Файл: Блім 10блім Кбею.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың тақырыбы:Митоз. Мейоз. Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы.


Бөлім:

10-бөлім Көбею

Педагогтің аты-жөні:

Адилова Хадича

Күні:

29.03.2022ж

Сыныбы: 8-А

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Митоз. Мейоз. Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.2.2.1 тірі ағзалардың тіршілік әрекетіндегі митоз бен мейоздың маңызын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар мейоз бен митозды біледі.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Шаттық шеңбері» бір-біріне жақсы тілектер айту.«смартбейдж» арқылы 3 топқа топтастыру.

  1. топ: митоз

  2. топ: мейоз

  3. топ: амитоз

Бүгінгі сабақтың тақырыбымен, мақсатымен критериймен таныстыру.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Тітіркендіргішке жауап беруіне қарай рецепторларды қанша түрге бөлеміз? Және оларды атаңыз?

2.Терморецеоторлар деген не?

3.Механорецепторлар дегеніміз не?

4.Ноцицепторлар дегеніміз не?

5.Теріден тыс рецепторларға анықтама беріңіз
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

1-тапсырма:

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.

Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

1. Ағзалардың көбею жолдары мен жасушалардың бөліну түрлерінің

арасында қандай байланыс бар екенін анық тайды.
2. Митоз бен мейоз нәтижелерін салыстырады..
3. Жасушаларда хромосомалардың белгілі бір гаплоидты және диплоидты жиынтықтарының түзілу себептерін түсіндіреді

.

4. Суретке мұқият қарайды. Қай сызбада митоз, қайсысында мейоз

бейнеленгенін анықтайды. Бос орынға жетіспей тұрған санды

жазады



Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

-тапсырмаға анықтама береді

-сипаттайды


8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері




2 тапсырма:


«Қос жазба» әдісі термин сөздерді жазып оларға түсініктеме беріңіз.


Терминдер

Түсініктеме




























Дескриптор: Жалпы – 4 балл.

Митоз және мейоз үдерісіндегі терминдерге анықтама береді
Қ.б: Бас бармақ арқылы

8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері




3-тапсырма:


«Схемамен жұмыс» әдісі. Схемадан митоз бен мейоздың айырмашылығын анықтап, бөліну сатыларын ретімен ата. Ондағы өзгерістерді түсіндіріңдер.



Жалпы - 3балл.Дескриптор:

-Митоз бен мейоз айырмашылығын анықтайды

-Бөліну сатыларын ретімен атайды

Хромосомалардың өзгерісін талдап, түсіндіреді
Қ.б: Бағдаршам

8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері




№4 тапсырма:

«Биологиялық диктант» әдісі. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңдар.

  1. Мейоз процесі ..... кезеңнен тұрады

  2. Мейоз мына фазалар арқылы жүзеге асады: профаза, ......., анафаза және......

  3. Мейоздың екінші бөлінуіндегі жасуша .....

  4. Аталық жыныс жасушаларын ........, ал аналық жыныс жасушаларын ....... деп атайды




Дескриптор:

  • Көп нүктенің орнына тиісті сөзді дұрыс қояды

  • Мейоз туралы мағлұматтарды біледі

Қ.б: Бағдаршам

8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.




«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі.

1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.




Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2: