Файл: азастан Республикасы Оуаарту министріні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 397

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Музыкамен жүруге, қарапайым би қимылдарын көрсетуге (аяқты топылдату, аяқтан аяққа ауысу, қол шапалақтау, сылдырмақты сылдырлату) үйрету.

Ойындарда кейіпкерлердің қимылдарын (құс, аю, қоян) көрсетуге ынталандыру.

  1. Музыка (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).

Балалардың музыканы есте сақтауын дамыту, таныс музыкалық шығарманы көтеріңкі көңіл-күймен қабылдауға баулу, оны соңына дейін тыңдауға үйрету.

Музыка тыңдау.

Әннің әуені мен сөздерін тыңдау, музыкалық шығарманы, көңілді және баяу сипаттағы әндерді эмоционалды қабылдау.

Ән айту.

Айналадағы дыбыстарға еліктеу арқылы ән айтуға қызығушылықты ояту (мысалы: мысық мияулайды, ара ызыңдайды). Ән айту кезінде балаларды белсенділік танытуға ынталандыру, ересектің орындауындағы әннің сөздерін бірге қосылып айту (дыбыстарға еліктеу, сөз тіркестерін қайталау).

Музыкалық ырғақты-қимылдар.

Музыкамен жүру, жүгіру, заттармен қарапайым қимылдар орындау:

жалаушаны жоғары көтеру, оларды желбірету, сылдырмақты сылдырлату, ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым би қимылдарын орындау.

Қимылдарды ойын әрекеттерінде қайталау, оларды дыбыстармен және сөздермен сүйемелдеу.

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.

Қоңырау, сылдырмақ, асатаяқ аспаптарын сылдырлатып ойнауға (қаттыақырын сылдырлату) үйрету. Барабан және ағаш қасықтарды соғып ойнау.

5-параграф. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру



  1. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.

  2. Мақсаты әртүрлі өмірлік және ойын жағдаяттарында әлеуметтік қатынастар жүйесіне ену негізінде баланың әлеуметтік тәжірибесін, жеке қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

  3. Міндеттері:

балалардың қоршаған ортамен танысуына, бейімделуіне, ересектермен

және құрдастарымен мейірімді қарым-қатынас орнатуына жағдай жасау; баланың өз отбасының мүшесі екенін сезінуіне ықпал ету;

қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстары жайлы бастапқы

түсініктерді қалыптастыру; тіршілік иелерін бақылау және оларға қамқорлық жасауға баулу; балаларды әлеуметтендіру үшін икемді дамытушы заттық-кеңістіктік орта

құру; баланы әрекет түрлеріне, ойын арқылы өзіне - өзі қызмет көрсетуге,


адамгершілік құндылықтарға баулу; айналасындағы заттық ортаға қызығушылықты қалыптастыру; мінез-құлық мәдениетінің қарапайым дағдыларын (амандасу, қоштасу, алғыс айту), құрдастарымен өзара әрекеттің бастапқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.

51. Күтілетін нәтижелер: фотосуреттерден өзін таниды; өзіне жақын адамдарға күлімсірейді, басын изейді, қолын бұлғайды; қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстарына қызығушылық

танытады; сумен, құммен ойнайды; гүлдеп тұрған өсімдікке қызығушылық танытады; жануарларға қызығады, олардың дауыстарын салады; өзіне жақын отбасы мүшелерін таниды,

ересектердің дауысын тыңдайды, олардың қимылдарына еліктейді, оған көмекке жүгінеді; мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын меңгерген: амандасады,

қоштасады, алғыс айтады; құрдастарына және ересектерге мейірімділік танытады;

қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстарына қызығушылық

танытады; өлі табиғат заттарын (су, құм, тас) біледі; гүлдеп тұрған өсімдікті бақылайды және оның бөліктерін көрсетеді; кейбір көгөністер мен жемістердің шынайы өзін, суретін таниды және

атайды; қоршаған ортадағы жануарларға, құстарға қызығады, олардың дене

бөліктерін көрсетеді, дауыстарын салады, қимылдарын ойындарда қайталайды; өсімдіктер мен жануарларға қызығушылық танытады, оларға қамқор

болуға тырысады;

«болады», «болмайды», «қауіпті» сөздерінің мағынасын түсінеді; серуенде қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерін сақтайды.

  1. Қоршаған ортамен таныстыру.

  2. 1 жастан 1 жас 6 айға дейін.

Баланың өзіне деген қызығушылығын қалыптастыру. Фотосуреттерден өзін, құрдастарын тану. Өзіне жақын ересектер мен құрдастарына жағымды қарым-қатынас таныту (күлімсіреу, басын изеу, қолын бұлғау).

Қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстарына қызығушылықты ояту. Өлі табиғат заттарымен (су, құм, тас) таныстыру, олармен әрекет етуді көрсету (сумен жуыну, құммен ойнау, тастарды жинау).

Гүлдеп тұрған өсімдікті бақылау, оның бөліктерін (гүл, жапырақ) көрсету.

Қоршаған ортадағы жануарларды көрсету, олардың дауыстарын (қозы - мәәә, бұзау - мөөө, мысық - мияу, ит – аб-аб) келтіру.

Өсімдіктер мен жануарларға деген қызығушылықтарын ояту, оларға қамқор болуға баулу.

54. 1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін.

Ата-анасы мен өзіне жақын отбасы мүшелерін (анасы, әкесі, ағасы, апасы, әжесі, атасы) тану, қоршаған кеңістікті (бөлме – пәтер, үй – кіреберіс, аулабалалар алаңы) бағдарлау, күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын заттарды тану.



Ересектермен (дауысын тыңдау, қимылына еліктеу, одан көмек сұрау) және құрдастарымен (әрекетін бақылау, ойнап отырған құрдасының жанына бару, ойыншықтарын алмастыру, өзара келісім бойынша оларды тартып алмай, сұрап алу) өзара әрекет етуге баулу, балалар мен ересектердің бірлескен ойындарына жағдай жасау (доппен, құммен, сумен ойнау).

Мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру: амандасу, қоштасу, алғыс айту. Баланың құрдастарына деген мейірімді қарым-қатынасын үлгі ету. Жанашырлық пен елгезектік танытуға баулу.

Құрдастары мен айналасындағы ересектердің көңіл-күйіне сәйкес жауап

беру (күлімсіреу – қуаныш, жылау – реніш).

Өлі табиғат заттарының қасиеттерін (су, құм, тас) ойын арқылы түсіну (суды құю, төгу, шашу, құмды салу, шашу, жинау, мүсіндеу, тасты жинау, қалау).

Табиғаттағы ауа-райы құбылыстарын бақылау (жаңбыр, жел, күннің жарқырауы, қар).

Көгөністер (қызанақ, қияр, сәбіз) мен жемістердің (алма, алмұрт, шие, өрік) сыртқы түрін тану және атауларын білу. Өсімдіктердің (ағаш, жапырақ, гүл) өзін немесе оларды суретінен тану және атау.

Қоршаған ортадағы жануарларға (лақ, бота, құлын), құстарға (тауық, үйрек, қаз) қызығушылықты ояту, олардың дене бөліктерін (басы, көздері, құлақтары, құйрығы, аяқтары, қанаттары) табу, дауыстарын салу, қимылдарын бақылау, қимылдарды ойындарда қайталау.

Серуенде қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерімен таныстыру (өсімдіктерді, бөгде және лас заттарды ұстамау, ауызға салмау, сондай-ақ құммен және сумен ойындарда лас суды ішпеу және төкпеу, құмды, топырақты шашпау).

Өсімдіктер мен жануарларға деген қызығушығын дамыту, оларға қамқор болуға баулу.

Айналасындағы заттармен қауіпсіз әрекет ету ережелерімен таныстыру, «болады – болмайды», «қауіпті» сөздерінің мағынасын түсіндіру.

2-тарау. Кіші топ (2 жастағы балалар)

1-параграф. Физикалық қасиеттерді дамыту



  1. Физикалық дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.

  2. Мақсаты денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың физикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және негізгі қимыл түрлерін жетілдіру болып табылады.

  3. Міндеттері:

негізгі қимыл түрлерін жетілдіру: жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, секіру,

тепе-теңдік сақтау; жалпы дамытушы жаттығуларды, ұлттық, қимылды, саусақпен ойналатын ойындарды, шынықтыру шараларын қолдану арқылы балалардың денсаулығын нығайту; салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру және


құрдастарымен бірлесіп әрекет етуге дайындау.

  1. Күтілетін нәтижелер:

әртүрлі бағытта және берілген бағытта шеңбер бойымен қолдарын әртүрлі

қалыпта ұстап жүреді; шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгертіп жүреді;

белгі бойынша тоқтап жүреді; жүруде тепе-теңдікті сақтайды; заттардың бойымен, астымен еңбектейді; ересектермен бірге дене жаттығуларын орындай алады; спорттық жаттығуларды орындау техникасын біледі; шананы жібінен сүйретеді, ойыншықтарды шанамен сырғанатады; допты нысанаға лақтырады; доптарды заттардың арасымен, бір-біріне домалатады; жеке гигиенаның бастапқы дағдыларын меңгерген;

шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады; қимылды ойындарды қуана ойнайды; қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіреді; бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындайды;

бетін, қолдарын өз бетінше жуады; жеке заттарды қолданады; белгілі бір ретпен киінеді және шешінеді; үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын біледі.

  1. Дене шынықтыру.

  2. Негізгі қимылдар.

Жүру. Әртүрлі бағытта және берілген бағытта шеңбер бойымен, қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап, бір-бірінің қолдарынан ұстап, аяқтың ұшымен жүру, шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап, иректелген лентаның бойымен жүру.

Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Тура жолмен, сызықтармен шектелген (ені 20-25 сантиметр, ұзындығы 2-2,5 метр) жіптің бойымен, гимнастикалық скамейканың үстімен жүру, заттарға шығу (гимнастикалық скамейкаға, жұмсақ модульге): тұру, қолдарын жоғары көтеру, түсу; заттардан (биіктігі 10-15 сантиметр): құрсаудан құрсауға аттап өту; тақтайдың үстімен 20 сантиметр арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергілерден (ленталардан, текшелерден және тағы басқа) аттап жүру, орнында баяу айналу.

Жүгіру. Бірқалыпты, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20 метр дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру; бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 секунд бойына тоқтамай жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.

Еңбектеу, өрмелеу. Шектеулі жазықтың, көлбеу тақтайдың бойымен, доғаның, гимнастикалық скамейканың астынан, әртүрлі заттардың: арқанның астынан нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Биіктігі 10 сантиметр, ауданы 50 х 50 сантиметр модульге өрмелеу.

Домалату, лақтыру. Екі қолмен, әртүрлі тәсілдермен әртүрлі бастапқы қалыпта 0,5-1,5 метр арақашықтықтағы нысанаға (төмен, жоғары) лақтыру; отырып және тұрып, түрлі заттардың астынан 0,5-1,5 метр арақашықтыққа доптарды домалату, доптарды бір-біріне домалату.