ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 404
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сөйлеуде белгілі бір заттың өзіне немесе басқа затқа қатысты орнын көрсете білуге үйрету. Берілген бағытта, оны белгі бойынша өзгерте отырып, бағдарлауын қалыптастыру. Қағаз парағын бағдарлай білуді бекіту.
276. Уақытты бағдарлау.
Әртүрлі оқиғалардың, апта күндерінің, тәулік бөліктерінің реті туралы білімді бекіту. Айлар, жыл мезгілдері туралы түсініктерді қалыптастыру, олардың ретін білу және атау, циферблат бойынша уақытты анықтау.
Тәулік бөліктерінің ауысуын («кеше», «бүгін», «ертең»), оқиғалардың ретін («алдымен – содан кейін», «бұрын – кейінірек») анықтау.
Заттар мен құбылыстардың математикалық мәнін тануға қызығушылық
пен эмоционалды көзқарасты, ойлау мәдениетін, таным процесін ерікті реттеу, шыдамдылық, ұқыптылық, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға баулу.
Нүктелерді, өрнектерді салуға, тік және көлбеу таяқшаларды, қисық және қиғаш сызықтарды дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.
4-параграф. Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
-
Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы іске асырылады. -
Мақсаты балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялдауын, қоршаған әлемді бейнелі қабылдауын қалыптастыру, өзінің түсініктерін, ойларын, сезімдерін көркем түрде жеткізе білуге үйрету болып табылады. -
Міндеттері:
балалардың өнер шығармаларын эмоционалды қабылдау қабілетін
қалыптастыру; балалардың шығармашылық қабілеттерін, қоршаған ортаны эстетикалық
тұрғыдан қабылдауын дамыту; қоршаған әлемді эмоционалды тану, өнер түрлері туралы түсінігін
қалыптастыру; өзінің, құрдастарының жұмыс нәтижелерін бағалай білуге, жұмысты
ұжыммен орындауға баулу; музыкаға, өнердің түрлеріне, өнер туындыларына ұқыптылықпен қарауға
тәрбиелеу; балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмді тәрбиелеу үшін жағдай жасау; балалардың түрлі әрекеттерінде қауіпсіздікті сақтау.
280. Күтілетін нәтижелер: сурет бойынша: заттардың жазықтықта әртүрлі орналасуы мүмкін екендігін түсінеді; тірі табиғат заттарының бейнелерін күрделі емес қимылдар мен қалыптар
арқылы жеткізеді; түстерді өз қалауы бойынша таңдайды;
бояуларды қолдануды, бояғышта акварельді сумен араластыруды, қанық
түстер алу үшін қарындашты түрліше басып бояуды біледі; өз жұмысының нәтижелерін бағалай алады; сурет салуда әртүрлі техниканы қолданады;
парақтың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын
ажыратады; жаңа түстер (күлгін) және реңктерді (көк, қызғылт, қою жасыл) бояуды араластыру арқылы шығарады; қазақ ою-өрнектерінің түрлерін біледі;
ою-өрнектермен қазақтың ұлттық киімдерін салады; оюды өз бетінше ойдан салады; ұжыммен бірге жұмыс істейді, міндеттерді өзара келісіп орындайды;
ою-өрнек элементтерін пішіндердің ортасында және шеттеріне салады; қазақ оюларының элементтерін салады және олармен киімдерді,
тұрмыстық заттарды безендіреді; сюжеттік суреттерді салады;
ұжымдық жұмыстарды орындайды, ойдан сурет салады;
суретті бейнелеуде мәнерлі құралдарды, қазақ оюларының элементтерін
қолданады; сурет салуда ұқыптылықты, қауіпсіздікті сақтайды; мүсіндеу бойынша: сазбалшық, ермексаз және пластикалық массадан мүсіндеу ерекшеліктерін
біледі; шынайы бейнесіне қарап және ойдан пішіндері мен өлшемі әртүрлі таныс
заттарды мүсіндейді; қарапайым пропорцияларды сақтай отырып, адам мен жануардың
пішіндерін мүсіндейді; мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолданады;
қазақ халқының түрлі ыдыс-аяқтарын, тұрмыстық заттарын, зергерлік бұйымдарын мүсіндейді және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен безендіреді; біртекті заттардан сюжеттер құрастырады, бірнеше пішінді бір тұғырға
орналастырады; ертегілер мен әңгімелердің мазмұны бойынша сюжеттік композицияларды
құрады; ортақ композиция құру үшін ұжыммен мүсіндеу дағдыларын меңгерген; мүсіндеген заттарымен түрлі ойындар ойнайды; жұмысты ұқыпты орындайды, қауіпсіздік ережелерін сақтайды; жапсыру бойынша:
қайшымен түрлі геометриялық пішіндерді қияды;
таныс немесе ойдан әртүрлі бейнелерді, қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қияды; қазақ халқының тұрмыстық заттарын, киіз үйдің жабдықтарын таниды,
оларды қиып жапсырады, ою-өрнектермен безендіреді; жұмыс тәсілдерін таңдайды және түсіндіреді;
бірнеше бөліктерден бейнелерді құрастырады;
сюжеттік композициялар жасайды, оларды сәнді бөлшектермен
толықтырады; жұмысты жеке және топпен бірлесіп жасайды, топтық жұмыста міндеттерді келісіп атқарады; сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі
заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын береді; шаблондар мен трафареттермен, дайын үлгілермен жұмыс істейді;
геометриялық элементтерден құрастырады, заттарды қазақ ою-
өрнектерімен безендіреді; қайшы мен желімді дұрыс қолданады;
еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтайды; құрастыру бойынша: ұсынылған тақырыпқа, өз бетінше ойдан құрастырады; құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастырады; өзінің құрастырған құрылысын талдау арқылы тиімді конструктивті
шешімдерді табады, оларды құрастыруда қолданады; бейнені кескіні бойынша қияды;
қалдық және табиғи материалдан құрастырады;
көрнекілікке сүйене отырып, елестетуі, ойлауы бойынша қолдан бұйымдар
жасайды; қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарын, киіз үйдің жасауларын, тұрмыстық заттарын, ыдыстарын таниды, олардың қандай материалдан жасалғанын ажыратады; ойынға қажетті құрылысты бірлесіп ойдан құрастырады, жұмысты бірге
келісіп орындайды, дайын құрылыспен ойнайды; ұжыммен бірге жұмыс істейді; жазық қағаз пішіндерді көлемді пішіндерге өзгертеді; жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтайды; музыка бойынша:
музыкаға қызығушылық пен сүйіспеншілік танытады;
музыкалық шығармаларға көзқарасын білдіреді, оның сипаты, мазмұны
туралы айтады; қарапайым музыкалық жанрларды ажыратады (күй, ән, би, марш); әннің басында, музыкалық фразалардың арасында тыныс алуды біледі, бірінші октаваның «ре» екінші октаваның «до» диапазонында жеңіл дауыспен ән айтады; әннің сөзін анық айтады, музыка сипатын қабылдайды және жеткізеді; шығарманың жеке фрагменттерін (кіріспе, қайырмасы, соңы) ажырата
алады; қазақ халқының күйші, композиторларын біледі;
таныс әндерді өз бетінше музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз
орындайды; әртүрлі сипаттағы әндерді өз бетінше және шығармашылықпен
орындайды; музыкалық аспаптарда қарапайым әуендерді ойнайды;
марш сипатын анық ырғақты жүрумен, музыканың қимыл сипатын – жеңіл
және орташа (жоғары-төмен) ырғақпен береді; заттармен қимылдар жасайды, сюжетті ойындарды сахналайды; музыканың сипатына сәйкес қимылдарды орындайды;
балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнаудың қарапайым
дағдыларын меңгерген.
281. Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру балалардың қызығушылықтары ескеріле отырып, шағын топтармен ұйымдастырылады және кезектестіріліп өткізіледі. 282. Сурет салу.
Заттардың, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін өзіне тән ерекшеліктерімен салу, сюжеттерде қарапайым мағыналы байланыстарымен ондағы заттардың арасындағы кеңістіктік қатынастарды жеткізе білу.
Парақта кеңістіктегі заттардың қалпын беру, заттардың жазықтықта әртүрлі орналасуы мүмкін екендігін түсіндіру (тұрады, жатады және қалпын өзгерте алады), тірі табиғат заттарының бейнелерін күрделі емес қимылдар мен қалыптар арқылы беру (өсімдіктер, жануарлар, құстар).
Заттардың пішіндеріне, бөліктердің салыстырмалы өлшеміне және олардың орналасуына сүйене отырып, түстер мен олардың реңктерін беру, негізгі пішінді, заттар мен олардың бөліктерінің пропорцияларын мәнерлеп жеткізе білу, түстерді өз қалауы бойынша таңдау.
Бояулармен жұмыс жасауды жетілдіру (бояғышта акварельді сумен араластыру, қажетті түсті алу), қанық түстер алу үшін қарындашты түрліше басып бояу, бейнелеу, түсті қанық беру үшін қағаздың фонын таңдау және бояуларды үйлестіру, өз жұмысының нәтижелерін бағалау.
Бейнелеу әдістерін (штрихтар, бояуларды араластырып, кляксография, жіппен) қолдану.
Жаңа түстер (күлгін) және реңктерді (көк, қызғылт, қою жасыл) бояуды араластыру арқылы шығару (гуашпен сурет салу кезінде).
Түзу, ирек, жіңішке, жалпақ сызықтарды, түрлі көлемдегі дөңгелектерді, жақпаларды, нүктелерді ырғақты орналастыра отырып, қарапайым пішінді өрнектерді құрастыра білуді бекіту, түрлі өлшемді өрнектерді біріктіру, ақ және түрлі-түсті фондарды қолдана отырып, түсті таңдау.
Қазақ ою-өрнектерінің түрлері («түйетабан», «құсқанаты», «құстұмсық», «жапырақ», «жауқазын», «жетігүл», «жұлдызгүл») туралы түсінігін кеңейту, өзіне тән элементтерді пайдалана отырып, оларды құрастыра білуін дамыту. Қазақ ою-өрнектерінің сипатын, колоритін жеткізе отырып, көлемді пішіндерді бояу, парақтың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажырату, тік сызықтардың әртүрлі үйлесуімен құрылған қазақ ою-өрнегінің элементтерін салу.
Ою-өрнектермен қазақтың ұлттық киімдерін (орамал, шапан, қамзол) салу, оларды пішіндердің ортасында және шеттерінде орналастыру. Ою-өрнекті өз бетінше ойдан салуға мүмкіндік беру. Ұжыммен бірге жұмыс істеу, міндеттерді өзара келісіп орындау, салынған суретпен түрлі ойындар ойнау.
Суретті қарапайым қаламның көмегімен жеңіл ырғақпен үстінен қатты баспай бейненің сұлбасын салу, бірнеше заттардың өлшеміндегі айырмашылықтарды беру, геометриялық пішіндегі заттарды салу.
Бояумен сурет салу кезінде қылқаламды бояуға батыру, қағазға жуан сызықтарды сызарда қылқаламды көлденең, ал жіңішке сызықтар мен нүктелерді сызу үшін тігінен ұстап, суреттерді бояғанда бір бағытта солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай, қиғашынан жүргізу.
Балалардың суретте қарапайым сюжеттерді: әлеуметтік оқиғаларды, қоршаған өмірдегі оқиғаларды, мерекелерді, адамдардың еңбегін, ертегілердің, өлеңдердің, әндердің желісін жеткізе білуін жетілдіру.
Қазақ халқының өмірін, еңбегін, тұрмысын көрсете отырып, қазақ ертегілерінің желісі бойынша сурет салу. Ұжымдық жұмыстарға, өз бетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру.
283. Мүсіндеу.
Сазбалшық, ермексаз және пластикалық массадан мүсіндеудің ерекшеліктерін білу.
Шынайы бейнесіне қарап және ойдан пішіндері мен өлшемі әртүрлі таныс заттарды: көгөністерді, жемістерді, ойыншықтарды, ыдыстарды мүсіндеу, оларға тән ерекшеліктерді беру, қолдың және саусақтардың қимылдарын жетілдіру, қарапайым пропорцияларды сақтай отырып, адам мен жануардың пішіндерін мүсіндеу.
Бақылаған заттың бейнесін бере білу, затты әртүрлі қалыптарда мүсіндеу, пішіннің бетін дымқыл шүберекпен тегістеу және кескішті пайдалану.
Адамның бейнесін, жануарлардың қимылдарын, қол-аяқтардың қалпын дұрыс мүсіндеу. Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу, бөліктердің салыстырмалы көлемдерін сақтау, мүсінделген пішіндердің бөліктерін бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеу.
Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасау). Затқа қарап мүсіндеуде ойыншықтарды, пішіні шағын мүсіндерді, халық шеберлерінің бұйымдарын қолдану.
Қазақ халқының түрлі ыдыс-аяқтарын (қазан, астау, табақ, тостаған, керсен, ожау, күбі торсық), тұрмыстық заттарын (керует, үстел, ер-тұрман, ошақ, кебеже, диірмен), зергерлік бұйымдарымен (білезік, сырға, сақина, тұмар, шашбау), туған өлкедегі мәдени мұра ескерткіштерімен таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән) безендіру, жұмыс барысында әртүрлі пішінді кескіштерді қолдану, олардың бетіне бедерлер жасау.
Біртекті заттардан сюжеттер құру, бірнеше пішінді бір тұғырға орналастыру, сюжеттерде пішіннің, қимылдың ерекшеліктерін жеткізе білу, кейіпкерлердің өзіне тән бөлшектерін мүсіндеу, композицияларды қосымша заттар мен элементтердің көмегімен көркемдеп жеткізу. Ертегілер мен әңгімелердің мазмұны бойынша сюжеттік композицияларды құру дағдыларын жетілдіру.
Ойдан өз бетінше мүсіндеуге, ұжымдық жұмыстарды орындауға баулу. Мүсіндеген заттарымен түрлі ойындар ойнау.
Жұмысты ұқыпты орындау, заттарды жинау, қауіпсіздік ережелерін сақтау.