | |||
Сабақтың соңы 9 мин. | Сабақты бекіту. Plickers платформасының штрих кодын пайдаланып оқушылардан тест алынады | Дискриптор: Оқушылар бүгінгі сабақтан үйренген білімдерін тиянақтайды. | | Тапсырма орындауға қажетті құралдары | |||
2 мин | Кері байланыс. «Ғарышқа саяхат» әдісі арқылы оқушыларға кері байланыс жасату | Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіреді. | | | |||
Үй тапсырмасы | 114 бетте берілген суреттердің желісі бойынша тақырып таңдап. Осы тақырып бойынша электрондық кітап құрастыр. |
Тексерілді: