Файл: Кіші сала Математика Таырыбы Геометриялы пішіндер. Шебер. Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 43

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Таным»

Кіші сала: Математика

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер.Шеңбер.»

Мақсаты: Дөңгелек,шаршы,үшбұрыш,тікбұрыш,сопақша

туралы білімдерін бекіту.Төртбұрышпен таныстыру.Оны щаршымен және тікбұрышпен салыстыра білуге үйрету.

Д/о «Ғажайып әлем». АКТ қолдану дағдыларын дамыту.

Билингвалдық компонент: фигура-пішін


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

-Флипчарт арқылы «Үлгі бойынша құрастыр» ойынын ойнап пішіндердің атауын естеріне алуды ұсыну.

-Балалар қызығушылық білдіреді.

Пішіндерді үлгіге қарап дұрыс орналастыруға талпынады.

Ұйымдастырушылық ізденіс

-Д/ойын: «Пішіндерді ата»

Балалар аққаланың,машинаның пішіндері қандай екен? Бұл аққала,машина,мысық геометриялық пішіндерден құралған екен. Қараңдаршы басы қандай пішін екен? Түсі қандай екен? Денесі қандай пішін екен? Түсі қандай екен? Аяқтары қандай пішіннен құралған екен? Түстерін атаңдар.

-Сергіту сәті:


-Слайд«Ғажайып әлем» бойынша әңгіме жүргізу. пішіндерге тоқталу. Бөлмедегі заттармен салыстыру.

-Түрлі пішіндер келеді

Д/Ойын: «Өз пішініңді тап»

-Дәптермен жұмыс:


-Сергітусәті.





Балалар қызыға ат салысады.Пішіндерді атайды.




Дөңгеленіп тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық.

Бір отырып,бір тұрып

Біз тынығып алайық.
Балалар слайд бойынша тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді. Суреттерді бейнелерді пішіндермен салыстырады.
-Шашырап жатқан пішіндерді бір-бірден алып

үшбұрыштар 1 шеңберге,

шаршы 1 шеңберге,

сопақшалар 1 шеңберге тұрады.

-Берілген тапсырмаларды таза,әсем жазуға тырысады.
Бойды сергек тік ұстап,

Емін-еркін тыныста.

Деміңді ішке тез алда,

Оң қолыңды соз алға.

Қол ұшына қара да

Үш бұрыш сыз ауада

Сол қолыңа бос тұрмасын

Шеңбер жасап тынбасын.

Рефлексивті-коррекциялау


-Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мақтап-мадақтау.

Балалар сұрақтарға толық жауап береді.

Сұрақтарға толық жауап беру.


Күтілетін нәтиже:
Геометриялық пішіндерді біледі.

Геометриялық пішіндер мен бөлмедегі заттарды салыстыра біледі

Пішіндерден өздеріне белгілі заттарды салыстырып қолдана алады

Тәрбиеші: Камбарова Л.М Тексерген: