Файл: Таырыбы Дені сауды жаны сау. Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: Дені саудың – жаны сау.
Мақсаты:

Білімділік: Балалардың денсаулық ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі манызын түсіндіру;

Дамытушылық: Денсаулығын күту, іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Денсаулықты күтуге, қадірлеуге  тәрбиелеу.

Түзетушілік: Дыбыстарын түзетіп отыру.

 

Көрнекілігі: қима қағаздар, суреттер,нақыл сөздер, маркер, магнит.

Меңгерілетін сөздер: Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі. Дені саудың, жаны сау. Денсаулық – зор байлық.
Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті

  • Бүгінгі тәрбие сағатымыз көңілді өту үшін көңіл-күйімізді көтеретін жаттығудан бастайық.

  • Балалар, кезекпен барлық адамзатқа жақсы денсаулыққа арналған тілектер айтайықшы:

Мысалы: Денсаулық - адамның басты байлығы, сондықтан денсаулықты сақтай білейік. Күлкі - адам өмірін ұзартады, ешқашан жүзімізден күлкі кетпесін. Көңіл - күйіміз әрқашан көтеріңкі болсын.

  • Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.

 

2. Әңгімелесу.

-«Таза жүру өмірде» дегенді қалай түсінесіңдер?

-Адамның денсаулығын сақтауға кім жауапты? Неге?

-Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіңдер?

-Салауатты өмір сүруге не кедергі болады?

-Өз бойыңдағы жағымсыз әдеттерден арылу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
3. Жаңа ақпарат.

  • Дені сау, жан-жақты дамыған жаны сұлу адам мәнді де салауатты ғұмыр кешеді. Адам тән сұлулығын жан сұлулығымен  үйлестіргенде ғана өмірлік мақсатына жете алады. Адам өз денсаулығын сақтап, ішкі жан дүниесін дамыту үшін өмір бойы белсенділік танытуы қажет.


1-нұсқа

Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар.

1.Қоршаған орта ластығы. (күн,ауа,су,топырақ , т.б,)

2.Дұрыс тамақтанбау.

3.Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.

4.Зиянды заттарды қабылдау.

5.Тазалықты сақтамау.

6.Отбасындағы кері жағдайлар.

7.Адамда стресс жағдайларының жиі болуы


2-нұсқа

Денсаулыққа дұрыс әсер ететін факторлар.


1.Дұрыс тамақтану.

2.Қоршаған орта тазалығы. (күн,ауа,су,топырақ, т.б.)

3.Дене шынықтыру.

4.Зиянды заттарды қабылдамау.

5.Жеке бастың тазалығын сақтау.

6.Қоршаған ортаға, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.

7.Эмоциялардың оң болуы.Үйдегі дене еңбегінің дұрыстығы.

 

4. Ойын – жаттығу: « Пайдалы – зиянды »

Қазір бірнеше жағдаят айтамын, денсаулыққа пайдалы болса, шапалақтаймыз, зиянды болса, аяғымызды жерге ұрып, ойға алмайтындығымызды көрсетеміз.

  • Бала жаттығулар жасаса;

  • Бала ағашқа өрмелесе;

  • Бала ауыр заттарды көтерсе;

  • Бала басқа баланы итеріп жіберсе;

  • Бала сіріңкемен ойнаса;

  • Бала терезені сындыратын болса;

  • Бала қолын жуса;

  • Бала күнге қыздырынса;

  • Бала  балмұздақты көп жесе;

  • Бала балаларға қарай жөтелсе;

  • Бала тамақ үстінде күлсе;

  • Бала табиғи суға шомылса;

  • Рахмет. Сонымен денсаулықтың тағы бір құпиясы – зиянды әрекеттерді

жасамау, пайдалы әрекеттер жасау.
5. Сөзжұмбақ. «Денсаулық»

1. Дені саудың – жаны жау.

2. Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

3. Шынықсаң шымыр боласың.

4. Спорт – денсаулық кепілі.

5. Ас – адамның арқауы.

6. Жаны саудың – тәні сау.

7. Лас адам кіршіл.

8. Жарлының байлығы — денінің саулығы.

9. Бірінші байлық денсаулық.
6. Қорытындылау:

Денсаулық – адам баласының ең құнды игілігінің бірі. Денсаулықты сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың, ниетің таза болуы керек. Адамның жан тазалығы денсаулығына әсер етеді. Сабыр мен сенім, мейірімділік пен сүйіспеншілік адам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді. Денсаулығың жақсы болса, көңіл күй де көтеріңкі болады.